Түс көру процесі туралы

0
1506

Түс кө­ру – қи­ял про­це­сі­нің ұй­қы ке­зін­де­гі ен­жар бей­не­сі. Түс кө­ру­ді фи­зи­ология­лық тұр­ғы­да тү­сін­дір­ген ака­де­мик И.П.Пав­лов­тың пі­кі­рі бой­ын­ша ұй­қы ке­зін­де ми жасушаларының қыз­ме­ті то­лық те­жел­мей­ді, кей­бір бө­лім­де­рі ояу қал­пын­да­ғы­дай  жұ­мыс іс­тей бе­ре­ді.

Ми қыр­ты­сы­ның осын­дай бө­лік­те­рін «кү­зет­ші пункт» деп атайды. Кү­зет­ші пунктт­ер­де адам бұ­рын­ғы көр­ген, ес­ті­ген, дә­мін тат­қан нәр­се­лер­дің  бей­не­ле­рі (бей­не­лі ой­дың ісін бас­қа­ра­тын оң жақ ми сы­ңа­рын­да) қай­та «ті­рі­ле­ді».

Түс­те ақыл­ға сый­май­тын бей­не­лер­дің ту­ын­дау­ын ми­да­ғы сиг­нал жүй­еле­рі­нің арасын­да­ғы бай­ла­ныс­тың әл­сі­реп, бі­рін­ші сиг­нал жүй­есі­нің іс­ке қо­сы­лып, екін­ші сөз­дік
сиг­нал­дар­дың то­лық те­же­луімен тү­сін­ді­рі­ле­ді. Түс­те өңінде ал­ған әсер­лер­дің бо­лып
көр­ме­ген қиысу­ла­ры ре­тін­де тү­сін­дір­ген И.М.Се­че­нов түс көруге адам­ояу ке­зін­де­гі
ба­сы­нан кеш­кен оқи­ға­лар­дың есеп­сіз көп фак­ті­ле­рі се­беп бо­ла­ды деп біл­ді.

Оған  адам­ның де­не мү­ше­ле­рін­де­гі жай­сыз­дықты да жатқызуға бо­ла­ды. Түс кө­ру­ді зерт­теу  бей­са­на­лы­лық­ты та­ну­дың жо­лы, адам­ның жан жүй­есін тү­сі­ну­ге ық­пал ете­ді де­ген  пси­хо­ана­ли­тик­тер түс кө­ру­ді фи­зи­оло­гия­лық, со­ма­ти­ка­лық емес, пси­хо­ло­гия­лық
құ­бы­лыс деп санады.

Ауст­рия ға­лы­мы З.Фрейд түс кө­ру­дің ай­қын маз­мұ­ны­мен қа­тар тыл­сым ас­та­ры
да бар, сон­дық­тан түс адам­ның бей­са­на­лық дең­гей­ін­де­гі ой­ла­ры­ның сим­вол­дық
бей­не­сі деп біл­ді. Оның із­ба­са­ры К.Г.Юнг түс кө­ру адам са­на­сы­нан тыс, оның ру­ха­ни
дү­ние­сін­де­гі са­на мен бей­са­на­лық­тың ара­сын бай­ла­ныс­ты­ра­тын, бо­ла­шақ­ты болжай­тын құ­бы­лыс деп са­на­ды.

Адам­ның пси­хи­ка­лық өмі­рі бей­са­на­лық­тың те­ре­ңі­нен та­мыр ала­ды, са­на­мыз
бол­са, жан­ның ора­сан зор бей­са­на­лық әле­мі­нің аз ға­на бө­лі­гін бей­не­лей­ді. Түс­те
са­на ұл­ғай­ып, ке­ңіс­тік­тік-уа­қыт­тық шек­тер жой­ыла­ды, адам өзін бас­қа уа­қыт­та, ке­ңістік­те, әлем­де, мүл­дем бас­қа күй­де се­зі­не ала­ды.

Қа­зақ дәс­түр­лі қо­ға­мын­да да түс кө­ру­ге бей-жай қа­ра­ма­ға­нын, мән бе­ріп, ма­ғына­сын жо­ры­ға­нын ау­ыз әде­бие­ті мұ­ра­ла­ры­нан, ырым­дар мен жо­ра­лғылар­дан кө­ру­ге
бо­ла­ды. Түс кө­ру адам­ның ыр­қы­нан тыс бол­ған­дық­тан, оны кө­ру­дің ма­ғы­на­сы­нан
гө­рі түс­ті жо­ру­ға кө­бі­рек кө­ңіл бөл­ген.

«Түс – бал­қы­ған қор­ға­сын» деп, оны әрдайым  жақ­сы­лық­қа жо­ры­саң, жақ­сы ни­ет қа­был бо­лып, жақ­сы­лық­қа ай­на­ла­ды, жа­ман­дық­қа  жо­ры­саң, жа­ман­дық­қа ай­на­луы мүм­кін де­ген ұғым бар.

Дереккөз:

  1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
    Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова
  2. «Қа­зақ­стан»: Ұлт­тық энци­кло­пе­дия

Ұқсас материал:

  1. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  2. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа

  3. Ақ құйып шығару, ауыз тию, сарқыт ырымдары туралы түсінік

  4. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ