Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет (эссе)

0
3037
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет

«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады»
Жүсіп Баласағұн

     Қашан да жақсы адамдардың жүрген жері жәрмеңке, күлкісі күміс, айтқаны алтын. Әлем кілтін ұстап тұрғандар да сол жақсы адамдар.
     Ұстаз болғаны өз алдына бір төбе, жүзінен шуақ төгіліп тұратын Аягүл Төреқызының елге жылы сөз айтып, игі тілек білдіріп жүретіні өз алдына бір төбе.
     Ұстаздардың ұстазы атанған Аягүл Төреқызы  бәрімізді жылы сөздерімен демейді. Әсіресе, жастарға тілектестік білдіріп, қолдап жатады. Қандай ғанибет! Әңгімесінің өзі бір әдемі, келісті, жұмсақ. Жүрегінен жұпар исі аңқып тұрғандай. Қалай десек те жақсы адамның жақсы істері есіңде қалады. Мейлі ол туысың болсын, мейлі ешкім емес, өзге біреу болсын. Аягүл Төреқызы өзіне ғана емес, еліне, Отанына қолдан келген еңбегі мен білімін аямаған нағыз биік, рухы жоғары ұлағатты ұстаз. Арамызда жүрген жақсылардың жақсылығын айта білу керек, адамды адами қасиетке тәрбиелейтін сол жақсы адамдардың жақсы өнерлі ісі.
      «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм, өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, Аягүл Төреқызының барлық оқытушылық қасиеттері мектепке,мұғалімдер мен оқушыларға көмектесуге бағытталған. Баланың жоғары интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу оның негізгі борышы.
      Ұстаз деген ұлы сөзге бүкіл дүниедегі Ұлылық, Ізгілік, Даналық, Кемеңгерліктің бәрі сыйғандай…
      Шәкірт тек ұстаздың алдында ғана бас иеді.
      Сондықтан іргелі елдің елдігін тереңнен ойлаған ұрпақ болашағын жан дүниесімен толғаған қай халық, қай ұлт болсын ең алдымын Аягүл Төреқызындай ұлағатты ұстаздарымызға тәу етсін, бар жақсылық игілігін осындай ұстаздарға арнасын.
      Дүниеде қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де ұстаздардан тәлім – тәрбие алған. Біздің ардақ тұтар Аягүл Төреқызы сынды ұстаздарымыз – кешегі мен бүгінгінің, болашақ пен мәңгіліктің шежіресі.   
     «Еңбек – адамды бақытқа бөлейді». Кім болсаң да өз ісіңе адал бол, таза еңбектен, ізден, алмайтын асуың жоқ. Өзің де бағалысың, халқың да құрмет тұтады, ал үкімет ардақтап, көтермелейді, өзгелерге үлгі етеді. Таза еңбек еткен адамның қолы бәріне де жетеді. Аягүл Төреқызының орасан зор еңбегі бағаланды. Ең бастысы – халқының адал перзенті. Ерең еңбегімен барлық атақ – абыройға ие болған нағыз ұлағатты ұстаз, нағыз басшы.
    Аягүл Төреқызы өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушыларына, әріптестеріне үлгі.
     Береке басы білікті басшылықта. Өзі де өмір бойы көпті көрген, тәжірибелі мамандардан үйренуден жалықпай, адал, іскер басшы болып, өмір жолынан адаспады.
     Елінің сенімін ақтап, ар мен намысын қатар ұстап, әділеттілікпен еңбек етіп, елі мақтаныш ететін білікті басшы болу – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ондай қошеметке ие болу — марапаттың биігі.
     Жетпістің шыңына асқан сергектікпен қадам басқан Қазақстанның Еңбек Ері, ардагер ұстаз Аягүл Төреқызына халық қалаулысының жұлдызы жоғарыдан жана берсін, абыройы асқақтап, беделі белестен белеске көтеріле берсін – деймін.
Меніңше, «Жақсылардың жолын қуған жаңылмайды» деген осы.

Буланбекова Жанар Искаковна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ