Тұран- армандар орындалатын білім ордасы

0
664

Қaзақстaн бүгiнгi тaңдa сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз (алғашқы президентіміз) Н.Ә. Нaзaрбaев бiлiмге көп көңіл бөлуде. Бiз oны сaлынып жaтқaн әлeмдiк стaндaртқa сaй  түрлi мeктeптeр мeн жoғaрғы oқу oрындaрынaн бaйқaймыз. Сондай оқу орындарының бірі «Тұран» университеті.

«Тұран» университетi  жoғaры, кәсiптiк жәнe oртa бiлiм бeру мeкeмeсi, ғылыми-зeрттeу oртaлықтaры мeн қoғaмдық ұйымдaрдың eрiктi бiрлeстiгi бoлып тaбылaды. Бiлiм бaру мен ғылымдағы инновацияларды құратын және оны табысты енгізетін тиімді корпоративтік басқару жүйесі бар инновациялық және кәсіпкерлік университет жыл сайынғы ұлттық рейтингтердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ондығына кіреді.

Университет түлектерінің арасында Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, танымал медиа қайраткерлері, табысты бизнесмендер бар.

Студенттер мен мүдделі тараптар атынан тұтынушы айқындайтын білім беру бағдарламаларының сапасына қойылатын жоғары талаптар бәсекеде жеңіс қана әкеліп қоймай, білікті мамандар дайындап шығаруда.

2020 жылы «Тұран» университеті «Алтын сапа-2020» сыйлығын жеңіп алды. 1992 жылы құрылған Тұран университеті — мемлекет тәуелсіздігін қалыптастырудың алғашқы кезеңінде, команданың кәсібилігі мен табандылығының арқасында 28 жыл бойына өзінің бірегей білім беру қызметін жүзеге асырып, білім беру нарығындағы бәсекелестікке төтеп беріп келеді. Дәл осы университетте білім алу бақытына ие болғаныма өте қуаныштымын.

Көзді ашып- жұмғанша  3 жыл уақыт зымырап өтіп кетті. Арманыма қол жеткізу үшін жасаған алғашқы қадамдарымның бірі дәл осы университетке түсуім болды деп ойлаймын.

Дүниедегі жер басып жүрген жұмыр басты пенденің барлығының арманы бар. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» деуші еді. Әр адамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман адаммен бірге өседі, өркендейді. Ол-алдағы болашағың! Осы армандар сол болашағыңа жол сілтейді.

Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде журналистика мамандығына қызыға бастадым. Өйткені бұл кәсіп жалпы қоғамда болып жатқан әр түрлі мәселелерді талқылап, халық назарына жеткізіп, халықтың құлағы һәм тілі екенін түсіне бастағандаймын. Шіркін, арманымның мұнар басқан көгілдір көп тауларының тым болмаса ең берісінің шыңына бір шықсам деп қиялдайтынмын.

Өсе келе журналист болу нақты арманыма айналды. Әрқашан теледидардан өрелі ой айтып, нағыз қазақы мінез, бітім-болмыс көрсететін журналистерді көргенімде, тележурналист боламын деген нық шешімге келдім. Журналистика саласы- қызығы мен шыжығы мол, қызу өмір ортасы. Алғашқы болып бәрін естіп, көріп, елге жеткізу- басты талап. Ал алғашқы болу, бірінші болу- менің қағидам.

«Тұран» мен үшін арманыма алып баратын көпір іспеттес. Себебі дәл осы оқу орыны   ҰБТ жәнe КТ қoрытындылapы бoйынша төмeн нәтижeлeр aлғaн түлeктeргe aрнaп мүмкiндiк бeрeді. Яғни, ректор атынан гранттар, жеңілдіктер ұсынылады.

«Тұран» университеті — бұл біз оқуға келген жай ғана мекеме емес, бұл сіздің барлық мүмкіндіктеріңізді іске асырып, толыққанды тұлға болып қалыптасатын ерекше атмосфера үстемдік ететін орын. Мұнда оқумен қатар семинарлар, қызықты адамдармен кездесулер, білім беру конференциясы, шығармашылық және спорттық өмір де қызық өтеді.

Мен өзімнің университетіме жаңадан табылған достарым үшін, эмоциялар мен әсерлерге толы бақытты күндерім үшін, армандарымның орындалуына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын!

 

Жұмабек Аяулым

«Тұран»  университеті

Журналистика, 3 курс


ПІКІР ҚАЛДЫРУ