Қазақстандағы сауда қатынастарындағы өзгерістер (сабақ жоспары)

0
1800

Сабақтың мақсаты:
— сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау

Зерттеу сұрағы
Қазақстанда неліктен жәрмеңке саудасы дамыды?

Оқулық
Қазақстандағы сауда қатынастарының дамуы. 151–163 беттер.

Тірек сөздер: тауар алмасу мен айырбас; жәрмеңкелер; тауар айналымы;
несие; Қоянды (Ботовская) жәрмеңкесі.

Ресурстар
История Казахстана.Энциклопедический справочник. — Алматы, 2010. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы»(М.Жолдасбекұлы,Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан(Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы,2016.

Көрнекілік
Оқулықтың 167-бетіндегі Петропавлдағы сауда дүкенінің суреті және Қазақстаннан Моңғолияға, Шыңжаңға шекаралық аймақтар арқылы баратын керуен жолдарының картасы.

Мақсатты айқындау
Ресейдің сауда капиталының Қазақстанның көптеген өңірлеріне ықпалын, қазақ-орыс сауда байланыстарының дамуындағы жәрмеңкелердің рөлінің артуын, дала мен қала халқының жаңа нарықтық негізде қатынастар жасауын көрсету.

Дамытушылық маңызы. Қазақстандағы жәрмеңкелердің кейінгі замандардағы қазақтарды сауда-саттық жұмысына тартудағы маңызын көрсету. Оқушылардың бүгінгі нарықтық қатынастарда орын алып отырған базар және жәрмеңкелік сауда-саттықтың табиғатын түсінулеріне көмек көрсету.

Тәрбиелік маңызы. Жәрмеңкелерге негізделген сауда ісінің нарықтық қатынастарды дамытудағы рөлін айқындау арқылы оқушыларды нарықтық  қатынастарды құрметтеу сезіміне баулу.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың деректік материалдары
Оқушылар төрт бөлікке бөлініп жұмыс жасайды. Олардың алғашқы тобы Қазақстанның шекаралық аймақтарынан Моңғолияға және Қытайға баратын сауда жолдарын анықтап, елді-мекендер мен қалаларды картаға түсіреді.

Оқушылардың екінші тобы шет елмен сауда-саттықта қандай өнімдердің тауарға айналғанын жазып шығады. Үшінші топ Қазақстанда ішкі сауданың қалай дамығанын көрсететін фактілерді іздестіреді. Ал төртінші топ Қазақстан экономикасын дамытуда сыртқы сауданың, нақтырақ айтқанда Монголиямен және Қытаймен сауда қатынастарының маңызын көрсететін тезистер жасайды.

Сабаққа қатысты ескертпелер
1.Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытудағы жәрмеңкелердің рөлі.
2.Қазақстанда ашылған алғашқы жәрмеңкелер.
3. Банк-ақша қатынастары.
4. Қоянды жәрмеңкесінің пайда болуының себептері.

5. Қоянды жәрмеңкесінің көшпелі және отырықшы халықтарды жақындатудағы рөлі.
6. Жәрмеңкенің далалық өңірдегі сауда-саттықты және экономикалық
қарым-қатынастарды дамытудағы маңызы.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалімнің жоспарында көрсетілген маңызды мәселелер төңірегінде оқушыларға қысқаша қорытындылар жасалынады.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ