Г. Щепилованың Гюнтер Вальраф шығармашылығына арналған зерттеуін қысқаша мазмұндаңыз.

0
1504

Кез-келген адамды қызықтыратын жан, не болмаса құбылыс, оқиға болады. Әсіресе, журналисттер қауымы үшін өмірде орын алып жатқан әрбір оқиға, жұмбақ жандардың өмірі, табиғаты, мінезі, іс-әрекеті қызығушылық туғызады. Өзін қызықтырған мәселені не адамды бақылау, оның құпиясын ашу жолында еңбек ету – журналисттік зерттеу деп аталады. Журналистика саласында еңбек етіп жүрген жандардың көбі журналисттік зерттеу жасап жүр. Алайда олардың бәрі дерлік қалаған сұрағының жауабын алып жүр деп айта алмаймын. Журналисттік зерттеу еңбегі үшін псих-больницаға жатқандар да, қайыр сұрап көргендер де болды. Сол себепті менің ойымша зерттеу жүргізуші жан кез-келген әрекетке дайын болуы керек секілді. Осындай батыл қадамға тәуекел етіп өзін қызықтыратын немістің ұлы журналисті әрі жазушысы Гюнтер Вальраф туралы зерттеу жүргізген батыл жан Галина Щепилова болды. Ол өзінің кейіпкерін жан-жақты қырынан зерттеді. Және Гюнтер Вальрафтың жаңа қырларын аша біле отырып ол туралы көкейін тескен сұрақтарға жауап ала білді деп ойлаймын. Гюнтер Вальрафтың журналистика саласындағы алғаш қадамы «Мой дневник из бундесвера» атты мақаласы болды. Осыдан бастап Гюнтер журналистика саласында ешкім жаза бермейтін өзекті мәселелерді қозғап, жағымды ақпараттарымен неміс баспасөзінде өзіндік бағасын алды. Жазушылық саласында да әдебиетке құнды шығармалар қалдырды. Осындай елеулі еңбектердің авторы туралы Галина Щепилова зерттей отырып, оның публицистикасы, жазу мәнері, тіл байлығы, сөздерді орынды қолдануы туралы сол күнге дейін ешкім айтпаған мәліметтер келтірді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ