Неге шегені тот басады?

0
760

 Тотығуға (коррозияға) ұшырайтын темірден жасалғандықтан шегені тот басады.

Металл коррозиясы – бұл темірдің ауа оттегісімен тотығуға ұшырайтын химиялық үрдісі. Яғни ауадағы оттегімен темір қышқылданады. Бұл үрдістің нәтижесінде сыртқы көрінісі металға мүлдем ұқсамайтын тот пайда болады.

Тек шегені ғана тот баспайды, сонымен қатар ауа оттегісінің немесе судың әсеріне ұшырайтын кез келген темір құрылымдарын да тот басады: рельс, темір баспалдақ, автокөлік, суға батқан кеме және т.б.

Тотығу үрдісін атмосферадағы күкірт және азот оксидтері, теңіз суындағы еріген тұздар жеделдетеді. Темірді коррозиядан қорғау үшін оның бетін су және ауа өткізбейтін қабыршақпен қаптау керек. Оларға: майлы бояу, олиф, хром және никелді жабындар жатады. Темірді ішкі жағынан да қорғауға болады.

Мысалы, медициналық құралдарды өндіруде қолданылатын жоғары қосынды болаттар (никель, хром сияқты әр түрлі элементтер қосылған болат) коррозияға ұшыратпайды. Сол секілді автокөліктер арнайы коррозияға төзімді қосындылармен жасалатындықтан ауа-райының әр түрлі жағдайларына төзімді болып келеді.

Басқа материалдар:

  1. Әлемдегі ең улы ағаш
  2. Секвойя ағашы
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  9. SMM маманы деген кім?
  10. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  11. Web-дизайнер деген кім?
  12. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  13. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ