Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы

0
1480
Freepik.com

Сабақтас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылымына қарай түрлерге бөлінеді. Тіл білімі олардың құрылымдық белгісі ретінде конструкцияны ұйымдастыруға қатысқан грамматикалық амалдарды ескереді.

Сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысып, оған грамматикалық форма беретін амалдар көп. Солардың қатарында басты қызмет атқаратын – бағыныңқының баяндауышының құрамына қатысатын негізгі тұлға.

Негізгі тұлғалар бағыңқының баяндауышын жасауға жалаң түрде қатысады (-п, -ып, -іп, -а, -е, -й, -стын т.б.), сонымен бірге үстеме қосымшаларды жалғап қатысатыны (-сам, — саң, — ғанда, — ған соң, — ысы мен т.б.) бар.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер осы аталған негізгі грамматикалық тұлғалардың қатысуына қарай мына түрлерге бөлінеді.

  1. Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.
  2. Етістікті есімше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.
  3. Етістіктің шартты рай формасының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.
  4. Етістіктің қимыл есім формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің әр грамматикалық түрі көп мағыналық қатынасты білдіреді. Сабақтастың компоненттерін байланыстыратын грамматикалық форма бастапқы мағынасын дамытып, қосымша  мағынаға ие болып жатады.

Осы себептен аталған түрлер мағына, атқаратын қызметі жағынан бірімен-бірі ұласады. Бұл заңды процесс. Және ол тілдің орнықтылығын, икемділігін, сөздің талғау, таңдау потенциалын күшейтеді.

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал:

  1. Синтаксис пәні, оның зерттеу объектісі: сөз тіркесі, сөйлем, синтаксистік тұтастық
  2. Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер
  3. Баяндауышқа тән белгілер, баяндауыш түрлері, жасалу жолдары, логикалық баяндауыш ұғымы
  4. Сөйлемге тән белгі. Пікір мен сөйлемнің арақатынасы
  5. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  6. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  8. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  9. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер және оның грамматикалық-мағыналық түрлері
  12. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ