Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?

0
40786

Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1858 жылы дүниеге келген. Шәкәрім – қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген.Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы.Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік — Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ — Мария»романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады.

Шәкәрім өзі өмір сүрген кездің, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өсу дәрежесін, кемшіліктерін т.б. жан-жақты саралап жете түсіне білген. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.

Шәкәрімнің «Жастарға» атты өлеңінде жақын ағасы Абайдың биік ақыл-ой-парасатын, білімін, халыққа, болашаққа жол сілтеуші ретінде ерекше бағалап, түсінгенін көреміз. Оның кемеңгер даналығына бас иеді, одан үлгі алуға, өнеге, ғибрат тұтуға бүкіл қазақ жастарын шақырады, үндеу айтады. Мыс:

 

Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» – делік

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» – делік…
Өмірдің шам-шырағы, жарық, жұлдызы, бар қазақ үшін ұлы тұлға болатынын көрегендікпен дәл болжайды.
…Надандықтан еліріп босқа жүрсең,
Мына заман қөрсетер бізге тарлық», –дей философиялық тұрғыдан тұжырым жасай отырып, жастардың сана сарайын ашудың жолдарын іздестіреді.

Абайдың ұлылығын түсінбей, ұқпағандарды сынға алады, надандығын ашып айтып, олардан аулақ болуға шақырады. Халқының, жастардың болашақ тағдырына зор үмітпен қарап, алға ұмтылуға үндеуді азаматтық парызым деп ұққанын көреміз.
Қазақ халқының мәдениетті, білімді ел болып басқа елдермен тең болуын армандаған ақын, ел ішіндегі келеңсіз жайлардан қорқады, жаман әдеттен арылуды мақсат тұтады.
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол,
Олардың күнде, таласы, –деген өлең жолдарынан ақынның ащы даусын, жүрек жарды үнін анық танимыз. Бұл толғаныстың бүгінгі, ертеңгі заманның адамдары үшін қажеттілігі мен құндылығы, мән-мағынасы жарқырай беретіні сөзсіз. Ақын қорқынышы кімді де болса ойлантпай қоймайды. Күндестік, мақтаншақтық жақсы жолға апармайтынын жеріне жеткізе айтады.

Өз халқының тағдырына ерекше жаны ашыған ақын Абай сияқты айналасындағы келеңсіз жайттарға сын көзбен қарайды, озық елдердің тәжірибесін үлгі тұтады.
«Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар құдайым-ай, – деп жалқаулық пен еңбексіз, қыдырымпаз тоғышарларды паш ете отырып, өзінің лирикалық туындыларында қатты сынға алып көрсетіп, одан құтылудың жолын нұсқайды, өзіндік ой-тұжырымдарын білдіреді.
Шығыс пен Батыстың көптеген туындылары Шәкәрім шығармашылығы арқылы қазақ еліне белгілі болды. Ол XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің озық туындыларымен танысты. Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Л.Толстой, Некрасов, Салтықов, Щедрин т.б. еңбектерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп үйреніп, терең үңіліп, нәрін түсінген. Өзінің тарихи-философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруға орнымен пайдалана білген, өзін «Толстойдың шәкіртімін» – деп мақтан тұтып, бірнеше әңгімелерін қазақ тіліне аударған; Пушкиннің «Дубровский», «Боран», повесін өлеңмен аударып, 1908 жылы жариялаған.
Тынбай ізденуінің арқасында Шәкәрім философ Шопэнгауердің, Ало Бичер Стоу Гариэттидің еңбектерімен танысып қоғам, өмір жайлы көзқарастарына сын пікір білдірген. Ақын ең негізгі артта қалар байлық ғылым, білім, өнер екенін айтып ерекше бағалағанын
Анық байлық дүниеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған көнер, – деген жолдарынан анық көреміз. Шәкәрім – өзінің ізгі ойларын, халқына деген адал махаббатын өлеңмен өрнектеп жеткізген ақын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ