Су — тіршілік иесі

0
2222
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Ортақ тақырып: «Мамандықтар әлемі»

Сабақ тақырыбы: Су — тіршілік иесі

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.3.1.табиғаттағы су айналымын сипаттау;

4.3.3.2.атмосферада  жауын-шашынның  түзілу үдерісін сипаттау;

4.3.3.3.судың ластану көздерін анықтау;

4.3.3.4.судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру;

4.3.3.5.түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: табиғаттағы су айналымын сипаттайды;

атмосферада  жауын-шашынның  түзілу үдерісін сипаттайды;

судың ластану көздерін анықтайды;

судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіреді;

түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттейді.

Көптеген оқушылар: табиғаттағы су айналымын сипаттайды;

атмосферада  жауын-шашынның  түзілу үдерісін сипаттайды;

судың ластану көздерін анықтайды;

судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіреді;

түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттейді, зерттеу нәтижелерін қорытындылайды

Кейбір оқушылар: табиғаттаға су айналымы жайлы түсініктерін қорытындылайды, жауын-шашынның түрлерін атайды, судың ластануына адамның тікелей қатысы бар екенін айтады, судың ластануының зияны жайлы  ата келіп, суды қорғау жайлы өз тұжырымдарын ұсынады, судаң қасиеттері жайлы қорытындыға келеді.

Бағалау критерийлері: 1.табиғаттағы су айналымын сипаттайды;

2.атмосферада  жауын-шашынның  түзілу үдерісін сипаттайды;

3.судың ластану көздерін анықтайды;

4.судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіреді;

5.түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттейді.

Сабақтың басы: Психологиялық дайындық:»Инцидент» әдісі (сырттан бір бала : «Алақай, алақай, мен ҰБТ-дан жоғары балл алдым. Маған кеңес беріңіздерші, қандай мамандықты таңдасам екен?»-дейді.)

 Сергіту сәті: «Жер шары»   (ұстаздар дөңгелене тұрып, бірінің қолын бір қысады. Әр қысқан сайын бір мамандықты атап, ол мамандықты таңдау себебін айтады: «Мен егер ұстаздықты таңдамасам, ————таңдар едім, себебі,———«)

Ұсынылған кеспе әріптерден «су», «суды қорғау», судың  қасиеттері», «су айналымы», «жауын-шашын», «судың  агрегаттық күйлері» сөздерін құрастырып, бүгінгі  сабақ бойынша сабақтың қамтитын тұстары жайлы қорытынды шығарады. Сабақ мақсатын анықтайды.

Топқа «Мамандыққа қадам» арқылы (сабақ оқу, сынақ тапсыру, мамандық таңдау, білім алу, жауапкершілікпен жұмыс істеу) бөлінеді.

Сабақтың ортасы:

(Ж) Тапсырма №1: Барлығымыз  «Кішкентай зерттеуші» болайық!

Ол үшін алдарыңыздағы    1) №1 ыдыстағы суға қант,  №2 ыдысқа тұз салайық. Суды жақсылап аралыстырайық. Дәмін татып көрейік.

2) №1 ыдысқа көк бояу, №2 ыдысқа қызыл бояу салайық. Не байқадық?

Не байқадық? Тұжырымдамалық кестеге өз қорытындыларыңды  жазыңдар.

Дескриптор:
  1. Тапсырманы мұқият тыңдайды.
  2. Ыдыстарға суды құяды.
  3. Ыдыстарға заттарды кезек-кезек салады.
  4. Өз тұжырымдарын кестеге жазады.
  5. Әр топ өз тұжырымдарын айтады.

Қ.Б: Мадақтау (ауызша бағалау)

(Т) Тапсырма №2: «Білгір» әдісі арқылы жүзеге асырады.

Берілген тапсырмаларды орындаңыз!

1 топ: Су айналымын зертте де, бізге түсіндір.

2 топ: Жауын-шашын түрлерін ата.Суретін сал.

3 топ: Атмосферада жауын-шашынның түзілуін түсіндір.

4 топ: Өзеннің шартты белгісін сал да, еліміздегі ірі өзендерді ата. Өзеннің пайдасын ата.

5 топ: Көлдің шартты белгісін сал да, еліміздегі ірі көлдерді ата. Көлдің пайдасын ата.

Дескриптор:

  1. Тапсырмаларды мұқият оқиды.
  2. Әр топ өз тапсырмаларын талқылайды.
  3. Әр топ ортақ шешімдерін постерге орындайды.
  4. Постерді қорғайды.

Қ.Б:  «Егін шаруашылығы»

Сергіту сәті:

(Т) Тапсырма №3:«Маман»  әдісі

1 топ: «Сиқыршылар» тобы: Жалпы су туралы мәліметті айтады

2 топ: «Ертегішілер» тобы: Су өсімдіктер мен жануарларға керектігін дәлелдейді

3 топ: «Кейіпкер» тобы: Судың адамға пайдасы жайлы айтады.

4 топ: «Эколог» тобы: Суды ластайтын факторларды атайды.

5 топ: «Ғалым» тобы: Суды қорғау ережелерін ұсынады.

Дескриптор:
  1. Тапсырмаларды мұқият оқиды.
  2. Әр топ өз тапсырмаларын талқылайды.
  3. Әр топ ортақ шешімдерін постерге орындайды.
  4. Постерді қорғайды.

Қ.Б: «Компьютер»

Сабақтың соңы:

Сонымен әріптестер, сабағымыз аяқталды.Ендеше   «Мәре сатысы» кері байланысын жасайық!

«Мен үйренген үш мәлімет, Менің көбірек білгім келген екі мәлімет, Есте сақтау керек маңызды мәлімет»-деп алып, бүгінгі сабақта білгендерін өздері жинақтау арқылы кері байланыс жасайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ