Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

0
1825
Freepik.com

Ұлар — салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсас жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді.

Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де, тек көтемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен. Егер қауіпті сезсе, айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді.

Қыстың аязды күндерінде тау қуыстарынан папа тауып, топтасып, бірі-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі, таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.

Балықшы тұйғын. Қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.  2-4 жұмыртқадан шыққан қызылшақа балапандары өте мешкей келеді. Тіпті ашыққан кезде күштілері әлсізін жеп те қоятын көрінеді.

Тұйғын орманда да, далада да «ажал» болып тиеді. Ағаш бұталары арасынан көз ілеспейтін жылдамдықпен ұшып келіп, жайбарақат жүргендерді төсіменбүре түседі. ең ірі құс — меңіреу құр мен дауадақ та бұдан құтыла алмайды.

Тіпті балықтарды да өте шеберлікпен аулайды. Алайда салмағы 4 кг-дан астын ірі балықтар тырнағымен мықтап шаншылған тұйғынның өзін су астына тартып кетеді екен.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  2. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  3. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  4. Қоқиқаз бен аққу құсы

  5. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  6. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  7. Көксерке мен қортпа балығы

  8. Алабұға және сазан балығы

  9. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  10. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  11. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  12. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  13. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

  14. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен
  15. Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Биология пәнінен сабақ жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ