Жақсылық жасай білейік

0
35407
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Кіріспе

Жақсылық дегенде,кез-келген адамның қуанышты күлкісі езуіне келіп,тек жақсы жағдайлар мен жақсы істерді,жақсы сөздерді ойлайтыны рас.Жақсылық-адамның көңілін көтеріп.қуанышқа бөлейтін әсерлі сәттерің бірі.

Жақсылық — адамгершілік пен имандьілықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін айқындайды. Бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында жиі қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) өзгешеліктерімен байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады

Жақсылық жасау,адамға қуаныш силау.Кез-келген адамды жасына қарай силап,ізет көрсетудің өзі де үлкен жанға көрсетілген жақсылықтың бір үлесі.Үлкен болсын,сенен кіші болсын жақсы сөздер айтып,қолдан келген көмекті аямай,әрқашанда қолдау көрсету керек.Әрине,ол жақсылықтың да кейін қайтарымы болады.

Зерттеудің мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу  арқылы   жақсылық жасаудың мағынасын түсіндіру.( діни жолмен де түсіндіріледі)

Зерттеудің міндеттері: жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;  жақсыістер жасай білу іскерліктерін дамыту; кішіпейіл ,жанашыр ,мейірімді болуды көздеу.

Негізгі бөлім

Жақсылық жасау дегеніміз –   адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасаудыатауға болады.Жақсылық жасау-оларды жақындастырады, достасырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек  ешқашан ұмтылмайды.

Жақсылық жасау-міндетті түрде ол адам үшін дүниені төңкеру немесе әлем білетіндей көмек көрсету емес,жай ғана өзбен демеп,кішкене ғана көзге ілінбес жақсылық жасаудың өзі үлкен құрметті іс.Жақсылықтың ісі ең алдымен жақындарыңнан,туысыңнан,достарыңнан басталады.Кейде тіпті жолда кетіп бара жатып,танымайтын үлкен адамның немесе жас жеткіншектің сумкасын көтерісіп жеткізіп берсеңде,бұл үлкен қошеметке ие болар сауапты істің біріне жатады.Көмек көрсету кезінде ол адамды міндетті түрде тануға шартты емеспіз,тек ондай ситуфцияда адамгершілігіміздің рөлі қаншалықты екені көрініп тұрады.араласып жүрген достарымызқға да қолдан келгенше аямай көмек көрсеткеніміз жақсылыққа апаратын дара жолдың бірі.

 — Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Жақсылыққа қарама-қарсы  не бар? Әрине, Жамандық.

Жақсылық пен жамандық — жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады.

Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді:

 “Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

 Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас,

 Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас”.

 Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт АтаӘбу Наср әл-ФарабиҚожа Қожа Ахмет ЯсауиЖүсіп БаласағұнАбай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.

Ал енді осы жақсылықтың дінге қарай қандай қасиеттерге ие екендігін қарастыралық. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. Мұхаммед (с.ғ.с.): …кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” 

Жақсылық жасасаң,әрқашанда құдайдан қайтады деп те айтамыз.Онысы рас та!

«Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды» демекші, расында өзгеден жақсылық көргеннен гөрі, біреуге жақсылық жасаған ләззаттырақ. Мұның сыры, бәлкім, жақсылық жасаудың өзге үшін ғана емес, өзіңнің де Ақыретіңе есепсіз көп пайда келтіретініңде жатқан шығар. «Алла кімді сүйсе, оған адамдардың ісін түсіріп қояды», ‒ дейді хадис. Игі іс қылудың саған нәсіп етілгенін білу, мұқтаждығы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында да керемет емес пе?!

Алла Тағала мейірімдіге Мейірімін төгеді, рахымдыға Рахымдылық қылады, кешірімдіні кешіреді, қайырымдылық қылғанға Алла да қайтарымын арттырып береді. Кім қандай жақсылық қылам десе де оған тыйым жоқ. Қайырымдылық қылу да арнайы ережеге тәуелді емес. Дегенмен, жасаған жақсылықтың сауабы зая кетпеу үшін кейбір нәрселерді ескерген артықтық етпейді. Осыған байланысты, пайдасы тиер деген үмітке сүйеніп, аз-кем насихатпен бөліссек дейміз.

Ниетті дұрыста. Жақсылықты тек Аллаға арна. Жақсылық жасауға бағыт алған адам, ең әуелі: «Мен бұл амалымды тек қана бір Алланың разылығына арнаймын» деп ниет еткені абзал. Себебі, ізгі амал 100 пайыз Аллаға арналғанда ғана иесіне Ақыретте орасан зор пайда алып келеді. Себебі, адам тез ұмытады, ал, Алла шаңның тозаңындай жақсылығыңды ұмытпайды. Адам жақсылығыңды қайтара алмауы мүмкін, ал, Алла еселеп қайтарады. Сондай-ақ, адамға жағу мүмкін емес. Адам кейде, жақсылығыңның өзін дұрыс түсінбей, өзіңді ренжітуі мүмкін. Сондықтан, титтей жақсылық болса да оны бір Алла үшін жасаңыз. Сонда есепсіз игілікке бөленесіз.

Жақсылықты есеппен жасама. Рахмет күтпе. Жақсылығыңды міндет етпе.Алла жолында не берсек те, қандай қайыр-жақсылық қылсақ та, сөзсіз, ол өзімізге қайтады! Ол ‒ Алланың Уәдесі.

Алла Тағала: «Әрі жақсылықты ‒ көп болып қайтуы үшін жасама», ‒ деп бұйырады. («Муддәссир» сүресі, 6-аят)

Яғни, адамдарға өзің ұсынған дін және дүние игіліктері үшін, оларға міндет қылма. Керісінше, сен адамдарға мүмкіндігің жеткенше жақсылық жаса және оларға жасаған жақсылығыңды ұмыт. Істегендерің үшін қайтарым сыйды, тек аса ұлы Алладан тіле. А.Саъди

Сондай-ақ, Алла Тағала «Бақара» сүресінің, 264-аятында: «Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға  рия /көрсету/ үшін жұмсап, Аллаға және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер», ‒ деп ескертеді.

Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын): «Жақсылық жасаудың әшекейі ‒ міндетсінбеу», ‒ деген екен.

Туысына немесе танысына жақсылық жасаған кейбір адамдардың аузынан кейде: «Кезінде осындай қайыр қылып едім», «осынша беріп едім», «жұмысқа тұрғызып едім» деген секілді сөздерді естіп жатамыз. Немесе, ата-енесіне деген қызметін «келінім не күйеу балам да ертең мені осылай сыйласын» деп, яки «менің де балаларыма осындай жақсылық қылынсын» деп, қылмақ қайырын есепке құрып жататындар да бар.Ал, шын мәнінде жақсылықты ескеруші Алланың тағдыр еткені ғана орындалады. Алланың есебі ғана болады.

Егер, қай амалыңды да шын ниетіңмен, бар ықыласыңмен Алла үшін жасасаң, Раббың сені, сен күткеннен әлдейқайда артық марапатқа, сый-құрметке кенелтуі мүмкін. Әбу Бәкір әс-Сыддық (Алла оған разы болсын), ел көзінен таса жерде, ешкімге жария етпей, көзі көр әлгі қарт кісінің үйін сыпырып, тамағын беріп, ыдысын жуғанда «менің де қыздарым кемпір болғанда, оларға да осындай жақсылық қылынсын» демеген болар? Олар үшін Раббысының разылығынан артық ештеңе керек емес-ті. Ендеше, жақсылықты дүниелік есеппен емес, Ақыреттегі есебіңді ойлап жасауға ынтық болмақ керек.

Жақсылықты жасаған соң, оны ұмыт. Бір істен соң тояттап, тоқтап қалма.Кейде жасаған болмашы бір жақсылығымыз өзімізге ірі көрініп, нәпсімізге тау қопарып тастағандай күй сыйлауы мүмкін. Жақсылығыңның шырын дәміне рахаттанып, қуанған әрине жақсы. Алайда, бұндай сезімде көп жүріп қалу келесі бір жақсылықтарды елемеуге алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, жасаған жақсылығыңды ұзақ есте ұстау ‒  адамдардан мақтау дәметуіңе, адамнан қайтарым күтуіңе немесе міндетсінуге алып келуі де мүмкін. Сол себепті де қандай үлкен қайыр қылынса да дереу оның ұмытылғаны жақсы. Адам бір жасаған жақсы амалына тояттап, тоқтап қалмауы керек. Лұқман хакім: «Жасаған жақсылығыңды және көрген жамандығыңды тез ұмыт», ‒ деген өсиет айтқан.  

 «Мен жасадым» деп өз-өзіңе сүйсінбе.

Әбу Зу-Жимһир: «Алладан қорықпаған адам: тілін тыймайды, жүрегі харам күдіктен арылмайды, өзін риядан құтқармайды және өзіне-өзі тамсанумен болады», ‒ деген екен. Ақиқатында, қай амалымыздың Алла алдында қабыл етіліп, қай амалымыздың зая кетуде екені бізге беймәлім. Ең кішкентай амалдың өзі ниетіміз арқылы үлкейтілуі мүмкін. Немесе біз үлкен санаған амалымыздың Алла құзырында қауырсын құрлы салмағы да болмауы мүмкін. Шын мәнінде, жақсылық жасау сізге нәсіп болып жатса, ондай мүмкіндікті тарту еткен Аллаға мадақ айтып, шүкірді арттырғаныңыз ‒ абыройлы іс. Өйткені, себептерді де жасайтын, жағдайды да туғызатын ол ‒ Алла. Ал, адамның өз-өзіне сүйсінуі Нуъман ибн Башир (Алла оған разы болсын) айтқандай, шайтанның тұзағы болмақ.

Халқымыз: «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

Батырмын деп мақтанба, барып қайтпай», ‒ деген.

Күлімсіре. Жұмсақтық таныт. Адам кейде бір ауыз жылы сөзге зәру болуы мүмкін. Жақсы сөз бен жылы қабақ адам жанын жадыратса, жігерлендіруші сөз ‒ төмендегіні жоғары көтереді. Алла тағала: «Жақсы сөз және кешірім ‒ артынан реніш араласқан садақадан қайырлы», ‒ деген.  Шын мәнінде, адамның бауырымен қарым-қатынаста шынайы әрі жұмсақ болуының өзі үлкен жақсылық. Қайбір істе жұмсақтық болса, ол сол іске көрік береді. Нәби (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жұмсақ мінезді бол! Ақиқатында, жұмсақ мінез ‒ адамды көркемділіктен басқа ешнәрсеге алып бармайды. Жұмсақ мінезді болмаған адам ұятқа қалады»«Алла Тағала жұмсақ. Әрі жұмсақтықты жақсы көреді. Ол қатігез кісіге нәсіп етпеген нәрсесін, оған /мейірімдіге/ нәсіп етеді», ‒ деген.

Жасаған жақсылығыңды жасыр. Сахабалар, әуелгі ізгілердің ізгілік істеудегі іздеріне қарасаңыз, олардың жақсылықты барынша жасырын жасауға тырысқанын байқайсыз. Мұның себебі, қай істе де шайтанның үлесі болғандықтан, жүректеріне шайтанның рия құртын енгізуінен сақтануында жатыр. Ислам тарихындағы игі амалдарын жасырған көптеген ізгі кісілердің қисса, оқиғалары бұған дәлел. Шын мәнінде, жақсылықтың сауабын риякерліктен асқан жоюшы жоқ. Сондықтан да болар, Әбу Хазим Саләма ибн Динар: «Өздеріңнің қайырлы істеріңді тіпті зұлымдықты (күнә, жамандықтарыңды) жасырғаннан да қаттырақ жасырыңдар», ‒ деп өсиет қалдырған.

Жақсылықтың ең азы болса да оны менсінбей қойма. Мүмкін, дәл сол кішкентай ғана игі амал сізді үлкен сауаптарға қауыштыратын шығар. Ең бастысы, қандай көлемде болса да жақсылықтың ықыласпен, Алла үшін жасалғаны маңызды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман бауырыңды күлімсіреп, жарқын жүзбен қарсы алудың өзін, жақсылық атаулының ешбірін азсынба», ‒ деген.

Алла Тағала баршамызға жақсы адам болуды, айналамызға пайдалы болуды, Өзі разы болатындай ізгі амалдарды көптеп жасауымызды және жасаған амалдарымыздың сауабы толық болуын нәсіп етсін!

Қорытынды

Міне,жақсылықтың өмірде адам баласына берер пайдасы өте көп.Адамның қуанышты,көңілді,әсерлі болуындағы жақсылықтың беретін пайдасы өте көп.

Әрқашанда кез-келгеніміз жақсылық жасасақ,бізге тек жүрегімізге жылылық ұялайды.Көмек беру-әр тұлғаның бойына дарыған күштің иесі.Көмек көрсету-ұлы сезім ұялату.Адамның нәсіліне,ұлтына,түріне қарамай жақсылық жасау-әр адамның рухани байлығы,адамгершілігінің деңгейі,көңіл көтерудің басты байлығы.Осыны ешқашан ұмытпаған жөн.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ