«АЛТЫН КҮЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

21
14866

«SKILLS ACADEMY» мекемесі республикамыздағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш және 5-8 сынып оқушылары арасында «АЛТЫН КҮЗ» республикалық оқушылар байқауын жариялайды.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани жетілуіне әсер ету.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 15 қыркүйек пен 20 қараша аралығында  balalar_baikauy@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

 

«АЛТЫН КҮЗ» атты республикалық оқушылар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету;
  • Күз – молшылық мезгілі. Сол арқылы балаларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру. 

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу, ұйымдастыру және қорытындысын шығарумен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушылар қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып және 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі

  1. «Үздік шығарма немесе эссе»; ( қатысушы «Күз – береке бастауы» тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады)
  2. «Үздік өлең»; ( қатысушы «Күз – береке бастауы» тақырыбында өз өлеңін жолдайды)
  3. «Үздік сурет»; ( қатысушы күз мезгіліне байланысты туындысын сканерлеп немесе суретке түсіріп ұсынады)
  4. «Үздік қолөнер»; ( қатысушы жеміс-жидектерден жасаған қолөнерін суретке түсіріп жібереді)

Байқауға қойылатын талаптар

Байқауға қатысушылардың эссесі түпнұсқа болуы керек. Көшірме тексеріледі. Көлемі 1-3 бет аралығы (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Бағалаудың негізгі критерийлері:

  1. «Үздік шығарма немесе эссе»;

-тақырыпқа сай болуы;

— идея түпнұсқалығы;

— ойдың дербестігі;

— оқырманға эмоционалды әсері;

  1. «Үздік өлең»; ( Қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін жолдайды)

Бағалаудың негізгі критерийлері:

— стилистикалық сауаттылық;

— байқау тақырыбына сәйкестілік;

-эмоционалдық әсер күші;

-өлең көлемі – 8 тармақтан аса және 24 тармаққа дейін болуы тиіс.

  1. 3. «Үздік сурет» номинациясы.

Бағалаудың негізгі критерийлері:

-суреттің тақырыпқа сай болуы;

— суретші шеберлігі;

— бояу мәнері;

  1. «Үздік қолөнер» номинациясы.

— тақырыпқа сай болуы;

— Мағыналылығы;

— Күзгі жеміс-жидектерді пайдалану;

Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға жүлделі орындар және мақтау грамоталары тағайындалады:

Бас жүлде – диплом

І орын – диплом

ІІ орын – диплом

ІІІ орын – диплом

Байқауға қатысқан барлық балалар дипломдармен және жетекшісі алғыс хатпен марапатталады. Егер бір мектептен 20 оқушы қатысатын болса, мектепке және мектеп басшысына алғыс хат беріледі. Марапаттар электронды түрде жіберіледі.

Байқауға қатысу бағасы — 500 тг.

Байқаудың қорытындысы Martebe.kz сайтында жарияланады.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Ескерту! Төлемді кез келген банктен жасай аласыздар немесе 24 касса арқылы

Қатысу жарнасын QIWI терминал арқылы төлеуге болады.  87009785922 номеріне «кашелёкті толтыру» батырмасы арқылы «Аты-жөніңізді» жазып, төлем жасайсыз.

Байқау тапсырмаларымен біре төлем жасағандығы туралы түбіртек көшірмесі жіберілуі керек!

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87,  8 727 229 63 69;

Өтініш беру үлгісі

«АЛТЫН КҮЗ» атты республикалық оқушылар байқауына өтініш

Мекеме атауы
Мекен – жайы, индекс (Міндетті)
Сыныбы
Номинациясы
Мекеме басшысының толық аты-жөні, тегі
Жетекшісінің толық аты-жөні, тегі
Эл. Поштасы (марапат осы поштаға жіберіледі)
Байланыс номері

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

 


21 ПІКІРЛЕР

  1. Қайырлы күн! Қабылдау уақыты біткеннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде шығады

  2. Балабақша балалары қатыса алады ма? Конкурсқа салған суреттерін, алтын күздің сценариін жіберуге болады ма? Байлардың күз қолдан жасалған заттардың фотоларын жіберсек болады ма?

  3. Сəлеметсіз бе, конкурсқа 5 жасар шағын орталық тəрбиеленушісі қатыса алады ма? Ата-ана ретінде баламның суретін талапқа сай жіберейін деп едім. Өтініш, сұрағыма жауап берсеңіздер.

  4. Сəлеметсіз бе, осы конкурсқа 5 жасар шағын орталық тəрбиеленушісі қатыса алады ма? Ата-ана ретінде баламның суретін талапқа сай жіберейін деп едім

  5. 20 қарашадан кейін белгілі болама қорытындысы рахмет

  6. Қайырлы күн! Ия қабылдау біткеннен кейінгі 10 күн ішінде белгілі болады

  7. Сәлеметсіз бе! Әрине, болады. Бірақ төлемақы көлемі аз болуы керек. Бізге хабарласыңызшы 87759988387

  8. Балабакша атынан тарбиеленушилеримен катыскан едик.»Куз береке бастауы» атты такырыпта сурет кормесине.Корытындысын калай билемиз?

  9. Сәлеметсіз бе! Қабылдау 20 қараша бітті. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде результат шығады

  10. Сәлеметсіздер ме! қорытынды қашан шығады?

  11. Бугин 30 караша . Результат кай кезде шыгады

  12. «Altyn ku’z» bay’qay’yna qatystyq Bag’asy qoljetimdi osynday’ bay’qay’lar ko’birek bolsa eken!

  13. Куз береке бастауы атты байкауга балабакшадан катысканбыз. 10 куннен асып кетти аякталганына. Ешкандай жауап жок. Результаты шыгып коймады ма? Жумысымызды алган алмагандарынызды калай билемин.

  14. күз береке бастауы байқау қорытындысы қашан

  15. Қайырлы күн! Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерін шығармашылық жұмыстарға баулу үшін өткізілген байқаудың басты мақсаты шығармашылыққа бейім балаларға қолдау көрсетіп, ынталандыру болатын.
    Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен барлық балалардың жұмыстары қаралып, жүлделі орындарға (Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын) лайық деп танылды.
    Дипломдар мен алғыс хаттар 10 күн ішінде барлық қатысушылардың өтінішінде жазылған электронды почтасына жіберілетін болады.

  16. Қайырлы күн! Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерін шығармашылық жұмыстарға баулу үшін өткізілген байқаудың басты мақсаты шығармашылыққа бейім балаларға қолдау көрсетіп, ынталандыру болатын.
    Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен барлық балалардың жұмыстары қаралып, жүлделі орындарға (Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын) лайық деп танылды.
    Дипломдар мен алғыс хаттар 10 күн ішінде барлық қатысушылардың өтінішінде жазылған электронды почтасына жіберілетін болады.

  17. Қайырлы күн! Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерін шығармашылық жұмыстарға баулу үшін өткізілген байқаудың басты мақсаты шығармашылыққа бейім балаларға қолдау көрсетіп, ынталандыру болатын.
    Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен барлық балалардың жұмыстары қаралып, жүлделі орындарға (Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын) лайық деп танылды.
    Дипломдар мен алғыс хаттар 10 күн ішінде барлық қатысушылардың өтінішінде жазылған электронды почтасына жіберілетін болады.

  18. Қайырлы кеш! Қорытындысын шығарып, барлық марапаттарды жіберіп болдық. Өтініште жазған почтаңызды қараңыз немесе почтаға хабарлама жазыңыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ