«Түркістанды басқару туралы» Ереже және оның салдарлары (сабақ жоспары)

0
674
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: 

— Патша үкіметінің 1884 жылғы «Түркістан өлкесін басқару туралы» ережесінің мазмұны мен салдарларын таныстыру.

Зерттеу сұрағы

«Түркістанды басқару туралы» Ережені енгізу неліктен қажет болды?

Оқулық
ХІХ ғасырдың 80—90 жылдарындағы әкімшілік-аймақтық реформалар. 148–150 бет.

Ресурстар
История Казахстана.Энциклопедический справочник. — Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.
Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы,2016.

Тірек сөздер: Отар, түркістан өлкесі, ереже, комиссия.

Көрнекілік.
«Түркістанды басқару туралы ереженің схема түрінде көрсетілген құрылымы. Жобадан үзінділер.

Мақсатты айқындау
Оқытушы «Түркістанды басқару туралы» Ереженің мазмұнымен таныстыру барысында бұл құжаттың басты мақсаты Түркістан өлкесін орталық Ресейдің басқару жүйесіне енгізу болып табылатынын оқушыларға түсіндіреді.

Дамытушылық маңызы. Түркістандағы Ресей отарлауының шаруашылықтық және рухани салдарлары күні бүгінге дейін өзінің жағымсыз қорытындыларын қалдырғанын оқушыларға ұғындыру.

Тәрбиелік маңызы. Түркістан өлкесін Орталық Ресейден басқарудың қолға алынуы шын мәнінде осы аймақты тәуелсіздіктен айыру болып табылатынын оқушыларға айта келе оларды тәуелсіз елді құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Оқытушы «Түркістанды басқару туралы» ереженің кейбір тұстарынан үзінділер пайдаланады. Оқушылар оқулықтың 164-бетінде көрсетілген сауалдарға жауап береді.

1. Патша үкіметі өзінің Қазақстан мен Түркістанды отарлау саясатын арнайы Ережелер шығарып, заңдастыруға неліктен ұмтылды?

2. 1886 және 1891 жылдардағы әкiмшiлiк басқарудағы өзгерiстердi 1867-1868 жылдардағы реформамен салыстыра талдап, арнайы кесте құрастырыңдар.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы сабақты өткізу барысында «Түркістанды басқару туралы» құжаттың деректік мазмұнымен оқушыларды таныстырудың аса маңызды екенін ұмытпауы керек.

Бағалау мүмкіндіктері
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ