«Салауатты отбасы-дені сау бала» спорттық ойын-сауық бағдарламасы

0
4565

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту.Шынықтырушараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту; Дәстүрден тыс спорттық жаттығулар мен құралдарын қолдану арқылы дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Семинарға қатысушылар: тәрбиешілер, дене шынықтыру инструкторы, ата- аналар; балалар.

Семинар –практикумның өткізілетін  орны – спортзалы, топта.

Жүргізуші-  Абылгазова Э. Б:

Сәлеметсіздер ме құрметті Ата –Аналар!

«Салауатты отбасы — дені сау бала»  атты семинар-практикумға қош келдіңіздер!

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады», «Қазақстан 2050. Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты биылғы жолдауында «Спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтана білу,жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі» деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.

«Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ». Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.

Мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасының бір бөлігі- денсаулықты нығайту. Бағдарламадағы осы бөлігі назарларыңызға ұсынылады.

Спорт залға спорттық біріңғай киім киген балалар кіреді.

Спорт алаңына балалар

Шақырамын сендерді.

Денің сау, шымыр болсаң

Қыздырайық денені.

Орнымызда тұрмайық

Жаттығуды  бастайық.

Дене шынықтыру инструкторы:

Балалар  аяқтарының ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтеріп жүреді.Тоқтайды.

  1. Жаттығу: Аяқ иық аралығында. Қол белде.

1.Басты төмен түсіру, оңға.

  1. Б. Қ.

3.Cолға. 4. Б. Қ – 6- 8рет.

  1. жаттығу:Аяқ иық аралығында.Қол төменде.

Иықты көтеріп, түсіру- 6-8рет.

  1. жаттығу: Аяқ иық аралығында. Қол төменде.

Оңға, солға еңкею– 6- 8рет.

  1. жаттығу: Аяқ иық аралығында.Қол төменде.

Алдыға еңкею, қол артта– 6- 8рет.

  1. Қол жоғарыда.

1-4- Қолмен тербелу.

5-6-Ақырын отырып тізені құшақтау.

  1. Отыру. Қол артта.

1-тізені бүгу.қолмен тізені құшақтау.

2- Б.Қ.

  1. Лотос позасында отыру. Медитация.1- мин.

Арқаға жату.Көзді жұму. Медитация. 1- мин.

Орындарында отырып нүктелі массаж. Тыныс алу жаттығулары.

Тәрбиеші:

Топта презентация-көрме өткізу.

  1. Дәстүрлі емес спорт құралдарының түрлерін көрсету

(түймелі кілем, кедергі тақтай, тастар, кедыр-бұдыр алашалар, бутылкадан жасалған спорт құралдары, өз қолымен жасалған әртүрлі құралдар, құм салынған дорбалар)

  1. Спорт бұрышын көрсету.
  2. Ұйқыдан оянғанда жасайтын жаттығулар мен тыныс алуға арналған жаттығулардың папкаларын көрсету.

Денсаулық-зор байлық! Ендеше балаларымыздың денсаулығы мықты болу үшін екі жақты бірлесіп жұмыс істеу керек екенін ұмытпайық, Құрметті Ата –аналар!Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ