Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі

0
6788

 \r\n\r\n \r\n\r\nСалыстырмалы құқықтанудың әдістемелерін:\r\n

    \r\n

  1. әдістер туралы ғылым,
  2. \r\n

  3. 2. әдістер жүйесі ретінде қарастыруға болады.
  4. \r\n

\r\nСалыстырмалы құқықтанудың әдістемесі  ғылымға белгілі келесі әдістерге негізделеді:\r\n

    \r\n

  1. жалпы – жеке ғылыми
  2. \r\n

  3. орта ғылыми — жеке құқықтық
  4. \r\n

  5. логикалық.
  6. \r\n

\r\nСалыстырмалы құқықтың негізін салушы Аристотель. Ол грек және варвар қалаларының 158 Конституциясын салыстырған.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтың әдістері синхронды және диахронды болып келеді. «Синхронизировать» — үйлестіру, «Синхронизм»— — екі немесе бірнеше құбылыстардың, процесстердің уақыт жағынан дәл, сәйкес болып шығуы.\r\n\r\nЯғни, синхронды әдіс бір замандағы екі немесе бірнеше құқықтық жүйелердің ұқсас институттарын салыстыру арқылы бүгінгіге және болашаққа түсінік береді.\r\n\r\nДиахрония – белгілі бір уақытта өзгеру, даму эволюциясы. Диахронды әдіс белгілі бір объектіні бұрынғы заманда орын алған ұқсас объектілермен байланыстыра отырып, оған түсініктеме береді.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтанудың әдістері келесі кезеңдерден өтеді:\r\n

    \r\n

  1. салыстырылатын объектілерді жеке-жеке оқып білу;
  2. \r\n

  3. анықталған белгі нышандарын ұқсастық және айырмашылық жағынан салыстыру;
  4. \r\n

  5. нәтижесін бағалау.
  6. \r\n

\r\nСалыстырмалы құқықтанудың әдістемелігі мәселесі. Әдіс — өткенді, осы кезді және болашақты, теориялар мен идеяларды танудың қандай да бір бастапқы принциптеріне негізделген, ғылыми болжамдарды тұжырымдайтын, осының бәрін жеке әдістемеліктер көмегімен оның дәлелдігін тексеретін тәсіл.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтанудағы  басты әдіс – салыстырмалы әдіс болып табылады. Ол ерекшелік пен жалпыламалықты салыстырып көру және ашып көрсету, ғылыми ұғымдарды топтау үшін қажет.\r\n\r\nҚұқықтық және мемлекеттік институттарды салыстыра зерттегенде салыстырудың:\r\n

    \r\n

  1. ұқсастықты растайтын салыстыру;
  2. \r\n

  3. теріске шығарушы салыстыру;
  4. \r\n

  5. қарсы салыстыру тәсілдері қолданылады.
  6. \r\n

\r\nСалыстырмалы құқықтануда тарихи әдіс те кеңінен қолданылады. Ол мемлекеттіліктің және құқықтың белгілі бір немесе өзге де институттарының даму бағытын ашып көрсетуге және белгілі бір мөлшерде оларға болжам жасауға мүмкіндік береді.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтануда қолданылған тағы басқа да әдістер:\r\n

    \r\n

  1. статистикалық (қай институттың тиімді екенін көрсетуге мүмкіндік туғызады);
  2. \r\n

  3. логикалық (талдау жасағанда қолданылады);
  4. \r\n

  5. формальдық (анықтама бергенде);
  6. \r\n

  7. әлеуметтік сараптау (іс жүзінде тексеру, ойша);
  8. \r\n

  9. талдау, синтездеу, болжау т.б.
  10. \r\n

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ