Сократ: адам жаны туралы

0
4910

Сократ:  «ең бастысы  — адамның жаны және оның жан дүниесі», «адамның жаны қандай күйде болса, адам өмірінің игілігі соған байланысты», «адам жан дүниесімен бай»  дегенді қайталаудан жалықпады, Сократ адам  жан дүниесімен ғана танылатыны туралы көп айтты.

Сократ: «адам — өте қиын құбылыс, оның санасы субъективтік дүниелерге толы, бірақ адам – өзін — өзі тани алатын рухани құбылыс»  деп санады. Сократ: «Өзіңді танып біл!», «Өзіңді тану – адамшылыққа  жету көзі, адам бақытының кілті»  — дейді. «Адам өзін бақытты етеді, не  сорлы етеді»,-   дегенді бірінші айтқан Сократ. 

Сократтың  пікірі бойынша, әркім өзінің жанын күтуі қажет, әркім өзінің жанын қорламағаны, былғамағаны дұрыс, өйткені жанын қорлаған, былғағандар  қоғамды  бұзады,  ал атақ — абырой, мансап, дүние — байлық іздегендер  өзінің жанын күйзеліске ұшыратады.  «Адам  жан дүниесі  арқылы құмарлығына тыйым салады, жол бермейді, сөйтіп ізгілік пен қайырымдылыққа толады»деп  айтқан  Сократ еді», –дейді Платон. 

Егер де адам жаны жалған, негізсіз сенімдерге толса жан күйзеліске ұшырайды, ал егер де адам жаны негізді сенімдерге толы болса адам жаны  игілікке толатынын айтады. Сократ: «надандық пен жалған сенімге бару — күнә, бірақ адамның  білместігі мен түсінбестігі  үшін  кінәләудің  қажет жоқ»  деп санайды.  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ