Сабақ оқуға зейінді қалай арттырамыз?

0
1179

Мектепте немесе жоғары оқу орындарда оқу үлгеріміңіз жақсы болғанын қаласаңыз, берілген тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Алайда күнделікті өмірде үйдің тірлігі немесе ұялы телефонның әсерінен кітаптың бетін ашқымыз келмейді. Бұл секілді жағдайларда не істесек болады? Зейінді қалай арттырамыз?

  1. Өзіңізге ыңғайлы, ешкім кедергі келтірмейтін, оқуға арналған арнайы орныңыз болсын. Жерде немесе диван, төсек үстінде сабақ оқу, біріншіден, денсаулыққа зиян. Екіншіден, ойыңыз бөліне беретін болады. Ең дұрысы, арнайы оқуға арналған стол үстінде сабақ оқуыңыз. Және де ойыңызды бөлетін заттардың жаныңызда болмауын қадағалаңыз. Мысалы, телефон, телевизор т.б.
  2. Сабаққа кіріспес бұрын барлық қажетті материалдарды дайындап қойыңыз. Сабақ орындап жатып қаламсап немесе дәптер іздеуіңіз, біріншіден, уақытыңызды алады. Екіншіден, ойыңызды бөліп, сабақтан тосып қалуы мүмкін.
  3. Алдыңызға жүрек жалғайтын тіскебасар қойып қойыңыз. Оның міндетті түрде тамақ болуы шарт емес. Мысалы, жеміс-жидектер немесе кептірілген жемістер өте пайдалы.
  4. Үзіліс жариялап тұрыңыз. Сағаттап кітаптан көз алмау адамды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан арасында өзіңізге үзіліс жариялап тұрыңыз. Мысалыға, 5о минутыңызда сабаққа бөлсеңіз, 1о минут демалып алыңыз.
  5. Өлең тыңдамаңыз. Сабақты өлең қосып орындау, миға үлкен зақым тигізеді. Және де сіздің назарыңыз екіге бөлінгендіктен (өлеңге және сабаққа), жұмысыңыздың нәтижесі шала болып шығады. Өзіңіз байқамай, қателерді жіберіп отырасыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ