«Ит және оның кішкентай күшіктері» ұйымдастырылған оқу қызметі

0
4199
Дене шынықтыру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспект-жоспары

Тақырыбы: «Ит және оның кішкентай күшіктері»

Тобы: «Құлыншақ»

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

Білімділік:.Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру.(Педагог үлгісі бойынша)

Дамытушылық: Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекіліктер: Мнемокесте ,қалташаларда қиылған суреттер, желім, губкадан қиылған сүйектер,

Билингвальды компонент: ит-собака-dog, күшік-щенок-puppy, күшіктер-щенки-puppys

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жуап,түсіндіру, әңгіме құрастыру

Кіріспе: — Балалар көңіл-күйлерің қалай?

— Бүгін бөбекжайға кіммен келдіңдер?

— Қандай жыл мезгілі?

— Бүгін ауа-райы қандай?

-Ал, осы айдың өтпелі тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

Әрдайым осылай күн жарықырап тұрсын

— Енді көңілді өлең шумағын айтып , шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері

Бақыт толы шеңберге,

Шаттық толы шеңберге,

Қол ұстасып келдік біз,

Доспыз енді бәріміз.

Достарымның барлығын,

Сыйлап жақсы көремін,

Алақаным арқылы,

Жылуымды беремін!

-Жақсы балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болады.

-Бүгін,сендер оқу қызметін менімен бірге өздерің өткізіп, жаңа тақырыпты қонақтарға түсіндіресіңдер.

Билингвальды компонент: ит-собака-dog, күшік-щенок-puppy, күшіктер-щенки-puppys

Негізгі: -Балалар, жануарлардың қандай түрлері болады?

-Дұрыс айтасыңдар, орман және үй жануарлары болады екен.

-Енді экранға назар аударайық

— Нелерді көріп тұрсыңдар?

— Енді осы жанаурларды атаңдаршы?

(балалар бәрін атайды)

— Енді, мұқият қараңдаршы, қандай жануар жетіспейді?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің суреті жоқ

-Итте үй жануарына жатады

— Сонда біздің бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы :«Ит және оның кішкентай күшіктері» деп аталады

Біз мына сөздерді бүгін көп айтамыз:

Билингвальды компонент: ит-собака-dog, күшік-щенок-puppy, күшіктер-щенки-puppys

— Балалар, ит үй жануары, оның балсын күшік дейміз.

-балалар сендер, «Ит және оның күшіктері» тақырыбында әңгіме құрастыру керекпіз.

— Мына жерде қалташалар тұр екен. Бұның ішінде суреттер бар екен, сол суреттерді мына ақ қағазға жапсырыңдар. Сосын сол сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар. Бұл тапсырманы топ-топ болып бөлініп істейміз.

Мнемокесте бойынша әңгіме құрастырады:

1 . Ит үй жануары

2, Иттің баласын күшік дейміз.

3. Ит сүйек жегенді жақсы көреді.

4. Ит пен күшік үйшікте тұрады.

— Өте жақсы, балалар. Сендер ит және күшік туралы жақсы әңгімеледіңдер.

-шаршаған боларсыңдар, енді өздерің бір сергіп демалыңдар.

Сергіту сәті:

Күшігім менің үріп тұр ав-ав-ав,

Бір нәрсені сезіп тұр ав-ав-ав.

Есік ашып қарасам,

Атам-әжем келіп тұр ав-ав-ав!

— Балалар мына жерде ит пен күшіктер отыр екен, енді оларға үйшік құрастырып бересіңдер ме?

(қиылған қағаздардан үйшік құрастырады)

Құрастыру тақтаға үйшіктер құрастырады.

-Жақсы әдемі үйшіктер құрастырдыңдар. Ит пен күшіктер қуанып қалды.

— Балалар қараңдар мына жерде не тұр.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Бұл ит пен күшіктер жақсы көретін сүйектер екен.

-Енді, осы сүйектер мен бір ойын ойнайқ

Дид ойын: «Сүйектерді бөліп бер»

Шарты: ортада тұрған сүйектерді көлеміне қарай ит пен күшіктерге бөліп береді.

— ойынды да жақсы ойнадыңдар, балалар сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

— Менің де сендеге дайынаған сыйлығым бар.

( балаларға сүйек сияқты қиылған қағаздың ішінде кәмпиттер беру)

Қорытынды: Сонымен балалар, сендер не туралы әңгіме құрдыңдар.

-Мына сурет қарап құрастырған әңгімелеріңді еске түсіріп, бір қайталап жіберіңдерші.

— Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Арайлым Калмаганбетова

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ