Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?

0
2463
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі таңда техника салаларын электрсіз елестету мүмкін емес. Сол арада, электрлік аппараттарға деген талаптар мен қоректендіретін токтың түрі де тығыз байланысты.

Айнымалы ток бүгінгі уақытта бүкіл әлемге таралғанымен, тұрақты ток та өз қолданыс аясынан шыққан емес.

Тұрақты токты іске асырудың алғашқы көзі ретінде гальвани элементін қарастыруға болады. Гальвани элементі бір бағытта қозғалатын электрондар ағымына негізделген тұрақты токты химиялық жолмен береді. Осыдан атауы да «тұрақты ток» деп берілген.

Қазіргі уақытта тұрақты токты батареялар мен аккумуляторлардан ғана емес, айнымалы токты түзету арқылы да алуға болады. Бұл мақалада тұрақты токты қандай салада және не үшін қолданатыны туралы баяндайтын боламыз.

Алдымен электротранспорттың жүк қозғалтқыштарынан бастайық.

Метро, троллейбус, теплоход, электричкалар дәстүрлі түрде тұрақты токпен қоректенетін қозғалтқыштардың көмегімен қозғалысқа түседі. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айнымалы ток қозғалтқыштарынан бір айырмашылығы бар. Тұрақты ток қозғалтқышымен жоғары айналу моментінде (высокий крутящий момент) жылдамдықты бірсарынды өзгертуге болады.

Айнымалы кернеу қосалқы жүк станциясында түзеледі де, түйіспе желіге өтеді, — осылай қоғамдық электротранспорттарды қоректендіретін тұрақты ток алынады. Теплоходтарда қозғалтқышты қоректендіру үшін керек электр тұрақты токқа негізделген дизель генераторынан алынуы мүмкін.

Электромобильдерде де аккумулятордан қоректенетін тұрақты ток моторлары қолданылады. Тұрақты ток моторларының екі артықшылығы бар:

1) жетектің жоғары айналу моменті;

2) қайтарымдық тежеу (рекуперативное торможение). Тежеу моментінде мотор тұрақты ток генераторына айналып, аккумуляторды зарядтайды.

Металлургия зауыттарындағы қуатты көтергіш крандар да тұрақты ток моторларын қолданады. Сонымен қатар, крандардан бөлек экскаваторлар да тұрақты ток моторларымен жұмыс істейді.

Коллекторсыз тұрақты ток қозғалтқыштары жоғары айналу жылдамдықтарын арттыруға қауқарлы, минутына мың, оң мың, тіпті жүз мың айналым жасай алады. Cондықтан да жоғары жылдамдықты тұрақты ток қозғалтқыштарын қатқыл дисктерге, квадрокоптерге, шаңсорғыштарға және т.б. орнатады.

Айнымалы токтан гөрі, тұрақты токпен дәнекерлеу анағұрлым өнімдірек. Дәнекерленген жік сапалырақ болып шығады. Барлық заманауи дәнекерлеу инверторлары электродқа тек тұрақты кернеуді өткізеді.

Қолымыздан түспейтін электронды гаджеттердің бәрінде дерлік тұрақты кернеуді өткізетін және зарядтау құрылғыларынан тұрақты токпен зарядталатын литий аккумуляторы бар.

Cонымен, біздің түсінгеніміз, құрылғылардың біршама бөлігі толықтай немесе жартылай болса да аккумулятордан тұрақты токпен қоректенеді.

Басқа материалдар:

  1. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  2. Тербеліс түрлері
  3. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  4. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  6. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  7. Физика пәнінен кроссворд

ПІКІР ҚАЛДЫРУ