XXI ғасырда Қазақстан дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі деңгейі жоғары елдердің қатарына ілесу үшін, бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың қоғамда ролі, білімі мықты болу керек. Қазіргі заман талабы үш тұғырлы тіл болғандықтан мұғалімдер кезең-кезеңімен арнайы ағылшын тілі курстарынан өтіп жатыр.
Осы орайда мектебімізде ағылшын тілін үйрену мақсатында арнайы курс ашылды. Курстың мақсаты: болашақта мұғалімдерге үштілділікті толық меңгерту арқылы болашақ ұрпақ жаңа заман талабына сай жаңаша білім алу, болашақта өткізетін сабақтарын үш тілде үйрету.
Курс қатысушыларына мектебіміздің I санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Абаев дәріс береді.Сабақ жалпы екі бағытта өтіп жатыр,бірінші бағытта мұғалімдер жалпы ағылшын тілін меңгереді, ал екінші бағытта пәнге байланысты терминологияны үйренеді.
Біліктілігін арттыру курсында ауданымыздың Алтынсарин орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Тайпанова, Күйкен орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ш.Қойманова , М.Тлепиева, А.Аманиязова Үстірт орта мектебінен А.Рейсова, Л.Қайдарова, Ж.Омарғалиева, С.Өтегенова, Сыңғырлау мектеп бала-бақша кешенінен биология пәні мұғалімі А.Қабдолова және А.Озғанбай сынды педогогтар білім алуда.
Курс Америка-Швецария Академиясының технологиясымен өтіп жатыр. Мұғалімдерге осы бағдарламаны үйрену мақсатында ағылшын тілінің әдістемелік нұсқау кітаптарын пайдаланып және осы ұйымның вебсайтын пайдалану арқылы тіл үйренуге мүмкіншілік жасалған. Осы орайда мұғалімдер ағылшын тілінде бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, пікірталас жүргізеді.
Осындай мүмкіндікті пайдаланып білім алып жатқан мұғалімдер болашақта үш тілді, соның ішінде ағылшын тілін оқушыларға үйретуге толық сенімді.Түсінбеген жерлерін курс жетекшісі арнайы ағылшын тілі маманы Ж.Абаевпен бірге талқылап отырады.
Болашақта осындай курстар аудан көлемінде жиі ұйымдастырылса кезең-кезеңімен педогогтар өз білімдерін жетілдіреді.Бұл курстан алған әсерім өте тамаша,алғашқы күндерде қиын болғанымен, қазіргі таңда біршама терминдерді, терминологияны сөздіктер мен жұмыс жүргізуді үйреніп келемін.
Осы алған білімдерін болашақта өзінің іс-тәжірибесінде қолданып,биік жетістікке жетеді деген үміттемін.
К.Жайжанова
Үстірт орта мектебінің физика пәні мұғалімі