Сократ: білім, ақыл туралы

0
2406

Сократ бойынша «толып тұрған білімнің бәрі ақыл емес, білімділердің бәрі ақылды емес».  Сократ:  «білім алу  мақсаты – адамның жетілуіне және игілікті  өмір сүруіне  көмектесу» дейді. Сократ өмірде кедей өмір сүрген және қарапайым тұрған адам, даналыққа үйреткені үшін де, оқытқаны үшін де шәкірттерінен ақы алмады.  Сократ дана«Бір ғана игілік бар  – ол білім, бір ғана  зұлымдық бар  – ол надандық»  деп түсінді,  ал « атаққұмарлық  жамандыққа ұрындырады»деп санаған.

Сократ адамның моралдық, этикалық негіздерінде ақыл мен ар ожданның орны бөлек санайды, ол ақыл мен ар — ожданды  адамның адамгершілік негіздеріне кіргізеді, адам ар — ожданы мен  ақылы арқылы адамшылық қалпын сақтайды, «адам ақылының шыңы  – жақсылық пен жамандықты айыра білуінде»  деп айтқан  Сократ.  Кез — келген адал адам өзінің іс қылығына – осыным дұрыс па немесе бұрыс па дегендермен өлшеуі тиіс, осыным  адамға жасалған игілік пе,  әлде адамға жасалған  қиянат па дегендерді басшылыққа алып, өзіне -өзі сұрақ қою тиіс.

Сократ «ақылды»  және  «ақымақ»  деген түсініктер жіктемесін енгізді,  ол: « ақылы  арқылы адам өзінің  күш жігерін, қайратын, құмарлығы мен әуестігін бағындырады, адамға біткен «табиғи бастауларды»   жетілдіреді,  тұлғаға айналады», «адам бойындағы жүріс- тұрыс, мінез –құлық бәрі де  ақылды болу керек», «ақылды жүріс- тұрыс, ақылды мінез –құлық»(этикалық норма)Сократ бойынша: «адамшылық  жүріс — тұрыс, адамшылық мінез –құлық»  (мораль) тең синонимдер. Сократ бойынша: «ақыл мен адамгершілік әрқашан бірге жүреді».

Атақты философ М.Монтень: «Сократ өзінің де және өзгенің де өмірін табиғат, жаратылыс заңдарымен ұштастыруға тырысты, сондықтан да Сократты  Александр Македонскиймен  салыстыруға болмайды, алғашқысы «әлемді өзінің билігі үшін  бағындырды», ал екіншісі (Сократ) «адамның биікке көтерілуіне, жетілуіне  жол көрсетті», әрине екіншісі  әлдеқайда қиынырақ, терең білімді қажет етеді»  — деп жазады «Тәжірибе» атты еңбегінде.   


ПІКІР ҚАЛДЫРУ