Тәрбиеші-тәрбиенің тірегі!

0
1093

Тәрбиеші-  мектепке дейінгі баланың тәрбие мен білім негізін қалайтын іргетасы. Әрбір ғимарат іргетастың үстінде қаланады. Ғимараттың берік, мықты болып, ғұмыры ұзақ болуы үшін бастапқы негізді қадағалау керек. Бұл дегеніміз бала 6 жасқа дейін  жарық дүниені таниды, зерттейді. Көкейінде түрлі сұрақтар туындап, оған жауап іздеумен, қоршаған оратаға үйрене бастайды.

Бұл жастағы балалар естіп білгенді ғана емес, көзбен көргенді үйреніп, дағдылананады. Келешекте титтей сілікіністен-ақ баланың болашағы қирап қалуы мүмкін. Сол үшін оның түпнегізі тәрбиесі мен сауатына үлкен мән беру керек. Себебі рухани құндылықтарды, адами қасиеттерді игере алған баланың өмір ағысында алдынан не шықса да бүкіл қиындыққа төтеп береді.  

Бала- тәлім-тәрбиені, махаббатты қажет ететін ғажайып жаратылыс иесі. Оны тұлға ретінде қалыптастыру үшін, ата-ананың, тәрбиешінің, ұстаздың, қоғамның ықпалы зор.  Көзі ашық, көкірегі ояу, саналы ұрпақты тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Себебі Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Келешек жастардың қолында» деп жастарға көп үміт артады. Тек елбасы ғана емес, елдің келешегін ойлар әр азамат пен азаматша аянбай еңбек етуі тиіс.

Тәрбиеші- тәрбиенің тірегі. Мағжан Жұмабаевтың
ПЕДАГОГИКА еңбегінің алғы сөздері, яғни тартуы  «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі» деген керемет ұлағатты сөздерден бастау алады. Мұғалім, тәрбиеші, педагог титулына ие болған жандарды ерекше құрметке бөлеп,  қоғамның бетке ұстар ұлы тұлғалары ретінде жас ұрпаққа дәріптейді.

Шынымен де, жалпы жұртты, қоғамды, түрлі мамандықты қалам ұстағаннан бастап, ана тілімізді бойымызға баулып, тәрбие беретіні мақтауға лайық. Қай заман ағымы болмасын әрқашан ұстаздық етер, еңбек атаулы жан қоғамға керек. Бұл жандар қоғамды тәрбиелеуші.

Қазақ халқында мән-мағынасы құтты жақұтқа толы асыл сөздер қатары өте көп. Соның бірі М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзі ұстаз ретінде  елдің келешегі үшін саналы ұрпақты тәрбиелеу керек екендігін еске салатындай.  Бала бойына қазақ халқының салт- дәстүрін, ана тілін, патриоттық сезімін оятып, келешек үшін аянбай еңбек ететін жандарды тәрбиелеу үлкен жауапершілік, ел алдындағы, ата-баба алдындағы міндет, аманат.  Салауатты, сауатты ұрпақты қалаған, сол үшін аянбай еңбек еткен ұлт зиялыларының аманатына қиянат жасау дұрыс емес-ті.

 

 Бала мен ата-анаға, педагогқа арналған теңеулер, нақыл сөздер өте көп. Мысалға баланы-балапан деп алсақ, асыраушы, қамқоршы, тәрбиелеуші ата-анасы, тәрбиешісі болады. Балапанның қанаты берік, машықталған,  өзін-өзі қамтымасыз ете алу үшін,  бұд жандарға ұяда бүкіл жағдайды жасап, өмір деген алып күре жолға дайындап, тәрбиелеп, дағдылап, үйрету керек. Себебі, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек.

 

Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» туындысын оқу арқылы, үлкен азық болар үлгі-өнеге аласыз. Аталмыш туынды өмірде қандай тәлімгердің болуы керектігін, қалай аулы ана, білікті тәрбиеші болуды үйретеді. «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын.» Өнегелі ұрпақты тәрбиелеу үшін осы парыздарды орындау шарт.

«Педагогика – грек елінің сөзі. Пед – бала, агоги – жетектеу деген екі сөзден құралған.» Баланы тура жолға жетектеу.  Шынымен де, тәрбиеші таңның атысы мен кештің батқанына дейін баланы тәрбиелеп, жетектеумен болады. 4 уақыт тамақтанған сайын, асты батамен бастап, дұрыс тамақтану әдебін үйренеді.  Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Тұла бойын билеген өнерін халыққа паш етуді үйренеді. Түрлі ертеңгіліктерде бой көрсетіп, жасқанбауды  үйретеді. Ең бастысы түлға болып қалыптасуға, ата-ананы, қоршаған ортаны құрметтеп, сыйлауға, адал еңбектенуге,үйренеді.

 

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт — жас күнде көрген өнеге. (Ж.Аймауытов) Ата-анамен тығыз жұмыс жасап, балаға тәрбие беру азат елдің ұланы болуы мен бейбіт елде өмір сүрудің кепілдігі. Баланы тәрбиелеу, келешекті тәрбиелеумен тең.

 

 

 

Мөлдір АУБЕЛ,

«Тұран» университеті

Журналистика мамандығының студенті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ