«Шынықсаң шымыр боласың» атты сауықтыру-шынықтыру шарасы

0
14124

Мақсаты: Балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, қозғалыстық белсенділігін жетілдіру, бала ағзасын шынықтыру. Сонымен қатар, бір-біріне деген сыйластық, қамқорлық, қарым-қатынасын нығайту. Ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Көрнекілігі: Шарлар, жалаушалар, ойыншық шарлар, төс белгі, таяқша ат.
Балалар «Толағай» әуенмен залға кіреді.

Тәрбиеші: Балалар « Бірінші байлық денсаулық» Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Балалар қазір сендер спорттық сайысқа түскелі жатырсыңдар. Құрметті сайыскер балақайлар! Сендерге Сәт сапар!

Жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» атты сайсымызға қош келдіңіздер.
Уа халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың- дегендей сайысымызды бастайық.
Әр таңды бақытпен арттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Көгершін» тобын шақырамыз.

Жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын- деп ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты ендәі көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырайық.
«Шапағат» ясли бақшасының әдіскері Жанабилова Айгерим Мирзагалиева.

Тәрбиешілер: Сансызбай Нұргүл Сансызбайқызы, Алипхали Мейрамгул Дүйсенбайқызы.

Жүргізуші: Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Топты таныстыру, ұраны.
2кезең:Жалаушаны тапсыру. (кедергілер арасынан өтіп жалаушаны тапсыру
3 кезең: «Кім жылдам?» Ат жарысы.
4 кезең: «Кім епті?» (шелекпен су тасу)
5кезең: «Кім күшті?» (топ басшылар сайысы)
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
«Көгершін» тобының ұраны: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз.
«Қыран» тобының ұраны: Қыран тобы алға биіктерге самға
Сайыста біз топ жарып, жеңістерді
Жалға алға, алға, алға!
Ал, көрермен ықыласпен демелік
Бүлдіршіндердің сайыстарын көрелік
Кимыл менен сымбатына карап біз
Әділдікпен бағаларын берелік-деп біз алдымен әділқазы алқасын сайлап алайық.
Балабақша меңгерушісі, тәрбиешілер сайланады.
Екі топтың басшылары ортаға шығады.
Қыран тобы:
Қыран тобы алға
Биіктерге самға.
Көгершін тобы:
Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз.

Бағдарламада:
1.Жалаушаны тапсыру «Кім жылдам?» (кедергілер арасынан өтіп, жалаушаны бір-біріне тапсыру)
2. «Кім жүйрік?» Ат жарысы
3. «Кім көп жинайды?» (шелекке шарларды жинау)
4. «Кім епті?» (шелекпен су тасу)
5. «Кім күшті?» (топ басшылар сайысы, білек сынау)
1-бөлім «Кім жылдам?
Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің-деп сайысымыздың 1-ші бөлімін бастайық.
Ойынның шарты: Кедергілер арасынан өтіп бір-біріне жалаушаны тапсыру.
2-бөлім: «Кім жүйрік?»
Ат ерттеуге жарайық
Жонына қамшы салайық
Жолға мініп жарысып
Бір тынығып алайық.
Ойынның шарты: Белгіленген сызыққа дейін барып қайтып келу.
3-ші бөлім: «Кім көп жинайды?»
О халайық, халайық
Мына ыдысқа қарайық
Ыдыс емес ол сиқырлы
Керемет күшті қасиет
Өзіңді баурап алады.
Ойынның шарты: ( Шелекке шар жинау)
4-бөлім: «Кім епті?»
Ойынның шарты: (шелекпен су тасу)
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды жанымыз.
5-ші бөлім: «Кім күшті?»
Кімдер күшті, кім алып
Күш сынасып байқайық
Білегімізді сыбанып
Қарсыласты жығайық.
Ойынның шарты: Топ басшылары шығып, күш сынаса

Жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадық
Жүректерінде шоқ бар екен байқадық
Әр қашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтандар биіктерге әрдайым.
Сөздің соңын әділқазыларға береміз. Женген топты марапаттау.
Ән: « Бақытты балалық шақ»

Дайындаған: Ерліхан Ғалия Инатабқызы.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ