«Шаттыққа толы жүрекпен» (ата-аналармен семинар тренинг)

0
17258
Дене шынықтыру
Жұмыс түрі: ата-аналармен семинар тренинг

Тақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен»

Мақсаты: Балабақша мен ата — аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата — аналардың қарым — қатынасын жақсарту. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түсінік жұмысын жүргізу. Ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

Құрал жабдықтар: интерактивт тақта, плакат түрлі түсті фломастерлер, ақ қағаздар, әр елдің және жай әуендер жазылған үнтаспа, сюжетті суреттер, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер, сұрақтар жазылған карточкалар.

Әдіс тәсілдері: сәлемдесу шеңбері, көңіл-күйіңізді жаттықтыру, педагогикалық ойын: кім бірінші жетеді, карточка бойынша сұрақтарға жауап беру, дидактикалық ойын отбасылық  махаббат үйі,   бейнеролик бойынша талқылау, ойын: қоқыс жәшігі, тілек шамы.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбындағы семинар тренингке  қош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана бәріміз бірге балаларға отбасы жылулығын, балабақша жылулығын беруді аямаяйық. Сондықтан да бүгінгі жиналысымыз сіздер үшін.

1.«Танысу» тренингі: Ата-аналар өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады.

Үнділерше қимылмен  амандасады.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Бразиллияда бір-бірінің иығынан қағып амандасады.
Македонияда шынтақтарымен амандасады.
Никарагуада иықтарымен амандасады.
Қазіргі гректер «Аман бол» деген сөзбен амандасады.
Арабтар «Әлем сенімен» деп амандасады.
Австралияда үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, жамбасымен қағып амандасады.

2.«Көңіл-күйіңізді жаттықтыру»

-Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

  1. Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі.

2.Жәй күліп тұрған, және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

3.Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу.

4.Жылап тұрған адамды қөрсету.

5.Қасқырдан қорыққан қояның, ұядан түсіп қалған балапаның, мысықтан қорыққан баланың бет-әлпеті. 

Топқа бөлу: Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

3.Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).

4.Мен сіздерге сөйлемнің басы бар, ал аяғы аяқталмаған сөйлем және сұрақтар жазылған карточкалар тараттым. Сол карточкалардағы аяқтауыңыз қажет.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. 

Баланың тәрбие алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

  1. Егер баланы үнемі сынап отырса…(оқуға құлқы болмайды).
    2. Бала төзімділікте өссе…(адал болып жетіледі).
    3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

II-топ. 

Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

  1. Баланы шыншылдықта өссе…(ол шыншыл болады, өтірік айтпайды).
  2. Бала адалдықта өссе…(адал болып жетіледі).
    3. Баланы қолдап отырса…(өз қадірі үшін оқиды).

III—топ. 

Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  1. Бала кекшілдікте өссе…(ол қатыгез болып өседі).
    2. Балаға үнемі күлсе…(бұйығы болып өседі).
    3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе…(ол адамға сеніммен қарайды).
5.Дидактикалық ойын «Отбасылық  махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары;

1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

  1. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз.
  2. «Тапқырлық» кірпіші: Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік» Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

  1. Ата-аналарға бейнеролик көрсету және оны талқылау.
  2. Ойын «Қоқыс жәшігі»

Адамға қоқыс жәшігі не үшін керек? Не үшін қоқысты лақтырамыз? (ата-аналар жауабы) Сезімдермен де солай болады. Керексіз, пайдасыз сезімдер жиналғанда, олардан да арылу қажет. Арылғыңыз келген сезімдеріңізді қағазға жазыныздар. (Балаларыңыздыңда жағымсыз қылықтарын жазуға болады)  “Мен ренжимін” “Мен ызаланамын” “Мен қорқам”, қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне лақтыру. Талқылау

  1. «Тілек шамы»

(қорытындылау) «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата — ана мен балабақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі жиналыстан алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапыстыруларыңызды сұраймын. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Атырау облысы Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
«Құлыншақ» ясли бақшасының әдіскері
Нургалиева Алина Букенбайқызы

Басқа да ашық сабақтар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ