Table manners тақырыбындағы ағылшын тілінен ашық сабақ

0
1721
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы Table manners
Сынып 6 «А»
Сабақтың мақсаты

Оқушылардың «Тағам» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту.

«Үстел үстіндегі тәртіп ережесін сақтау» тақырыбы

бойынша тіл ұстарту

Күтілетін нәтиже Оқушылар берілген тақырыбы бойынша лексикалық материалды бекітеді, «should» модалды етістігін сөйлеуде дұрыс қолданып, үстел үстінде қалай дұрыс тамақтану тәртібін сақтауды ұғады; топпен дұрыс жұмыс істеуді үйренеді.
Ресурстар Интерактивті тақта, музыкалық тұсаукесер арқылы фотосуреттерді «New School table manners» қолдану, слайдтар, кеспе арқылы деңгейлік тапсырмалар беру.
Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

кезеңі

1. Сәлемдесу:
Good morning, children! I’m glad to see you!

How are you today? What day is it today? Who is on duty?

Who is absent on the lesson? What date is it today?

2. Тренинг «Қарым- қатынас шеңбері».

Оқушылар шеңберге тұрады. Әрбір оқушы көршісіне ағылшын тілінде сұрақ қояды, ол сұраққа жауап береді, сосын сұрақты келесіге осы тәріздес қояды.

3. Топқа бөліну

Оқушылар қазақ дорбасынан жемістер алып шығады. Кімге алма ілекті бір топ болып саналады, кімге алмұрт ілекті екінші топ болып саналады.

II. Өткенді

қайталау.

Өткен лексикалық сабақты бекіту мақсатында оқушыларға

«Food» ( тағам) тақырыбында синквейн құрату.Мұғалім оқушыларға ағылшын тілінде схемасын береді және оны оқушылармен бірге құрайды.

Оқушылар топпен жұмыс істей отырып, постерге құралған бес жолды өлең жазады. 7 мин. уақыт таусылған соң, олар жұмыстарын қорғайды.

III.Негізгі бөлім

Оқушыларға музыкалық тұсаукесерді тыңдата отырып, әзіл түрінде тамақ ішу кезеңінде үстелде дұрыс тамақтану тәртібін сақтамай отырған балалардың фотосуреттерін көрсету. Сол уақытпен бөлісе отырып «физминутка»(оқушылар музыкамен ортаға шығып билейді). Оның алдында бұл өлең не жайлы екенін айыруға тапсырма беріледі. Дұрыс жауап: «Do you use a napkin?»(«Сендер салфетканы қолданасыңдар ма?»)

Содан кейін оқушылар өз орындарына отырады. Мұғалім сұрақ қояды?: Сендер түсінген шығарсыңдар, бүгінгі тақырыптың аты қандай екенін.Тақтадағы қағаздармен жабылған тақырып атын ашады.

-Right, children! Today at the lesson you will learn the theme «Table manners».

Грамматиканы меңгеру

Модалді етістікті дұрыс айтқыза білгізу»should».

Топпен жұмыс.

Тапсырмаларды слайдтан орындау. Ол тапсырмалар алдарында кеспелерде жатады.

  1. топ тақтаға шығып»should» сөзін сөйлемге қолданады, үстел үстінде дұрыс тамақтану тәртібі жайлы сөйлемді аудару.

2-топ «shouldn’t» сөзін сөйлемнің тиіс жеріне қойып және ол сөйлемді аударады.

Бағалау Қалыптастырушы бағалау
Рефлексия Әр оқушы сабақта не ұнағанын стикерге жазып, «Жетістік ағашына» іледі.
Үй тапсырмасы At home you should make уоur table manners (5 sentenses)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ