Классикалық музыка

0
1723
Гомотетия және оның қасиеттері
СЫНЫП: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

шығарманың мазмұнын дайын сұрақтар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау;

— мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бойынша өз ойын жеткізе алу;

Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Оқыған мәліметтері бойынша сұрақтарға жауап бере алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, интербелсенді тақта, презентация, билеу үшін көңілді музыка, видео, аудиожазбалар;
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, мина сұрақтар, «жариялау» әдісі, Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы : Бағалау түрлері

Басталуы 5 мин

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу

Мұғалім оқушыларды сыныпқа билеп кіргізеді. Оқушыларға кеспе қағаздар ұстатады. Оқушылар суреттер бойынша топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру, жаңа сөздерді сұрау

Мина сұрақтар.

Ауқатты – зажиточный, состоятельный

Бәстесу – держать пари, спорить

Ізкесуші – следопыт

Кедергі – преграда, препятствие

Қажетті – нужный, необходимый.

Мұғалім үй тапсырмасын қарап шығады, жаңа сөздерді мина сұрақтар әдісі арқылы тексереді.

Оқушылар таңдаған суреттері бойынша екі топқа бөлінеді

Жаңа білім 10 мин

4 минут

3 минут

3 минут

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға классикалық баяу әуен тыңдатамын. Қандай әсерде екенін сұраймын. Сұрақтар:

«Жариялау» әдісі

1.Бұл қандай әуен?

Классикалық музыка дегенді қалай түсінесің?

2. Қандай әсердесің?

3. Саған қандай халық әндері ұнайды?

4. Қазақ және орыс тілінде қандай өлеңдер білесіңдер?

Сөздікпен жұмыс. Жазылым.

Интербелсенді тақтада жаңа сөздерді оқиды.

Классикалық – классическая

Дәстүрлі – традиционный

Халық әндері – народные песни

Халық күйлері – народная музыка

Сол сөздермен жұбымен сөйлемдер құрайды.

Жұптар бір бірін «бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Аудиожазба

Оқушылар алған әсерін айтады

Оқушылар қайталайды. Сөйлем құрайды.

Ортасы 9 минут

4 мин

5 минут

Топпен жұмыс.

Оқулықтағы 2-т, 28-бет оқушылар топта жұмыс жасайды. Қағаз қиындыларындағы тапсырманы сәйкестендіреді. Екі топ «шапалақ әдісі» бойынша бағалайды.

1 топ

Мен күй тыңдаймыз

Сен өнерлі баламын.

Сіздер ән айтады

Ол концертке барасыздар.

Біз домбыра шертесің

2топ

Мен ән тартасың

Сен күй тыңдайды

Сіз өлең билейміз

Ол әуен айтамын

Біз би оқисыз

Тыңдалым. 4-тап, 29-бет

Оқушылар аудиожазба тыңдайды, іштерінен оқиды, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар 6-тап, 29-бетте

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады. Сөздерді сәйкестендіреді, топ болып қорғайды.

Презентация

«Артық болмас білгенің»

3 минут

Мұғалім музыка жайлы қызықты ақпараттар оқиды

  1. 1 қазан – ЮНЕСКО елдері арасында халықаралық музыка күні.
  2. Бұл мереке 1973 жылдан бері тойланып келеді.
  3. Ән айтқан адам миын шаққан артық ойлардың бәрінен арылып, ештеңе уайымдамайды.
  4. Музыкаға қызықпайтын адамдарға қарағанда, композиторлар, музыканттар, әншілер құлақтары жақсы еститіні анықталған.
  5. Музыка адамның ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау жүйесін жақсартады. Әуенді қаншалықты көп тыңдасаңыз, соншалықты нәтижесіне көз жеткізесіз.
  6. Әуен өліп қалған өсімдікке жан беруге қабілетті. Солып қалған үй өсімдігінің жанына әсем әуен қосып қойсаңыз, белгілі уақыттан соң өсімдігіңіз өмірге қайта келгеніне куә боласыз.
  7. Дене шынықтыру кезінде әуен тыңдау басқа кездегі жаттығуға қарағанда 20% нәтижелі болады екен. Мұны допинг (ағзаны сергітетін дәрі) қабылдаумен салыстыруға болады.
  8. . Музыка адамды бауырмал, мейірімді етеді. Психологиялық тәжірибе жүргізгенде, күнделікті сүйікті әуенін тыңдайтын адам кемінде бес рет адамдарға көмек беріп, қол ұшын созатыны анықталған.
  9. Музыка жүректі емдейді. Жүрегі ұстап не ота жасалған адамға көмегі көп.
  10. Жағымды әуен тамыр жүйесін емдейтіні ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Презентация

Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 мин

«Ақсақ құлан» видеосын көреді, алған әсерімен бөліседі.

 

Видеожазба

Бағалау

3 минут

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Топ басшысы бағалау парақшасын оқиды. Мұғалім бағалайды.

Бағалау

30- 25 Өте жақсы! (5)

24 – 20 жақсы! (4)

19 – 15 Талпын, ізден!(3)

14 – 5 Нашар! (2)

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Не ұнамады?

Сабақтан не үйрендік?

Бағалау парақшасы

Рефлексия парағы.

Үйге тапсырма: 7-тапсырма, 30-бет Тірек сөздермен 5 сұраулы сөйлем құрау

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мeн берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ