Сауат ашу: «Л, л дыбысы мен әрпі»

0
17077

 Сауат ашу  Ашық сабақ

Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой — өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты — дауыссыз дыбыстарды бір — бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеті Баланың іс — әрекеті

Балалар сендер бір — біріңмен доссыңдар ма?
Ендеше бір — біріңе достық тілектеріңді білдіріңдер.
Жан – жағымызға қарайықшы көптеген қонақтар келіпті.
Амандасу.
Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын «сөз ойла — тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру.
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра — ра келді ұшып ара
Ла — ла араның үсті ала
Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз.
сурет бойынша әңгімелеу
Сергіту сәті. балалармен бірге орындау.
Отырайық, тұрайық, ал балалар, бір ауық, (Орындарынан тұру)

Әріпсырынұғалық,

«А» дегендеотырып, («А» отырады.)

«Б» дегенде тұралық. («Б» тұрады)

«А», «Б»….. «А» «Б»…. (Қайталайды)

Отырыптұртағы да

Тосылыпқалма, осыныұқ!

Қайталайықтағы да, барлығымызқосылып.

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Л Л Л
Ала, тал, ла, ал.
Тал, алдар көсе, гүл, телефон

Дауыссыз дыбыс Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»
1 — ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 — ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу

Бүгін бізге кім келді?
Қандай ертегі ала келіпті?
Л — дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Бүгінгі ұйымдастыру оқу іс – қызметі сендерге ұнады ма?
Жол дорба ұйымдастыру оқу іс – қызметінде жақсы қатысқан балаларға әкелген сыйлығын таратады.
Балаларды мадақтау, бағалау.
Білді: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Игеру: Дауысты — дауыссыз дыбыстарды бір — бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгерді: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді

Тәрбиеші: Махамбетова Т.Б.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ