Сыни тұрғыдан ойлау-қоғамның негізгі құрметі. (баяндама)

0
2397
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Сыни тұрғыдан ойлау-қоғамның негізгі құрметі.

Cыни ойлау – ашық қоғамның  негізі. Cыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізіп,ойын ортаға салу мүмкіндігі. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдеп алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін тыңдап,дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің түйінін табу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашанда диалог, іздене, дайындала, үйрете- үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.

Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай анықтай  біледі. Сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау тұрғысының негізі қалыптасады.

Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның ж Сын тұрғысынан ойлау  — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде  білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің өз ойын ашық жеткізуіне,шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат,халық жағдайын ойлайтын жан болып ержетуі тиіс..

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін жеке тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Ал өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Cын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны  баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар — оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын)  салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады

Сонымен, сыни ойлау қандай жағдайларда болатынын жинақтап,зерттеп көрейік:

— кeз келген ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда;

— кез келген ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда;

— кeз келген  ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында;

— өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде;

— кез келген  не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда;

— бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта );

— өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда.

Оқушы сыни тұрғыдан ойлауды бастағанда нақты сұрақтар қоя бастайды,ақпараттың негізгі мәліметтерін жинақтайды,осы ақпаратқа тиісті деректерді еске түсіреді, өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар,мәселені ашық айтыпбасқалармен салыстырады, балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды, талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды, өз әрекеттерін бақылайды, оларға баға береді, жақсарту жолдарын іздейді, басқалармен тіл табысып, ортақ мәмілеге келуге тырысады.

Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Ал қазіргі заман — математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы — есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Мен өз математика сабағымды тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргузуге көп көңіл бөлемін.Топтар мұғалімге бағыну, тыныштық сақтау, уақытқа бағыну, бір – бірін мадақтау деген топтық ережелерді құрды.

Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда диалогтің бес үлгісін басшылыққа ала отырып мен сабақтарымда Александер тәжірибесінде зерттелген диалогтің бес үлгісінің механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есептердің шығару жолдарын есте сақтауды анықтадым. Мысалы оң сандар, теріс сандар, қарама — қарсы сандар, рационал сандар, бүтін сандар, координаталық түзудің анықтамаларын үш топ қайталайды, диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісін жүргізді. Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық үлгісін, есептерді шешу мақсатында ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым.

Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды қалыптастырдым.. Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс — тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша идеяларды ұсынады.

Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді: оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықты дамыды және зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып тұрды.

Есептер шығару кезінде топпен жұмыс жасағанда білетін оқушылар есепті ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Есептердің критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға салу арқылы критерийдің не екенін түсінді. Есептің критерийін жазудағы мақсат есептің шешуде нені білу керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау диалогі мен критерий жазу есеп шығару барысында бірге жүредіенді осы тұрғыда бір-екі мысалға тоқталып  өтсем.

«Меңгердім..» атты әдіс-тәсілді сыныпты екі топқа бөліп, топтың ең белсенді деген оқушыларын ортадағы қатарға отырғызып, ал қалған топ мүшелерін тыңдаушы ретінде қатыстырып қолдандым. Тыңдаушылар өтілген тақырыптар бойынша бірнеше тапсырмалар дайындап, ортаңғы қатарда отырған топтардан сұрақтарының жауаптарын алып, өз білімдерін нақтылап қорытындылауға , түсінбеген тақырыптарын түсінуге талпынады. Бұл әдістің ерекшелігінің бірі сабақты қайта қарап , әлі де түсінбеген жерлерін толықтырып алуға әбден мүмкіндік тудыратынын көруге болады. Тыңдаушының ролінде отырған топ мүшелері ішкі топтың әбір жауабынан өзін үйрете отыра шыңдалып, ішкі топқа кіруге талпынады. Сонымен қатар,мұнда диалогтік оқыту әдісі де жақсы пайдаланылады.Математика пәнінде сөз қолданудың қажеті жоқ деп есептеушілерге бұл қарама-қарсы пікір болады.Өйткені математика сабағында да оқушының өз ойын,өз пікірін ашық айту қолданылады.

Формулаларды қатесіз жаттау үшін «Кір жуу» әдіс-тәсілін қолданған өте тиімді.Формуланы жатқа білмеген оқушы есептер шығаруда мүлде қолдана алмайды. Оқушыларға жұптық тапсырма ретінде формуланы жаттап дағдылану үшін , осы тәсілді қолданған өте тиімді. Себебі , оқушы «кірді таза жуу» керектігін біледі. Таза киім ғана жіпке ілінетіні шарт. Олай болса оқушылар формуланы қатесіз жаттап жазса ғана , «жуған кірін» жіпке ілетінін біледі. Жұптық жұмыс кезінде ұсынуға болады. Оқушылар бірнеше киімдерді жууға даярлайды, яғни қағазға бірнеше киім үлгісін қиып даярлап, жаттаған формуласын жазып шығуы тиіс.

Кірді жуып біткен оқушы болғанын айтады. Жұптар бір-бірінің кірлерінің таза жууылғанын тексереді,яғни киім үлгісіндегі формулалар қатесіз жазылса жіпке ілінеді; ал қате жазылса , ол формуланы қайта қарап жаттайды.  Бұл жағдайда оқушылардың бірін-бірі бағалауы  іске асып, түзету жұмыстары жасатылады. «Кір қашанғы таза жуылғанша», яғни формула дұрыс жатталғанша жалғастырылады.

Математика сабағында диалогтің көп болуына қажетті «Сен білесің бе?» атты әдіс-тәсіліме де тоқталып өткім келеді.Сыныпты екі топқа бөліп,қарама-қарсы отырғызамыз.Білім беруші мұғалім қолындағы допты бір топтың кез-келген мүшесіне сұрақ қоя отырып,лақтырады.Оқушы сұраққа жауап бере отырып,келесі топтың өзі қалаған бір мүшесіне добын лақтырады.Ойын осылай жалғасады.Оқушы сұраққа жауап таба алмаса да,допты лақтырып ойынды жалғастыра береді.

Мұндай әдіс-тәсілдер түрі де мұғалімге қарай өте көп.Тек солардың барлығын керек және нақты түрде қолданысқа салғаны дұрыс.

Әрқашан да оқушы біз үшін ерекше тұлғалардың бірі.Сондықтан,заман талабына сай сыни тұрғыдан ойлап,өз ойын анық ,еркін жеткізетін оқушыны жеке дара тұлға ретінде қалыптастыру-мұғалімнің қызметтік міндеті болып қалмақ.Әр мұғалім өз жұмысын сүйіп,алдында отырған оқушыларға беретін білімін әркез жаңартып отырса,онда алдымыздағы барлық оқушы қалыптасқан азамат болып шығары хақ!

Туменбаева Жазира Куандыковна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ