Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары

0
1582

Сабақтың мақсаты:

♦ 6.3.1.1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты
құрылуының тарихи маңызын анықтау;

♦ 6.3.1.2 VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси
процестерді түсіндіру;

♦ 6.3.2.2 Ұлы Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
анықтау;

♦ 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда
“Ұлы Дала Елі” ұғымын қолдану.

Зерттеу сұрағы
VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады?

Оқулық
Түрік қағанаты (552-603 жж.). 13–15 беттер.

Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том.
Алматы. Атамұра. 2010.

2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк) Алматы.
1993.

Көрнекілік: 

1. Түрік қағанатының бастапқы кезеңіндегі аумағы бейнеленген карта
(оқулықтың 14-беті).
2. Түрiк қағандарының қазiргi Қазақстан мен Орта Азия аймағын жаулау
жорықтары көрсетiлген карта.
3. Тарихи суреттер: Түрік қағанатының туы (оқулықтың 13 беті).

Мақсатты айқындау: 

“Түрiк” атауының қайдан шыққанын, оларды билеген Ашина деген әулеттiң негiзiн қалаушылар кiмдер екендерiн, олар басқарған Түрiк қағанаты атты мемлекеттiң қалай күшейгенiн анықтап беру және Алтай тауынан батыстағы қазiргi Қазақстан орналасқан аймақтарды түрiктердiң қалай жайлағандары, бұл мемлекеттi қандай қайраткерлердiң ұйымдастырып, нығайтқандары туралы оқушылар бiлiмдерiн толықтыру.

Дамытушылық маңызы — қазiргi Қазақстан мен бұрынғы Түрiк қағанаты
орналасқан аймақтарды өзара салыстыра қарау негiзiнде қазақтардың байырғы
ата-бабаларының тарихымыздағы маңызды орнын анықтай бiлуге көмектесу.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында ежелгi түрiктерге деген құрметтеушiлiк және оларды мақтаныш ету сезiмiн қалыптастыру.

Сабақтың деректік материалдары.

Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалiмнiң ежелгi түрiктер туралы әсерлi де қызықты әңгiмелерiмен басталады. Мұнда картаны қатар пайдалану негiзiнде аңыз деректерге сүйене отырып, ежелгi түрiктердiң кiмдер екендерiн, олардың оңтүстiк Алтай өңiрiнде күштi мемлекет ұйымдастырып, батыс аймақтарды қалай және қашан жаулап алғандарын тартымды да түсiнiктi тiлмен баяндау қажет.

Сонымен қатар саяси дағдарыстардың, түрiктердi билеушi Ашина әулетiнен шыққан қағандардың өзара билiкке таласқан жанжалдары Түрiк қағанатын әлсiретiп, оның екiге бөлiнiп кетуiне алып келгенiн де нақты айту керек.

Оқушылар үш топқа бөлiнiп, оқулықтағы мәлiметтерге сүйенiп жұмыс жасайды. Бiрiншi топ оқушылары ежелгi түрiктер туралы картадан олардың алғашқы мемлекеттерi туралы және Ашина әулетiнiң алғашқы қағандары күшпен бағындырған өңiрлердi анықтап, оларды оқу дәптерлерiнде нақтылап көрсетедi.

Мұнда оқушылардың әсерлi әңгiмелерi ежелгi түрiктерге деген құрмет сезiмiн туғызуы, олардың қазiргi түркi тiлдес халықтардың, соның iшiнде қазақтардың, байырғы бабалары болып табылатындарын айқындап беру сипатында болулары тиiс.

Екiншi топ оқушылары оқулықтағы қытай деректерi және Орхон жазулары негiзiнде берiлген деректерге сүйене отырып, ежелгi Түрiк қағанатын билеушiлер кiмдер болғандарын, олардың мемлекеттi басқарған кезеңдерiн анықтайды.

Оқытушының осы тарихи тұлғалар туралы қосымша және әсерлi әңгiмелерiн басшылыққа алып, арнайы даярланған оқушылар басқа әрiптестерiнiң ата-бабаларымыздың ерлiк iстерiне деген құрмет сезiмiн оятады.

Үшiншi топ оқушылары оқулықтағы бүгiнгi Қазақстан аймағындағы ежелгi түркiлер жаулап алған өңiрлердi Түрiк қағанатының алғашқы аумағы белгiленген картадан iздеп тауып, оны қазiргi Қазақстан картасындағы мемлекетiмiздiң аумағымен салыстыра қарастырып, осылайша бiздiң халқымыздың байырғы түркiлерге тiкелей тарихи мұрагер екендiгiн өз беттерiнше түсiнуге қол жеткiзедi.

Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. баяндау, пiкiр алмасу, ой бөлiсу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық
технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

„ “Түрiк” атауының мағынасын анықтаймыз.
„ Оның қашан және қалай құрылғанын білеміз.

Бағалау мүмкіндіктері

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Ол жоспар төмендегiдей болуы мүмкiн.

1. “Түрiк” атауының мағынасын түсiндiрiп берiңдер.
2. Түрiктер туралы қандай жазбаша деректер бар, атап берiңдер.
3. Түрiк қағанаты қашан және қалай құрылды?
4. Бумын және Мұқан қағандар туралы не бiлесiңдер?
5. Түрiк қағандары жүргiзген саясатының басты бағыттарын түсiндiрiп
берiңдер. Бұл үшін балалар дәптер бетін екіге бөледі. Оларға алғашқы түрік
қағандарының ішкі және сыртқы саясаты жазылады.

Қағандардың ішкі саясаты Қағандардың сыртқы саясаты

6. Еуразия кеңiстiгiнде түрiктер үстемдiгi орнауының маңызы неде?
7. Картадан Түрiк қағанатының аумағын көрсетiңдер.

Кері байланыс

Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Қосымша тапсырма

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ