Смайлик туралы не білесіз?

0
4082

   1999 жылдан бері қарай әр қазан айының алғашқы жұмасы күлкі күні ретінде тойланып келеді. Бұл күн мен 1 сәуір күлкі күнінің аражігін ажырату үшін, Бүкіләлемдік күлімсіреу күні десек те болады. Көктемдегі мерекедей достарымызды алдап соғу, күлдіру емес, жай ғана жүзіне жымиыс ұялату – басты мақсат. Ал атаулы күннің басты символы – смайл бейнесі.
 
Ең көп таралған нұсқасында смайликті америкалық суретші Харви Бэлл жасаған делінеді. Ол атақты компания тапсырысы бойынша визит картасын жасауда осы белгіні салған. Бұл көпшіліктің көңілінен шығып, киімдерде, ашықхаттар мен конверттерде де көрініс таба бастады. Ол кездегі смайликтер тек күліп тұратын. Ал мұңайған смайликті алғаш швед режиссері Ингмар Бергман фильмдерінің бірінде қолданған.


   Ол 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің ақпараттық тақтасында күлкі бейнесін қолдануды ұсынып, электронды хат жазды. Смайлик қос нүкте, сызықша және жақшадан құралсын, мұны қызықты ақпарат бергенде әсерлірек болуы үшін пайдаланайық деді.
   Фалманнан бұрын күлкі белгісі ретінде жақшаларды қолдану ұсынысын атақты жазушы  Владимир Набоков та айтқан еді.
   Ал қазір смайликсіз хабарлама жіберсең, қандай көңіл күймен жазып отрғанын білмей дал болып, ренжитін жандар да бар. Тіпті адамдар артық сөзсіз тек смайликтермен ғана бір-бірін ұғыныса алатын жағдайға жетті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ