Сабақты зерттеу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2
10084
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Сабақты зерттеу бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі болып табылады (Пит Дадли, 2015). Бұл тәсіл «сабақ жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын өткізу, сабақтан кейінгі талқылау үдерістерін қамти» (Т. Чичибу, 2013) отырып, «оқыту

мен оқу тәжірибесін жетілдіруді, соның нәтижесінде түпкі мақсат – оқушылардың оқу үлгерімін арттыруды» (Б. Ғабдоллақызы, 2015) көздейді.

«Зерттеу сабағын жоспарлау»

• Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, бұған

дейін өткізілген сабақтар мен зерттеулерді зерделеу, мүмкін болса, осы салада

тәжірибелі адамдардан кеңес алу. Егер сізге оқушының ойлау үдерісі туралы қосымша ақпарат қажет болса, ондай ақпаратты жинау үшін зерттеу сабағының алдында «лас сабақ» өткізе алады («лас сабақ» дегеніміз арнайы жоспарланбаған сабақ).

• Зерттеу сабағын жоспарлау, сабақ пен тақырып бойынша белгіленген нақты

жоспармен қатар, ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын назарда ұстау қажет.

• Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау үдерісін болжауға, дерек жинауға көмектеседі, сабақтың неліктен дәл осылай құрылымдалып жоспарланғанын негіздеуге және туындаған сұрақтарыңыз бен байқаған/аңғарған мәселелеріңізді жазып алуға мүмкіндік береді.

• Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай дерек жиналуы керектігі көрсетілетін дерек жинау жоспарын әзірлеңіз.

  1. Зерттеу сабағы қай сыныпта өтетінін анықтап алуы;
  2. Зерттеу сабағы барысында қадағаланатын оқушыларды таңдау;
  3. Сабақты қадағалаушы мұғалімдер өзара оқушылардың қайсысын назарға алатынын келісіп алады.
«Зерттеу сабағын өткізу/қадағалау»

• Жоспарланған деректерді жинау.

• Құрылымдалған күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейінгі талқы өткізіледі. Бұл кездесуге үйлестіруші мен хатшы тағайындалады.

• Пікірталас барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады.

• (Қаласаңыз, сабақты қайта қарап, топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен басқа сыныпқа тағы бір сабақ өткізуге болады).

«Оқушылардан сұхбат алу»

Сабақты зерттеу тобы зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша,оны одан да пайдалырақ ету үшін сабақты тағы бір рет өткізілсе, нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін сабақты тағы бір өткізсе, нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін қадалаудағы оқушылармен сұхбаттасады (Дадли, 2013).

«Зерттеу сабағын талқылау»

• Зерттеуден алған білімді бекіту: не үйрендің, не түйдің (пән мазмұнына, оқушының ойлау үдерісіне, оқытуға қатысты және басқа да салаларда). Таныстырылым немесе жазбаша жұмыс ретінде жинақтап, түйіндеу.

• Осы сабақты зерттеу үдерісінде ненің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені

өзгерту қажеттігін талқылау.

Сабақты зерттеу туралы білім алып, мектепке бару барысында мектеп әкімшілігімен дөңгелек үстел жүргіземін. Мектептегі дәл қазіргі таңда іс-тәжірибеде қандай кедергілер бар екенін ортаға сала отырып, басшылықтан уақыт және мұғалімдерді ұйымдастыру жағынан әдістемелік қолдау сұрау.

Басшылықпен бірлескен түрде мұғалімдерден іс-тәжірибесі және сабағындағы оқушыларды өзгерту жөнінде сауалнама алу және сауалнаманы қорытындылай отырып:

1.Зерттеу тақырыбын анықтау және қызығушылығы және нысаналы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінен топ мүшелерін құру

2.Зерттеу тақырыбының аясында зерттеу сұрағын анықтау

3.Топ мүшелерімен бірлесе отырып, сабақтағы іс-әрекетті жүзеге асыру үшін зерттеу сұрағын негізге ала отырып, іске асыру жолдарын нақтылай отырып, қалыпты сабақты, яғни «лас» сабақты бақылау

4.Бірлескен түрде және жан-жақты зерттеу сұрағын негізге ала отырып, сабақ жоспарын жасаймыз.Жоспарлау барысында нысаналы үш деңгейдегі оқушыларды анықтаймыз.

5.Сұрақты негізге ала отырып, сабақтағы іс-әрекетті бақылаймыз. Сабақты бақылау барысында нысанадағы оқушының іс-әрекетін бақылаймыз. Бақылау барысында алдын –ала бақылау парақшасын және бейнебақылауды дұрыс құрылымдап аламыз.

6. Сабақтан соң оқушы үнін алу үшін сұрақтарды тиімді құрастыра отырып, сұхбат жүргіземіз. Оқушыдан алынған сұхбат оқытудағы кедергілерді анықтаудың тиімді жолы болып табылады.

7.Оқушы үнін және бақылау парақшасын, бейнебақылауды, суреттерден деректерді жинақтай отырып сабақтағы іс-әрекетке талдау жасаймыз. Сабақты зерттеу барысында мақсатқа жету жолындағы нақты кедергілерді анықтап, жою жолдарын ортаға салып қайта сабақ жоспарын бірлесе жасаймыз. Зерттеу сабағын қайта жоспарлау арқылы алдыңғы кеткен кемшіліктерді қайта болдырмауға, сонымен қатар, белсенді оқу әдістерінің нысанадағы оқушыларға қалай тиімді әсер ететіндігін нақтылап аламыз.


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ