Ұшқыр ой мен шешен тіл (оқушыларға арналған сайыс)

0
9999
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл

Мақсаты:— оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын ,   танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға, өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу;

математикалық тапсырмалар мен логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап, 

мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта,  ертегі кейіпкерлерінің суреттері, Төле би портреті, сыйлықтар.

 

Сабақ түрі: аралас  сайыс сабақ

Сабақтың әдістері:сайысу, топпен жұмыс, дәлелдеу, ойлау, жапсырмалау,жүйелі сөйлеу.

Сабақтың өтілуі: (интерактивтік тақтадан көрсетіледі)

Ұйымдастыру кезеңі. 

     Мақсатымыз:

Топпен шешім таба білу;

Жауабымызды толық әрі дұрыс шешендікпен  дәлелдеу;

Шапшаң ойлап, тез жауап беру;

Түрлі тапсырмаларды түсініп, ереже бойынша орындау;

Логикалық тапсырманы тереңнен ойлау;

Барлық есептердің орындалуын есімізде сақтап қалу;

Бір-бірімізге сыйластықпен қарау;

Топтың ұйымшылдығын көрсету;

Бәріміз де қатысуға тырысу.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған  білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 10  оқушы қатысады. Ойын 8 айналымнан тұрады.

Ойын ережесімен таныстыру.

Ал келіңдер,  келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер,
Өздеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

І -айналым  «Бәйге»

ІІ -айналым  «Ойлан тап»

ІІІ айналым «Айшықты сөздер»

ІV айналым  «Суреттер сөйлейді»

V айналым  «Кім жылдам»

VI айналым   «Көрерменге базарлық»

VII айналым  «Құпия сандық»

VIII айналым «Ұшқыр ой»

IX айналым 

І -айналым  «Бәйге»

      Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.  1 минут уақыт беріледі. 1 ұпай қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.

9 5 2 8 1
6 3 7 10 4

 

1 — оқушы
  1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
  2. Төрт жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазған ақын? (Абай)
  3. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
  4. Шақса, қауіпті, бірақ адамға пайдалы не? (Ара)
    5. Қ.А.Иассауи кесенесін кім салды? (Әмір Темір) 
  5. Қазақ хандығының тұңғыш хандары (Жәнібек пен Керей)
  6. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (бор)
  7. Бала мектепке барғанда жасалатын той? (тілашар) 
  8. «Бандыны қуған Хамит » әңгімесін кім жазды (Сәкен Сейфуллин) 
  9. Ең тұңғыш шешен (Жиренше)

2 — оқушы

  1. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
  2. Ақ күріштің атасы кім? (Ыбырай Жақаев)
  3. Абай туралы төрт томдық роман эпопеясын жазған ұлы жазушы кім? (М.Әуезов)
  4. Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)
  5. Қ.А.Иассауидың ата-анасы кім? (Ибрагим ата және Қарашаш ана)
  6. Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)
  7. Сырты жасыл қап қатты,Іші қызыл тәп тәтті. (қарбыз)
  8. ҚР — ның валютасы? ( теңге)
  9. Ең тұңғыш биші (Шара Жиенқұлова)
    10. Рамазан айында қандай өлең айтылады? (Жарапазан)

 3 — оқушы

  1. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
  2. Түркістан қаласы қай өңірде орналасқан? (Оңтүстікте)
  3. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі (монолог)
  4. Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)
  5. Ертегінің түрлерін ата? ( Жан-жануарлар ертегісі, Қиял-ғажайып ертегісі, Шыншыл ертегісі)
  6. Абылай хан жерлеген қала (Түркістан)
  7. Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың. (мектеп)
  8. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
  9. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов)
    10. Күй анасы кім? (Дина Нұрпейсова) 
4 — оқушы
  1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
  2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
  3. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
  4. Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)
  5. Түнде аспанда ұсақ  не көрінеді ? (жұлдыз)
  6. Дәптерге немен жазамыз? (қалам)
  7. Әмір Темір қай жерде қаза болды ( Отырар)
  8. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
  9. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсе жылатады (пияз)
  10. Түркістанды астана еткен хан ( Есім хан)

5 — оқушы

  1. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
  2. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
  3. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)                                                                         
  4. 9. Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңінде қарлығашқа не көмек береді? (дәуіт)
  5. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
  6. Ғылымдар атасы (тарих)
  7. Судан бұл қорқады, Бұдан кір қорқады. (сабын)
  8. Қазақтың батыр қыздары кім? (Әлия. Мәншүк)
  9. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов)
    10. Адамдардың бір-бірін түсіну құралы? (Тіл) 
6 — оқушы
  1. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
  2. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
  3. Ұлыстыңұлы күні қай күн? (22 наурыз)  
  4. Б.Соқпақбаевтың  «Менің атым-Қожа» шығармасындағы Қожаның сынып жетекшісі кім? (Анфиса Михайловна) 
  5. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
  6. Қимылдаса қос шебер, қыруар қыруар іс өнер. (айна)
  7. Ең мықты қандай ағаш? (емен)
  8. Жолаушының мұраты не? (жету)
  9. «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырған қоғам қайраткері?  (Олжас Сүлейменов)
  10. Ақан серінің сүйікті тұлпары. (Құлагер) 

7 — оқушы

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
  2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
  3. Адамға адал, қасқырға қатал не? Ит
  4. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
  5. Ғылым патшасы (математика)
  6. Тысыр шықса тұрмайды, артқа мойнын бұрмайды. (қоян)
  7. «Кел, балалар, оқылық” кімнің өлеңі? ( Ы.Алтынсарин)
  8. Саудагердің мұраты не? (сату)
    9. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
  9. Әмір Темірдің мемелекеті (Мауренахр)
8 — оқушы
  1. Шығармада кейіпкердің кезектесіп сөйлеуін қалай атайды? (диолог)  
  2. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )

«Алтын балық әңгімесіндегі   бала  Шөкі қандай тілек тіледі? (анасының жазылып кетуін)

  1. Тұңғыш Қазақстан ғарішкері? (Т.Аубакиров)
  2. Бойын жерге жасырған, Бұрышы бар жасылдан. (Сәбіз)
  3. «Диуани-лұғат-ат-түрк» авторы кім? (М.Қашқари) 
  4. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
  5. Шығыстың Аристотелі кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)
  6. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов)
  7. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
  8. Кез-келген мемлекеттің тұрғындары қалай аталады? (халық) 

9 – оқушы

  1. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
  2. Азан шақырып қойған аты — Ибраһим кім еді? (Абай)                          
  3. Тарихтың атасы? (Геродот)
  4. Киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы қалай аталады? (Кереге )
  5. Төрт түліктің неше пірі бар? ( 5 пірі бар. Түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбарата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопаната, ешкі пірі – Шекшеката)
  6. Алты қырлы, алтын сырлы. (қарындаш)
  7. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы? (М. Дулатов)
  8. Жоңғар хандығындағы ең жоғарғы билеуші, хан? (Қонтайшы)
  9. Барлық қабырғалары тең фигура қалай аталады? (шаршы)
    10. Қазақстан жеріндегі алғашқы түркі тілдес мемлекет (Түрік қағанаты)
10 — оқушы
  1. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
  2. Б.Соқпақбаевтың «Компас» әңгімесіндегі балалардың есімі? (Қанат, Бодан)
  3. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
  4. Өлең жазатын адам кім? (ақын)
  5. Көкжиектің неше тұсы бар? (төрт)
  6. Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (археология)
  7. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды? ( Ғасыр)
  8. Бірлік болмай, (тірлік болмас)
  9. Елбасымыздың мамандығы: (Инженер- металлург)
  10. Әмір Темір қай тайпадан шыққан (Барлас) 
ІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын  және авторын табу. 2 минут уақыт беріледі.  10 ұпай қойылады. (Әр оқушыға  тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі).  

3 1 8
7 9 4
5 2 6

 

 1-оқушы
  1. Кей адам әдет қылған киікті атып,

Мүйізін пайда қылып шетке сатып.

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.

                                                       ( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)

  1. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
    — Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
    («Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов) 


2-оқушы

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                   («Қыс». А.Құнанбаев)                              

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ…

                                    («Күлпаш». Б.Майлин)                     

3-оқушы
  1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

                              («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

2.Бүйірінде «жедел жәрдем» деген жазуы бар жеңіл машина қақпадан шығып келеді. Әне, жоғары қарай бұрылып, зырлап ала жөнелді. 
                                               ( «Сен ұйықтап жатқанда». Б.Соқпақбаев)
4-оқушы

1.Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз  боласың, ұқсайсын жас балаға…

                           (Касым Аманжолов «Туған жер»)

  1. Апырым-ау, мына жаман не дейді. Халқым, мен хан баласымын деп жүр едім, шақырыңдар анамды,-деді. Ақиретке біреудің қанын жүктеп барып , тәңірі алдында қара бет болмасын, не де болса шынын айтсын. Әйтпесе ашумен мына жаманның басын кесермін,- деді.

                                                              (Аяз би) 

5-оқушы

3.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                («Қыс». А.Құнанбаев).

4.Ерімді алшы аунайын,

Жүгенді алшы аунайын

   (Бөген батыр жырынан үзінді  «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат») 

6-оқушы

5.Ержүрек  ұл таптым десем,

Қоян жүрек  кұл тауыппа едім

                                   «Құрманғазы»

                                       (Құрманғазы Сағырбайұлы ).

  1. «…Талап,еңбек,терең ой.,….»

                                                     (Абай ).

7-оқушы
  1. Жер-жаhанда бар нәрсенің мешкейімін. Маған бұл жалғанда тойым жоқ. Бір көлдің суы қалпынша жұқ болмайды, қанша үлкен дария болса да,бір-ақ ұрттаймын. Көлтауысар деген ер боламын,- дейді кісі.    

                                                                         (Ер төстік) 

2.Домбауыл деген бір жайсан

Жекпе-жекке Тарғынға

Соғысуға келеді…

                       («Жекпе-жек Ер Тарғын жырынан үзінді ). 

8-оқушы

1.Қарашы!Енді қандай бодым?-деді,

Міне, мен жаңа айдай толдым деді.

Жолдасы тағы қарап денесін

Қалпында маған қарап пормың деді

Дүниеде менен күншіл кем-ді Бақа!

Зорланды қарнын керіп енді Бақа.

Шыдамай жұқа қарнын керуіне,

Жарылып сол арада өлді Бақа.

                                 (Өгіз бен бақа. Ахмет Байтұрсынов)

2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ…
                                                    («Күлпаш». Б.Майлин)
 

9-оқушы

  1. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
    ( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)

2.Басындағы қарын қоса,

Баурындағы аңын қоса,

Шайқап бұлақ, көк орманды,

Күшпен әрең алды-дағы,

Арқасына салды- дағы,

Келген ізбен қайта оралды.

                            (Әбділда Тәжібаев Толағай)                             

ІІІ айналымды бастаймыз  «Айшықты сөздер»

   Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Барлық оқушыға ортақ сөз тіркесі беріледі. 1 ұпай беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

  1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
    5. Бетінен оты шықты (ұялу)
    6. Ит өлген жер (алыс)
  2. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
    8. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
    9. Таяқ сілтем жер (жақын)

10.Жүрегі тас төбесіне шықты    (қорықты)

11.Қас пен көздің арасында   (тез, жылдам, лезде)

12.Ат құлағында ойнайды  (шабандоз) 

ІV айналым  «Суреттер сөйлейді» Кім екенін тауып, қысқаша өмірбаянын айтады Әрбір дұрыс жауап  10 ұпай. Білмеген ойыншының сұрағын қарсыласы жауап беруге болады.
12 7 1 5
3 10 4 8
6 2 9 11

 

  1. М. Дулатов                            7. Т. Молдағалиев                                                    
  2. С.Сейфуллин                        8. Ж. Аймауытов                          
  3. М.Әуезов                               9. Т. Аубакиров                                          
  4. Айдын Айымбетов               10. Ш. Уәлиханов
  5. Ф.Оңғарсынова.                   11. Ы. Алтынсарин
  6. А. Құнанбаев                        12. А. Байтұрсынов                              

 

V айналым  «Кім жылдам»  Кімге қандай әріп түссе сол  бойынша сөз айтады. Бұл сайыста 1 минутта К, Д, Ш, Т, А, Б  әрпіне сөз құрау керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.   

VI айналым  «Көрерменге базарлық»  (Топ  ойыншылары  қима  қағаздағы сөздерді  алып, қимылмен түсіндіреді.) 1 минут уақыт беріледі.

Ат,  Киіз үй,  Жол,  Кітап, Сандық, Сәби, Той,  Жұлдыз, Телефон, Алақан
Жалау,  Балмұздақ,  Мектеп,  Хат,  Балықшы,  Ақша,  Балта,  Пальто,  Қағаз, Мектеп

Ара,  Пышақ,  Кесе,  Қалпақ,  Балға,  Ай,  Теледидар,  Қайшы,  Шеге,  Тал

Кітап,  Ит,  Бор,  Тақта,  Жұлдыз,  Доп,  Қалам,  Дала,  Бала,  Қоңырау

Су, Сиыр,  Қаламсап,  Гүл,   Көгершін,  Қар,  Төсек,  Свет, Терезе, Айна

 VII айналым   «Құпия сандық»

Бұл кезеңде оқушылар мозайка құрастырады. Сол құрастырған суретте қандай ертегі шықса, сол ертегіден үзінді айтып өтеді.

7 3 8
4 5 2
9 6 1

 

  1. Алтын сақа 6. Құйыршық
  2. Қаңбақ шал      7. Жақсылық пен жамандық
  3. Жыл басы 8. Мақта қызбен мысық
  4. Қарлығаштың құйрығы неге айыр     9. Бауырсақ
  5. Түлкі мен құмыра     
VIII айналым  «Ұшқыр ой»  Шаршыдағы ұпайларды жинау үшін берілген сұрақтарға жауап беру керек. Ойыншы жауап бере алмаса, білетін ойыншы жауап беруге болады. 
20-1 10-1 30-1
40-1 20-2 50
10-2 30-2 40-2

 

10-1-ұпай:  Қай фигураның жағы, қыры, төбесі, ұзындығы, ені бар? (текше) 

10-2-ұпай: Әжей немересіне 8 қолғап тоқыды. Неше немересі бар? (4)

20-1-ұпай: 10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал 10 жарымның ше? (22)

20-2-ұпай: Бір үйдің 3 ұлы бар. Олардың әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар. Бұл үйде неше бала бар? (5 бала)

30-1-ұпай:  Қандай үш санды қоссаң да, көбейтсең де мәндері бір болады? (1,2,3)

30-2-ұпай:  Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (2сағ)

40-1-ұпай: Төрт бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастады. Үстелде неше бұрыш бар? (5)

40-2-ұпай  Мен бір сан ойладым. Ол санның төрттен бір бөлігіне 10 санын қосқанда 35 шықты. Мен қандай сан ойладым? (100)

50-ұпай: «Егер ең үлкен үш таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қосып, ол санды 10 есе кемітсек және шыққан саннан ең үлкен бір таңбалы санды шегерсе, әжейдің жасы шығады. Әжей неше жаста? (999+1):10-9= 91 Жауабы : әжей 91 жаста. 


Марапаттау  

Жеңістер  мен  жеңілістен  тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын?

«Жеңбедім,  жеңілдім»  деп  ренжіме,

Қатысуда  бір  жеңіс,  жан болсаң  екен  ұғатын. 

І-орынды 8-сынып оқушысы Аятбек Арсен

ІІ-орынды 9-сынып оқушысы Сәбитқызы Әсем

ІІІ-орынды 9-сынып оқушысы Арыстанбек Ләйлә

Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.

Осымен  осы  ойынды  тамамдасақ,

Бұл жарысты  өткізер  ме  ек жаман  болсақ.

Үйрендік  білмегенді  осы жолы,

Тағы да үйренеміз  аман болсақ.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ