Соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

0
9771
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Сыңғырла, сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынының сценарийі

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

1. Өтетін орны: № 2 ЖББ мектеп ауласындағы алаң

2. Өтетін уақыты: 25.05.2019ж. сағат 09.00де

3. Қатысатын сыныптар: 1 а,б; 2 а,б; 3 а,б, в; 4 а,б; 5 а,б; 6а,б; 7 а,б, в; 8а,б; 9 а,б; 10 сынып; 11сыныптар.

4. Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, шардан безендірілген арка, түлектерге арналып шығарылған баннер, гүлдер.

5. Жүргізуші: Байғондыұлы А, Омарова Риза 10- сынып

6. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер.

7. Ұйымдастыру жұмыстары: Президиумға отыратын, сөз сөйлейтін адамдар алдын ала түгенделіп, орындарына отырғызылады. Оқушыларды тұрғызу, Ту алып шығатын 3 оқушы әзірлеу.

Жүргізу тәртібі:

Салтанатты жиын мектеп « Жасөрен» оркестрінің «Би» күйімен ашылады.

Фонфар!!!

1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, қадірлі жас түлектер!

Алтын ұя мектебіміз соңғы қоңырау салтанатты жиынына сап түзеді.

2-жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебінің соңғы қоңырауына жиналып отыр. Тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер есінен мәңгі өшпейтін күн.

1-жүргізуші:

Гүл толы қала, далада,

Гүл толы бүгін омырау.

Қоштасып мектеп-анамен,

Соғылмақ соңғы қоңырау.

2-жүргізуші:

Білімдінің бұл өмірде жеңгені көп,

Білім қалар халқымның сенгені боп.

Білімді шәкірттердің тобын бүгін

Атадық «Үздіктердің шеруі»- деп.

Ортаға құрметпен мектебіміздің мақтаныштары, оқу үздіктерін шақырамыз.

1-жүргізуші:

Қарсы алыңыздар ! Сіздердің алдарыңызда «Үздіктер шеруі».

«Музыка әуенімен»+

2-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.

(Фанфарлар, конфети шашылады, ақырын классикалық музыка ойнап тұрады)+

1-жүргізуші: Ортаға 9 «А» сыныбын шақырамыз, сынып жетекшісі технология пәнінің мұғалімі , « III Республикалық қолөнер байқауының бас жүлде » иегері Бақытбек Сания Бақытбекқызы

2 –оқушысы «Үздік куәліктің» үміткері, 1-оқушысы Тлеуберді Мария жеңіл атлетикадан бірнеше дүркін қалалық байқаудың жеңімпазы.

1-жүргізуші:

9 «Б» сыныбы, сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі, білім саласында оқушылары Халықаралық III Республикалық форумда «Мен Азаматпын» ғылыми жобасының «Бас жүлде» жеңімпазы атанып, түрлі пәндік олимпиада, , аудандық, қалалық Білім беру бөлімдерінен марапатқа ие болған Саипова Күлпаш Аманжолқызы.

2 – оқушысы «Үздік куәліктің» үміткері, 1-оқушысы Османова Құндыз математика пәнінен қалалық байқаудың жеңімпазы. Күй өнерінен Киматдинов Руслан аудандық, қалалық, республикалық, Халықаралық деңгейде бірнеше дүркін жеңімпаз атанды. Акуп Аяжан «III Республикалық қолөнер байқауының 2 орын жеңімпазы. Естемесова Аяла мәнерлеп оқудан алдына жан салмайтын , аудандық, қалалық байқаулардың жеңімпазы.

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Қол соғып, қошеметтеп, шақырайық,

Бітіруші түлектерді ортаға.

2-жүргізуші:

Алтын ұя мектебімен қоштасқалы отырған түлектер №2 ЖББ мектептің 49-шы мектеп бітіруші түлектері. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер есінен мәңгі өшпейтін күн.

(Фанфарлар, конфети шашылады, ақырын классикалық музыка ойнап тұрады)+?

1-жүргізуші:Биылғы мектеп бітіруші түлектеріміз 13 оқушы, Алғашқы ұстаздары Букетова Қымбат Артықбайқызы, Ускембаева Жеңіскүл Нұрышқызы ,үш «Алтын белгі» иегеріне үміткерлер: Момбаева Дана, Омархан Сымбат, Розхан Нұржігіт.

Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектерді ұстаздарымен қошеметпен

ортаға шақырамыз. Сынып жетекшісі білім саласында оқушылары

Халықаралық III Республикалық форумда «Мен Азаматпын» ғылыми жобасының «Бас жүлде» жеңімпазы атанып, қалалық , аудандық пәндік олимпиада, қалалық, аудандық Білім беру бөлімдерінен марапатқа ие болған физика-математика пәнінің мұғалімі Аталықова Гүлнара Дүйсебайқызы

2-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектеріміз:

Омархан Сымбат –«Алтын белгіге» үміткер,қазақ тілі пәнінен қалалық, химия пәнінен аудандық олимпиада жүлдегері, домбырадан «Жастар жалын»байқауында бас жүлде,«Қабылдаған шешімім менің өмірлік ұстанымым» тақырыбындағы аудандық эсседен 1- орын иегері

Розхан Нұржігіт ––«Алтын белгіге» үміткер, мектебіміздің Экс президенті, EXPO 2017 экологиялық қоршаған орта жобасынан 2-орын, «Дарын» ғылыми жобасынан 3-орын, дүниежүзі тарихы пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегері, үстел теннисінен аудандық,қалалық жүлделі орындар,волейболдан қалалық, футболдан ашық спартакиаданың 2 дүркін жеңімпазы.

Момбаева Дана––«Алтын белгіге» үміткер, биология,химия пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегері , домбырадан «Жастар жалын» байқауында бас жүлде,«ART OLIMPIA» Турцияда –өткен ән байқауының жүлдегері,республикалық « Ғұмырдария» байқауында 1- орын иегері

Ногайали Дарын- Оқу екпіндісі, еркін күрестен қалалық жарыстардың жүлдегері, ПРО ООН жасыл экология бойынша арнайы алғыс хат, Флэш-мобтан қалалық байқаудың жүлдегері , Қазақстан тарихы пәнінен пәндік олимпиада жүлдегері

Сұлтанғазы Дана- Оқу екпіндісі, Мұқағали ,Абай оқуларының жүлдегері, қазақ тілі пәнінен қалалық, аудандық олимпиада жүлдегері, «Өсиетпен өрнектелген өнегелі өмір» атты қалалық ғылыми жобаның жүлдегері

Даутхан Дияр- Оқу екпіндісі, ПРО ООН жасыл экология бойынша арнайы алғыс хат, Флэш-мобтан қалалық байқаудың жүлдегері , Қазақстан тарихы пәнінен пәндік олимпиада жүлдегері

Ягофарова Камиля- Алматы қаласы әкімінің мадақтамасы, Халықаралық «Дарын» ғылыми жобасының, Республикалық «Зият» ғылыми

жобасының, Қалалық экологиялық ғылыми жобасының жүлдегері, Орыс тілі пәнінен қалалық , аудандық олимпиададан жүлделі орындар иегері.

Сейдемет Дарын- Оқу екпіндісі, ПРО ООН жасыл экология бойынша арнайы алғыс хат, Флэш-мобтан қалалық байқаудың жүлдегері ,ережесіз жекпе-жектен жүлдегер.

Ахметханова Дана-Оқу екпіндісі, ПРО ООН жасыл экология бойынша арнайы алғыс хат, Флэш-мобтан қалалық байқаудың жүлдегері ,

волейболдан , шахматтан аудандық жарыс жеңімпазы

Әнуар Наркес-Оқу екпіндісі,Республикалық: «Ғұмырдария байқауынан бас жүлде, «Сән театры», «Фитодизайн» байқауларының жүлдегері Халықаралық «Жеті өнер», «Дарынды бала» халықаралық байқауларының жүлдегері

Жамбылова Ақерке- Оқу екпіндісі,«Тайжарыс» Республикалық ән байқауынан бас жүлде, «ART OLIMPIA» Турцияда –өткен ән байқауының жүлдегері.

Ізтелеу Аяжан-ПРО ООН жасыл экология бойынша арнайы алғыс хат, Флэш-мобтан қалалық байқаудың жүлдегері, волейболдан, аудандық жарыс жеңімпазы,мектепішілік қыз сыны байқауынан 2-орын иегері

Рахмеджан Фариза-Оқу екпіндісі,қалалық Ільяс Жансүгіров оқуларының жүлдегері, қазақ тілі пәнінен қалалық, аудандық олимпиада жүлдегері, актерлік шеберлігі бойынша республикалық байқаудың лауреаты.

Әскери жетекші: Мектеп! Сап түзе!Тік тұр!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!

Б.Тілеуханов «Елім менің» әнімен жүреді +

(Ту ұстаушы топ ҚР-сының Мемлекеттік туын оқушылар қатары алдынан өткізгеннен кейін, мектеп сап түзеуінің төріне орналасады)

Бірден Гимн орындалады+

1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынға келіп отырған қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер!————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

2-жүргізуші:

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Армысыздар, аяулы ұстаздарым,

Сенері сіздерсіздер халқымыздың.

1-жүргізуші:

Өмір берер ертеңгі бағаларын,

Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,

Қош келдің, әкелер мен аналарым!

1- жүргізуші: Бүгін — алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні. 2-жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн. 1-жүргізуші: Бүгін — атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн. 2- жүргізуші: Бүгін — әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн. 1- жүргізуші: Бүгін — әкең қызым бойжетті деп мақтанған күн 2-жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ержетті деп шаттанған күн. 1-жүргізуші: Бүгін — ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн. 2- жүргізуші: Бүгін — арман қуып алысқа аттанған күн. 1-жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

2-жүргізуші:

Ендеше, сәт сапар, жас түлектер! Қош айтысып балалық шақ өткеніне, Қош айтысып сүйікті мектебіне. Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар, Аттанып барады өмір көктеміне.

1-жүргізуші:

Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:

2-жүргізуші:

-2019 жыл -қазақстандықтар үшін ерекше жыл, 2019 жыл – «Жастар» жылы

1-жүргізуші:

-2019 жылғы Елбасы жолдауында «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын дайындауды тапсырылды

2-жүргізуші:

-2019-жылы Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойылды

2-жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, — дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы

Отепбекова Бақытнұр Маденқызына беріледі.

I — жүргізуші:

— Сіздер қалай ойлайсыздар, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші:

Шынымен де, мен де осы сөзің дәлелді бола түсуі үшін мына жыр шумақтарын қосайын:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұстаз біздің екінші анамыз!

1-жүргізуші:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз—ғалым, толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар қадірлі,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын- деп, ендігі сөз кезегі мектеп бітіруші түлегіміз, «Алтын белгіге» үміткер оқушымыз Розхан Нұржігітке беріледі. Олай болса келесі ән аяулы ұстаздарымызға арналады!

11- сынып оқушылары Ақерке мен Дананың орындауында

« Ұстаздай ұлы жан бар ма» әні.

2-жүргізуші:

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, — дей отырып мектеп бітіруші түлектерге 1-сынып оқушылары ақ тілегін жолдайды

1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілігін,

Ортаға шақырайық ата-ананы- деп, «Алтын белгіден» үміткер оқушымыз Момбаева Дананың анасы Момбаева Бақытгүлге сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші:

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушы да, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, бар білімін беруде аянбаған, алғашқы ұстазы Букетова ҚымбатАртықбайқызы мен түлектерін ұясынан ұшырғалы тұрған ардақты да, аяулы бар баланың анасындай болған, ыстығына күйіп, суығына төзген сынып жетекшісі Аталықова Гүлнара Дүйсебайқызына сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші:

Құлпырайық, ғажайып түрге енейік, Түлектермен бәріміз гүлденейік. Мың бұрала билесін қимастықпен, «Мектеп вальсі» ырғағына тербелейік!

Түлектердің ізбасары Садуақас Санжардың орындауымен «Вальс» әні

Би: Қоштасу вальсі

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушыларымыз: Розхан Нұржігіт,Момбаева Дана, Омархан Сымбат кейінгі ізбасарлары, мектебіміздің 10 класс оқушылары, оқу үздіктері: Артықбай Азамат, Омарова Риза, Бектеміс Сымбатқа «Білім кілтін» тапсыруға, рұқсат етіңіздер!

Алдарыңнан арман жолы ашылады, Түлектерге бақыт гүлі шашылады. Қимастықпен осы жылдың білім кілтін Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Сымбат:

Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда тұр зор үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болдыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп

Тапсырамыз Білім кілтін»

Риза

Қанатын қағар ақ жолдан,

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай,

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті,

Гүлдерге толы қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті,

Сәт сапар болсын жолдарың!

2-жүргізуші:

Қоңырау үні, оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің, 40 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі қоңыраудың үні ерекше.

1-жүргізуші: Сыңғырла соңғы қоңырау,

Тілегің болсын түлекке.

Киелі үнің күш берсін,

Үлпілдеп тұрған жүрекке –деп

сіздер үшін құрметті мектеп бітіруші түлектер,

соңғы қоңырау үні соғылмақшы.

Соңғы қоңырау соғу рәсімі, түлеп ұшқалы тұрған 11-сынып ұлдары мен қыздарына беріледі.

/ «Ең соңғы қоңырау» әні/

2-жүргізуші:

«Қош бол,менің мектебім» әні Ізтелеу Аяжанның орындауында

\оқушылар шарды аспанға ұшырады.( 9, 11- сыныптар)

Күй ойналып тұрады… (8 «А» сынып қыздары ақ жол матасын төсеп, матаның шетіне тұрады.) ақ матаны төсейді

2-жүргізуші:

Аттанарда ұрпағым бақ жолына, Түссін деп тура жүрер нақ жолына , Арнайы ақ матадан жол төседік, Ырым қып түлектердің ақ жолына!

1-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Қымбатты біздің түлектер, Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз! Қанаттарың талмасын, жас түлектер!

Әскери жетекші: Мектеп! Сап түзе!Тік тұр! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!»

(Ту ұстаушы оқушылар Туды саптың алдынан жүріп өтіп, алып шығып кетеді)

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері

«Сыңғырла, сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.

1-жүргізуші: Оқушылар демалыстарыңыз сәтті өтсін!

Бірге: Қош сау болыңыздар!

 

Шараны өткізген: Аталыкова Гульнара Дуйсебаевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ