Тәрбие сағаты. Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

0
21362

Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. 

Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Мақсаты:   Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар.
Түрі:  танымдық кеш
Әдісі:  сұрақ- жауап, пікірлесу.(«Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді)
Барысы:
1. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ой толғаныс.
-Құндылық дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын айтады.

Бейнеролик көрсету
Кешті екі жүргізуші бастайды

Жүргізушілер ортаға шығады.

Рамазан:-Армысыздар, құрметті оқушылар,  ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім — Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.

Ұлболсын:-Елбасымыз:«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деген болатын. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз.

Рамазан:— «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.

Ұлболсын:-Дұрыс айтасың, Рамазан. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Рамазан:-Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз  «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді.

Ұлболсын:–Иа, Рамазан, ендеше болашақ ел тұтқаларын ортамызға шақырайық. «Жыр думанның» қонақтарын қарсы алайық. Келіңіздер, төрден орын алыңыздар.Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай? Бүгінгі «Жыр думанға» жырдан шашу шашсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.

Ортаға «Жыр думанның» қонақтары шығады. Олар кезекпен өлеңдерін оқиды.

Аружан:            Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Нұрдәулет:        Көк байрағым, ар-намысым жігерім,

Әнұраным қайрат күшім тірегім.

Елтаңба бүкіл елдің тарихы,

Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін

Бейбіт:               Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар ,ата – жолысалтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

Жүргізуші:      -Рахмет, сіздерге. Жырдан шашу шаштыңыздар. Келесі қонақтарға қояр сұрағым бар. Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсмыңдар?

Оқушылар:    -3,5,7 сандарын киелі санаған.

Жүргізуші:-Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен?  Қане, айтып көрейік.

Наз:                    Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Үш арсыз:       Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Ақмоншақ:           Үш қуаныш: 1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі    3.  Ісіңнің өшпеуі

Ақниет:          Бес қару:   Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.

Ару:                 Бес ақыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол,

Адам болам десеңіз…

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жансая:                   Жеті жетекші:

  1. Адамның басшысы-ақыл
  2. Жетекшісі- талап
  3. Жолаушысы-ой
  4. Жолдасы-кәсіп
  5. Қорғаны-сабыр
  6. Қорғаушысы-мінез
  7. Сынаушысы-халық

Алихан:                Жеті ата:

1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай     4.Қарабала   5.Тышқан 6.Бабатай       7.Байтемір

Төлеген:       Жеті қазына:

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу әйел
  3. Ақыл, білім.
  4. Жүйрік ат
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық
  7. Құмай тазы(ит)

Аян:               Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса сол жетім.

Жүргізуші:    -Рахмет сіздерге, бізге  көптеген мағлұматтар бердіңіз.Енді ортамызға «Сән думан»  қонақтарын шақырамыз. Бүгін бізде қонақта мектебіміздің еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Қадырова Мөлдір апай. Қош келдіңіздер.

Мөлдір апай өзінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарымен  оқушыларды таныстыра отырып, халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнері туралы оқушыларға өзінің құнды пікірлерін айтты. Оқушылармен ой бөлісті.Өзі дайындаған құрақ көрпешелер, торсық, бойтұмар, түрлі тоқыма бұйымдарын оқушыларға көрсетті.

Сынып жетекшісі СактагановаАкмарал  бүгінгі тәрбие сағатында өзінің қолөнер бұйымдарымен оқушыларды таныстырып, оқушыларға ұлттық құндылықтарымыз туралы  көптеген мәліметтер бергені үшін  Қадырова Мөлдір апайға Алғыс Хат тапсырды.

Сынып оқушылары Жарылқап пен Нұрғаным халқымыздың ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетті.

Жүргізуші: — Міне, қандай жарасымды.Біз ұлттық киімдерімізді тек мереке уақытында ғана кимей, басқа уақытта да ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүруді  неге дәстүрге айналдырмасқа?!
— Барлығы жастардың қолында.
Бағдарламамыздың келесі кезеңінде  «Дәм думанның» қонақтарын қарсы алайық.

Көрініс:   «Қымыз бен Кока – кола»
Екі оқушы дүкенге келе жатыр.

Рахман: Сәлем, Сапар ! Қайда бара жатырсың?

Сапар:Мені анам базарға жұмсап еді, қымыз алуға бара жатырмын.

Рахман: Қымыз?! Қымыз дейсің бе? Оны не қылмақсың?

Сапар: Не қылғаны несі, ішемін. Біз отбасымызбен қымыз сусынын жақсы көреміз.

Рахман: Ой, Сапар, мынадай Кока-кола сусыны тұрғанда қымызды не қыласың. Өзің ішіп көрші, сондай дәмді, әрі шөліңді тез қандырады.

Сапар: Рахман, сен қателесесің.Кока-кола адам денсаулығына зиян.Коланың құрамында неше түрлі химиялық қоспалар бар

Рахман: Ей, қойшы, сен де ақылды болады да жүреді екенсің.Өзімнің Колама ешқандай сусын жетпейді.

Даурен: Шынымен де қазір көп балалар «Қандай сусынды жақсы көресің?» деп сұрасаң, Кола, Пепси, Спрайт деп жауап береді.Ал Кока-коланың адам ағзасына зиян екендігін білмейді. Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі.
Ал, қымыз — ауруға ем.Қымызбен туберкулез ауруын емдеген, әрі адам ағзасына жақсы әсер етеді.Дәрумені мол. Қымыздың  құрамында:  А және С, Д, Е , Ғ, В 1,В 12 дәрумендері бар.

Жүргізуші:  Рахмет айтамыз саған Даурен. Сен бізге көп мәлімет бердің. Ендеше, жоғарыда көрсетілген «Кока – Кола  мен Қымыз» сусынының пайдасы мен зиянын ажырату балалар мен ата-аналардың таңдауында.

Жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті — әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.«Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. Думанымыздың келесі айдары «Ән думан». «Ән думанның» қонақтары Айдана мен Нұрғанымды қарсы алайық.

Айдана:Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған.
Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.
Жүргізуші: Нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй шертіп берсеңіз.
Айдана: Мен сіздерге «Келіншек» күйін орындап берейін. Қабыл алыңыздар.

Қорытынды

Мұғалім: Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!  ХХІ  ғасыр азаматының бойында  өркениетті  өмірге талпынатын,  ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін,  үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!

Дереккөз: Bilimjoly.kz

Басқа да сценарийлер жинағын қарап көріңіз.

  1. «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты іс-шараның сценарийі
  2. Ана біздің – гүліміз! мерекелік сценарий

  3. Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ