Студенттерді  инклюзивті білім берудегі тәрбиелеудің жолдары

0
1889
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігін және қызығушылығының қалыптасуы мен дамуына жағдайын жасау деген мақсатпен,ұранмен осы тақырыпты таңдауыма себепкер болды.

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті. Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты [1,56б]. Биыл жарық дүниенің есігін ашқан сәбилердің 16 пайызы мүгедек болып туған. Жүйе өсіп бара жатыр. Жыл өткен сайын сондай балалардың да саны үлкейіп келеді. Орта мектептерден оларға арнайы топтар да ашылып жатыр. Сондықтан мамандар әрқашан керек болады.

Қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар — ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады[2,84б]. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз баланың деңгейіне мән бермейміз, нәтижесінде көптеген білім алушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.

Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі-мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар: мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.

Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдарламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүмкіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың білім идеяларын іске асыру үшін алғы шарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады: логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ.

Бұл термин көбіне «Сапалы білім барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, мүмкіндіктері шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын оқушыларға өзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай жасау. Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп — интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер кемтар бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытып, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе — кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес.

Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді — енді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады[3,127б]. Бұл мектептегі жағдай. Ал бізде өзіне мамандық алатын, қоғамда өз орнын табамын дейтін білім алушылар үшін жағдай кішкене басқаша.

Біздің колледжде қазіргі таңда 4 мүгедек бала білім алуда. Олар сылақшы мамандықтарын таңдаған.  Колледжде мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған.  Оқу кезінде балалар қоғамға бейімделіп қана қоймай, колледждің теория мен тәжірибесіне, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуда.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың негізгі әдісі — біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу — басты мақсат болып отыр. Біріктіру әдісі — білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады. Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі: дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету; -дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.
Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті.

Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық. «Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға Үкіметтен бастап, мектептерге дейін мән берілуде . Жарымжан балаларды оқыту процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып ғана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.

Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда  «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз оқытудың тұжырымдамасын жасау аса қажет болмақ . Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып табылады [4,178б].

Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұ-ғалім бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жүргізгені жөн. Әр оқушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына қарай жұмыс жүргізсе, оқушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындалады деп ойлаймын.

Жаңаша білім берудің негізгі тәжірибелік міндеттерін шешуде мекемедегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер мен құралдардың тиімділігін диагностикалау негізінде анықтауға болады. Осыған байланысты педагогтар өз қызметінің обьектісіне әлеуметтік психологиялық және педагогикалық мінездеме беріп, танып, білумен зерттеу әдістерін меңгерулері керек. Әр балаға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді [4,32б].

Қорыта келгенде, әрбір жеке тұлға мейлі ол мүмкіндігі шектеулі болсын немесе сау бала болсын, біз әрбір педагог олардың қоғамда өз орнын табуғажағдай жасаймыз.  инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.

Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.

 Қолданылған әдебиеттер

 
1 . ҚР — ның 2011- 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасы, Астана, 2010 ж.
2. ҚР — ның білім туралы Заңы 2008 ж.
3 . ҚР Мемлекеттік Білім стандарты 2010 ж.
4. ҚР — ның 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2006 ж.
5. Әлеуметтік педагог №3. 2011 ж.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ