«Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру»

0
6334
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тақырыбы: «Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру»

Орындаған: Мирамбек Баян

Мақсаты: Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне еңгізу.

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.

Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде, саусақ театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдени-етті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры.

Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын көргенше тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды, балалардың көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен роль атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ:

— Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына  жауапты бөлігіне әсер етеді.

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?!

— Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің ролінде ойнауға тырысады.

— Эмоционалдық дамуына әсер етеді.

Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

— Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі достарындай болып кетеді.

Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ  он актердің жұмысын орындайды.

Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген  сенімі болса керек.

Қуыршақ театры – бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық . Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүперекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп, сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады.

Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне, қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді. Тұйық баланың өзіде мұндайда белсенділік танытуы әбден мүмкін, ал өзі белсенді балаларға өздерін тағы бір көрсетуге мүмкіндік туады.

Міндеттері:
  • театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
  • сөздік қорларын байыту;
  • ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
  • кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
  • байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;

Әдіс-тәсілдер:

  • балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
  • қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
  • қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)
  • ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.

Жұмыстың нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

  • балалар тілі дамиды;
  • сөздік қорлары толығады;
  • байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
  • дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
  • театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ