Өндіріс қалдықтарының табиғатқа әсері.

0
2739
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
АТЫРАУ ӨНЕРКӘСІП ТОРАБЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Өндіріс қалдықтарының табиғатқа әсері

Мұнай өндіру және өңдеу өнеркәсібі шоғырланған Атырау облысы Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы қолайсыз облыстарының бірі болып табылады.

Мұнай өндіретін сала – атмосфералық ауаныластауға көзі; ескі кен орындарын жетілдіріп, жаңаларын игеру концентрациясы қажетті деңгейден он есе жоғары күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газ және т.б. химиялық зарттардың атмосфераны ластауы деңгейін күрт ұлғайтып жібереді.

Кеніштердің көпшілігі қажетті түрде жабдықталмаған, ескі технология бойынша мұнай шығарылуда.

Мұнаймен бірге серіктес қабат суы, сондай-ақ қажетті шамада пайдаланылмай, қоршаған ортаға атмосфералық тастанды ретінде шығарыла салатын газ көп мөлшерде шығарылады.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасы тазалық-індеттік қызмет көрсету мекемесімен бірлесіп, судың сапалық құрамын анықтауға мезгіл-мезгіл бақылау жасайды, су объектілері бойынша үнемі рейдтер жүргізеді.

Мұнай өнімдерінің едәуірі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғыларын пайдаланған кезде және айдап-жинау құбылыстары кезінде ұңғыларды су басқанда, су жолымен мұнай тасымалданғанда, кәсіпорындардың, ең алдымен, мұнай өндіретін және басқа өнеркәсіп салаларының сарқындысымен ілесіп құйылады.

Атырау аумағында салаулы радиоактивті ауытқулар бар, олар, әсіресе, мұнай кәсіпорындарынан байқалады, себебі қабаттағы ағындыларды көп жылдар бойы өндірген кезде және бұрынғы әскери полигондар аймағында айналасында радиоактивті тұздар шөккен. Осыған байланысты жердің осы үлкескілерін дезактивациялау проблемасы туып жатыр

Азғыр полигонында 70-80 жылдары отын, оның ішінде мұнайдың стратегиялық қорын жасау мақсатында 17 жерасты жарылысы өткізілді. Кейін бұл жарылыстар тоқтатылды, бірақ Қазақстанның орасан зор жері ешнәрсеге жарамайтын жағдайға жетті және халықтың демографиялық күйі аса ауырлап барады.

Сондықтан бұл жер 25 жыл бойына халық шаруашылығына пайдаланудан шығарылды. Кеңес армиясының ауыр және орта ракеталары сынақтан өткізілген Тайсойған полигоны бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап тұр. Ракета жанармайларының қалдықтары, ракета сынақтарымен ластанған жүздеген шақырым жерлер – жергілікті халық мойынсұнуға мәжбүр жағдайлар. Облыстың Азғыр полигоны мен ескі мұнай кәсіпорындарынан басқа жерлеріндегі радиациялық фон қалыпты шекте сақталуда және ол сағатына 9-13 мкр шамасына тең. Теңіз кен орнында мұнай өндірудің артуына байланысты облыстың экологиялық жағдайы күрделене түсті және бұл атмосфераға зиянды заттарды шығарудың күрт артуына әкеп соқты.

Мұнай кеніштерінің теңіз жағалауларына тым жақын орналасуына байланыста теңізді мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының алдын алу проблемасы бүгінгі күннің басты проблемасына айналып тұр.

Кеніштердің бірқатары су астында қалған, ал көпшілігі тосқауылдар денесі арқылы теңіз суын сүзетіндіктен, іс жүзінде бұлар да суда тұр. Ашық теңізде сүрлемеленіп қалдырылған ұңғыларда қауіпті.

Кеніштерді су астына қалдырудан сақтап қалу мақсатында уақытша жүргізіліп жатқан жұмыстардың берер нәтижесі де мардымсыз және ол пробелманы шеше алмайды.

Осындай ішкі көздерден басқа экологиялық жағдайға көршілес облыстардың мұнай кәсібі мен газ өңдеу кәсіпорындары да зиян жасауда.

Облыста 16 кәсіпорын өз жұмысында иондайтын сәулелендіру көздерін (468) қолданады.

Көшелерде автомобиль санының артуына байланысты ауа біршама ластанады. Стандартқа сай келмейтін жанармай қолданылатындықтан, көліктердің техникалық күйі экологиялық қауіпсіздікке сәйкес емес.

Ерекше қорғалатын территория – Каспий қайраңында бұрғылау жұмыстарының басталуымен өңірдің ихтиофаунасы мен орнитофаунасы тағдырына да қауіпті. Су қоймаларын ұзақ уақыт бойы мұнай, ауыр металл, пестицид, фенол және т.б. химиялық заттармен ластау балықтар тіршілігіне орны толмас зиян жасайды, әсіресе, балықтардың сирек кездесетін түрлері мүлдем жойылып кетіп жатыр.

Бекіренің жыл сайын ауланатын 9-10 тонна өнімі 70-жылдардың аяғында 20 жыл ішінде 16 есе азайды. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне байланысты уылдырық шашу деңгейі де төмендеп барады. Жануарлар дүниесін толықтыру жұмыстарының тоқтатылуы және оны қорғауды бәсеңдету аса бағалы балық түрлері қорының күрт төмендеуіне кетуіне әкеп соқты. [18]

Дегенмен, Каспий теңізі деңгейінің көтерілуімен салыстырғанда, бұл проблемалар көлеңкеде қалады. Каспий теңізінде байқалып отырған трансгрессия – оның тарихында бұрындары да болған болатын.

Қазіргі уақытта Теңіздің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуі негізінде қалыптасқан топырақ және өсімдік қабаты, жалпы биогеоценозы, жағалау аймағының рельефі өзгеріп тұр. Қалаландырылған аумақтарда адам мен қоршаған ортаға барынша қауіпті өзгерістер жүріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №124 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясына сәйкес биоәртүрлілік пен табиғи ортаны сақтау, қалпына келтірудің барынша тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және олардың алаңдарын әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, ел аумағының 10%-нан кем емес кеңейту болып келеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ