ҚАЗҰУ студенттері “Тәуелсіздігіме 25 жыл“ атты мәдени іс-шара өткізді

0
1605
ҚазҰУ студенттері

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — бұл тарихы тереңде жатқан елдің, өз алдына егеменді ел болған күні, халқының сан ғасырлар бойы бостандыққа ұмтылған асқақ армандарының орындалғаны. 16 — желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл мерекеге орай, Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің  2 курс, ЕТ БҚ тобының студенттері де іс-шара өткізіп, әрқайсысы Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін өздерінше көрсете білді. Жоспар бойынша, белгіленген уақытта, белгіленген аудиторияда, студенттердің безендіруімен, Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаларды еске салатын суреттермен, видео, аудио және слайд, әдемі киінген студенттер тобымен сабақ өте тартымды басталды.

Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұл жетістікке жеткен де бар, жетпеген де бар. Біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберу керек. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты. Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Асанбаева Альбина, Бижігіт Әзімбек, Ерқос Айнұр, Ибадулла Нұрғаным, Сырманов Бауыржан мемлекетіміздің — жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы болғаны жайында өз ойларын шертті. Ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін деп, сөзін тамадады. Ары қарай студенттердің әрқайсысы шығып,  «Жаңа ғасырға аяқ басқан — жаңа Қазақстан», «Тарих беттерін парақтасақ…», «Ұмытылмайды Желтоқсанның ызғары», «Менің бар бақытым — қасиетті Отаным», «25 жылда алған асуларым», «Спортта да жеңістің желіндеміз», «Әлем таныған — Қазақстан», «Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке» тақырыптарын бөліп алып, әркім өзінше тақырыпты аша білді. Ашық тәрбие сағатының соңынан дөңгелек стол басында айтылған ой, саралы сөз, өлең-жыр қорытындысы жасалды.

Информатика кафедрасының доценттері мен аға оқытушылары:

Төлепбердинова Г.А.

Адилжанова С.А.

Ғазиз Г.Ғ.

Қабдрахова С.С.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ