Өсімдік бөліктері

0
3885
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Сабақтың тақырыбы:
Өсімдік бөліктері
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Өсімдіктің негізгі сипаттамаларын анықтайды. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады

Көптеген оқушылар: жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады. Өсімдіктердің негізгі бөліктері мен олардың қызметін біледі,

Кейбір оқушылар: өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттейді, тұжырым жасайды.

Бағалау критерийлері:

Өсімдік бөліктерін ажыратады.

Өсімдіктерге бақылау жүргізе алады

Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін біледі,

Ойлау дағдылары: Білу, қолдану
Тілдік мақсаттар: Тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым
Құндылықтарды дарыту: Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері
АКТ қолдану дағдылары:
Бастапқы білім: Өсімдіктің түрлері
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Қ/б: «Өзіңді өзің бағала» әдісі

Тақтадан дұрыс жауапты көрсетеді.

Дескриптор

өсімдіктер мүшелерін атайды

— өсімдік мүшелерінің суретін ретімен орналастырады.

Психологиялық тренинг:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

Топқа бөлу:

Балаларға алма ағашының діңі, жапырағы, жемісінің суретін үлестіремін. Оқушылар қолдарындағы суреттер бойынша топқа бөлінеді.

1 топ. дің

2 топ. жапырақ

3 топ. жеміс

  • Балалар, қолдарыңыздағы суреттер ненің бейнесі болуы мүмкін? (Өсімдік бөліктері туралы түсінік беріледі.)
  • Бұлардан басқа өсімдіктің тағы қандай мүшелері бар?

Тұжырым: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым-өсімдіктің бөліктері.

Т/ж. «Құрастыр және жауап бер»

1 тапсырма. Әр топқа өсімдіктердің мүшелері салынған суреттер беріледі.

Нұсқау: Өсімдік мүшелерін ретімен орналастыр

І топ: Емен ағашының мүшелері

ІІ топ: Қызанақтың мүшелері

ІІІ топ: Итмұрын өсімдігінің мүшелері

Алма ағашының діңі, жапырағы, жемісі суреттері

Емен, қызанақ, итмұрын суреттері

 

Сабақтың ортасы

 

Қ/б. «Маршрут» әдісі

(Топтағы постерлер алмастырылады, бірін бірі тексереді)

Дескриптор

1.Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды.

2.Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.

Қ/Б. «Жұбыңды бағала» әдісі

Дескриптор.

— өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды

— өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетіп, сурет салады.

2 тапсырма.

Т/Ж. «Зерттейік»

Суретке мұқият қара, қай өсімдіктің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес шартты белгілермен байланыстыр және түсіндір.

Жарық жер –

Қараңғы жер –

Сусыз жер –

3-тапсырма.

Ж/Ж. «Алған мәліметті қорытындыла» әдісі

Әр топқа екі-екіден бөлме өсімдіктері беріледі.

  • өсімдіктердің ұқсас мүшелерін ата,
  • бос орынға тамыры, сабағы, жапырағы және гүлі, жемісі бар өсімдіктің суретін сал.
Бөлме өсімдіктері
Сабақтың соңы

Кері байланыс:

« + , — , қызықты» әдісі

  1. Мен мынаны білдім…..
  2. Маған қызық болғаны…..
  3. Маған қиын болғаны……
САРАЛАУ Бағалау

1-тапсырма.

«Құрастыр және жауап бер»

Барлық оқушылар: өсімдіктер мүшелерін атайды

Көптеген оқушылар: өсімдік мүшелерінің суретін ретімен орналастырады.

Кейбір оқушылар: тұжырым жасайды.

2-тапсырма.

«Зерттейік»

Барлық оқушылар:

Тиісті сөздерді суретпен байланыстырып сызады.

Көптеген оқушылар:

Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырады

Кейбір оқушылар:

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды.

3-тапсырма.

«Алған мәліметті қорытындыла»

Барлық оқушылар:

өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды

Көптеген оқушылар: — өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Өсімдік мүшелерінің суретін салады

1-тапсырма: «Өзіңді өзің бағала» әдісі

Дескриптор:

өсімдіктер мүшелерін атайды

— өсімдік мүшелерінің суретін ретімен орналастырады.

2-тапсырма: «Маршрут» әдісі

Дескриптор:

— Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды.

— Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.

3-тапсырма: «Жұбыңды бағала» әдісі

Дескриптор:

— өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды

— өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетіп, сурет салады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ