«Ұшқан ұя» повесі бойынша оқырмандармен кездесу конференциясы

0
2299
Freepik.com

Мақсаты: Ұлы даланың алып ұлы Бауыржан Момышұлыны қазақ даласына, Отанға деген құрмет сезімін тәрбиелеруге, ықпал ету, аталар ерлігін мақтан тұтуға өнегелі істерін жалғастыруға баулу, ұлтжандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Экранда слайд көрсетіліп тұрады «Ұшқан ұя ұлағаты».

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті оқырмандар, ұстаздар! Тұлғасы тұңған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» ұлағатты атты оқырман конференциясына қош келдіңіздер!

Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,

Менде бар, менде ой бар, жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Экранда Ә.Қалдыбаевтың сөзі жазылған слайд көрсетіледі:

«Өзі де, сөзі де өткір батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұңған шығарма».

Кітапханашы:  Құрметті оқырмандар! Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы  әскери  басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Бауыржан Момышұлын әдебиеттің биік тұғырына көтерген, нағыз ұлттық шығарма «Ұшқан ұя» повесі. Бұл кітабы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Жазушы өткен ғасырдың 30 жылын қамтитын үлкен шығарма жазуды жоспарлайды. Алайда ол жүзеге аспаған «Өзі де, сөзі де өткір батыр Бауыржан «Ұшқан ұя» сынды қазақ халқының өмір тынысын кең, қапысыз қамтып, оймақтайдан сақталып ой түйіп, өн бойына өң шындық тұңған шығарма» — деп Ә.Қалдыбаев ағамыз дұрыс баға берген.

«Ұшқан ұя» — Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы. Ол – сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанр жамамаған, «Біздің отбасы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя» деп те атаған екен.

Бауыржанның бұл шығармасы алғаш рет 1956 жылы орыс тілінде Ресейдің Калинин қаласында жарық көрді. Бұл шығарманың ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққан.

«Ұшқан ұяда» автор ерекше мән берген мәселенің бірі – адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Оны Қабылбек пен Текебай би арасындағы дау-дамай арқылы жеткізеді.

Кітапханашы: Балалар, «Ұшқан ұяда» екі бидің дау-дамайын шығарманың қай тұсында байқалады, еске түсіріңдерші!?

Оқушы: Оқушы кітаптан тауып оқып береді:

Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә! – депті. Мына сөзден Қабылбектің қабырғасы сөгіліп, қалбалақтап атынан аунап түседі:

О, текті би Текебай! Сенің баланың айыбынан менің айыбым асып кетті білем. Аға болсаң да сені мен аттан түспей тыңдапппын-ау. Сен кешіремісің мені? Бұл әдепсіздігім бүкіл әулетімізге таңба болатын болды ғой, әттеген-ай. Ат шапан айып сенен емес, менен,ақсақал!- деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты.

Кітапханашы: Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін Әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы – тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін ерекше бір тебіреніспен сүйіспеншілікпен бейнелеген.

Балалар, шығармадағы: — Әй, қара құл!-деп әжесі кімге қарап айтатын еді?

Оқушы:  Балалардың жауабы: Момышқа айтады

Кітапханашы: Әй, қара құл! Мен Құдайдан саған ай көрікті, ай перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса немерелерімді жиіркенбей сүйейін,- деп талап қоюы да еріксіз езу тартқызарлық юморлық стиль. Әуезді әуенмен әлпештеген әже әлдиі де қаламгердің жүрегінде мәңгілік сақталған.

AT технологиясы бойынша «Бесік жыры» тыңдалады

Кітапханашы:  Дала философиясында ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясы да осы қастерлі ұғымды үнемі алға ұстайды. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан.

Үлкендерге амандасу рәсімін меңгерту нәтижесінде олардың аузынан бала Бауыржанға «жақсы азамат, жігіт болып қалыпты» деген көтерме баға берудің өзі тек жақсы болуға жетелеу екенін танытады. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да – тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы.

Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі: «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалаға айырықша мән береді. Орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бола бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктен сақтандырған ескертуіме деп шамалаймын» деп жазған.

Кітапханашы: Халқымыздың ертедегі дәстүрі бойынша әрбір қазақ өзінен бастап жеті атасына дейін жетік білу қажет.

Ата-ана мұны баласының тілі шыққан соң үйретуі парыз саналып, отбасылық тәлім-тәрбиенің әліппесі, негізі болған. Тек ата-анасынан ерте айырылған жетімдер мұндай тәлімнен құр қалған. «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары» деген осындайларға қарата айтылған. Ал әке-шешесі бола тұрып жеті атасын айта алмайтындарды «жеті атасын білмеген – жетесіздік» деп айыптаған.

Әрбір қазақ жеті атасының өмір жолын білу арқылы кем дегенде екі ғасырлық мағлұмат алады, ұрпақ жалғастығының ізі, сүрлеуі сақталады. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер», «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді билер» дегеннің мәні – тамыры үзілмеген бауырластық, қандастық қасиетін айтқанында.

Балалар жеті ата және жеті ұрпақ атауы жайлы не білеміз?

Оқушылар өз жеті атасын таратып айтып береді.

Кітапханашы: Повесте ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміздің көрінісін Үбиянның ұзатылу тойынан аңғарамыз. Автордың балалық көңілмен қабылдаған, өзіне ерекше қызық көрінген «Ұрын келу» салты шығармада мөлдіреп тұнық баяндалған.

Балалар, салт-дәстүрімізде кездесетін «Ұрын келу» салты құда түсу мен тойдың арасында күйеу жігіт қалыңдығының ауылына баратын болған. Бұны қазақта «Ұрын бару» деп атайды.  Жалпы, «Ұрын келу» салтының ерекшелігі күйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару сапары. Қайын жұрт тарапынан бұл сапар “ұрын бару” атанса, осыған байланысты ұйымдастырылған той-думан “ұрын той” атанған. Мұндағы негізгі мақсат — жастардың өзара түсінісіп, үйлену тойына дейін бірін-бірі жақсы білісуіне жағдай жасау.

Кітапханашы: «Ұшқан ұя»  романының басты құдіреті — ұлттық, адами тұрғыда дәуір шындығын, сырын көрсетуді мақсат еткен шығарма . Романдағы адамдардың іс – әрекеттері және жоғары адамгершілік қасиеттері – жас ұрпақтарға үлгі тәрбие беру ісіне жәрдемін тигізеді, жастарды адамгершілікке, отбасы туын жоғары ұстауға насихаттайды, сондықтан да романның тәрбиелік мәні жоғары деп танимыз.

Ұқсас материалдар:

  1. Бауыржан Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» шығармасы («Ұшқан ұя» романынан үзінді)
  2. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  3. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..»
  4. Бауыржан Момышұлы туралы ҰБТ-да кездесетін сұрақтар
  5. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМIРI МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
  6. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
  7. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  8. Бауыржан Момышұлымен ретроспективалық сұхбат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ