«Құстар әні» Түстен кейінгі музыкалық ойын-сауық

0
2302
«Күн дидарлы-Қазақстан!»
Топ: Ортаңғы

Тақырыбы: «Құстар әні» Түстен кейінгі музыкалық ойын-сауық

Мақсаты: — музыканы тыңдап, жуан- жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету;

  • Құстарға деген сүйіспеншіліктерін ояту;
  • Ән арқылы балалардың тіл байлықтарын дамыту;

Көрнекілік: құс пен оның балапанының суреті, слайд «Көктем»

Сөздік жұмыс: қарқ- қарқ, бытпылдық, бозторғай, көкек.

Оқу- іс әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотвациялық- қозғаушылық

Музыка ырғағымен балаларды көңілді қарсы аламын. Балалар маршпен кіреді.

Балалар орындарына жайғасқан соң музыкамен амандасамын:

  • Сәлеметсіңдер ме?

Шаттық шеңбері

  • Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін. Өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал сендер қуандыңдар ма? Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки бәріміз былай дейік:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

“Қайырлы таң!” деп айтамыз.

Бір болып кешке қайтамыз.

Балалар өз жұптарымен би қимылдарын еркін жасауға, жүруге, өз орындарында тұруға, өз жұптарын табуға тырысады.

Музыкамен амандасады.

Балалар бірге айтады

Ұйымдастырушылық- ізденісдік
  • Жақсы. Олай болса, ән салмас бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық
Дауыс жаттығулары: «Керней мен дабыл», «Жоғары- төмен»

Киіз үй туралы жұмбақ жасыру

Музыкалық қимылды ойын: «Киіз үй»

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілер.

Уықтары шаншылып,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.

Бір- екі үш…

Дидактикалық ойын: «Аспаптарды тап»

Шаршының қабырғаларына әртүрлі аспаптардың суреті жапсырылған. Музыка ойнағанда балалар текшені бір- біріне лақтырады. Музыка тоқтағанда текше қай баланың қолында болса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Жоғарғы жағындағы қабырғада бейнеленген аспаптың атын атау керек.

Ойын бірнеше қайталанады.

Жаңа ойын: «Құстар әні»

Ойынды үйретпес бұрын балаларға слайдтан көктем мезгілінің ерекшеліктерін көрсетемін.

Қардың еріп жатқаны, жылғалардан су ағып, бәйшешектер гүлдегенін көрсете келе, жылы жақтан туған жеріне оралып ұшып келе жатқан құстарға ерекше тоқталамын.

  • Балалар, былтыр жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта туған жерлеріне оралып келе жатыр. Олар алыс елдерден бізге жеткенше ұзақ жол ұшады. Шаршайды, қанаттары талған кезде қонып демалып, жемдерін тауып жеп, қайта ұшады.
  • Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер,- деп сұрақ қоя келе, слайдтан құстарды көрсете келе олардың дыбысын тыңдатамын.
  • Кәне, біздерде сол құстар сияқты ұшып көрейікші

«Жануарлар әлемінде» әуенін тыңдап, құс сияқты ұшып жүруді көрсетемін.

Музыка тыңдау: Балаларды музыка тыңдауға шақырамын(үнтаспадан). Табиғат бояуларын сезінетіндей құстардың дауысын, сайрауын тыңдатамын. Ересек құстардың дауысы жуан болатынын, ал балапанның дыбысы жіңішке болатынын түсіндіремін. Құс пен оның балапанының суреті бейнеленген карточкалар таратып беремін.

Құстар әуенін (жуан- жіңішке)келтіріп, кезек- кезек ауыстырып ойнайды, балалардың карточкаларды дұрыс көрсетуін сұраймын.

Ән үйрену: «Көкек» (Б.Аманжолов. А.Асылбеков)

Әнді балаларға бір рет орындап берген соң, «Көкек» деген жерінде балаларға бірге айтуын сұраймын.

Жаңа ойын: «Құстар әні»

Үш тоғайда көкек, тоқылдақ, бұлбұл құстары «қонып» отырады. Балалар үш топқа бөлініп, әр тоғайды айнала қоршап тұрады. Қай құстың дауысы таспадан орындалса, сол құс қонып отырған тоғайдағы айналып «ұшады».

Ойын бірнеше рет топтар орындарын ауыстырып ойнайды.

Балалар дауыс жаттығуын жасайды.

Ойынды қызыға ойнайды

(Қолдарын жоғары көтереді)

(Шеңберді кеңейтед.)

(Қолдарын алдарына созады)

Білезік буындарын айналдыр)

(Айналып жүру)

Музыка тоқтағанда ұлдар мен қызда екі бөлек киіз үй құру керек.

Балалар кішкене шеңбер құрып тұрады. Музыка ойнағанда шаршыны сағат тілімен бір- біріне береді. Музыка тоқтағанда шаршы ұстаған баланы ортаға лақтырады да бетіне түскен аспаптың атын атайды.

Мұқият тыңдайды

Балалар мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады

Балaлар зал бойымен ұшып жүріп, ырғақты қимылдар жасауды, отырып тұмсықпен шоқуды, айналуды, аяқ ұшымен арға- артқа, оңға- солға қимылдар жасауды үйренеді

Балалар құстардың дауысын сезінуге тырысады.

Әуезді әнмен қалықтап ұшуды, қанаттарын жоғары- төмен майыстыра құс қимылдарын жасауға тырысады

Музыканы тыңдап, жуан- жіңішке дыбыстарды айырып, суреттерді көрсетеді.

Балалар үш топқа бөлініп, «әр құс» өз әнін дұрыс тауып, ұшуға тырысады.

Ойынға қызыға қатысады.

Балалар «Көкек» деген сөзін музыкасымен бірге айтуға тырысады

Балалар ойын шартын мұқият тыңдаған соң, ойынды қызыға ойнайды

Рефексиялық-

түзетушілік

Балалардан қандай құстардың дауысын тыңдағандарын сұраймын.

  • Құстардың дауысы қандай?
  • Балапанның дауысы қандай?

Балаларды мадақтап, сау бол айтамын.

Ойын- сауықты балалар смайликпен бағалап, нота сызықтарына іледі

Сұрақтарға жауап беруге тырысады

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ