Тоқылдақ пен сауысқан туралы мәлімет

0
4261
Freepik.com

Тоқылдақ. Ұсақ және орташа келген орман құсы. Елімізде тоқылдақтың 9 түрі кездеседі.

Солардың ішінде ең үлкені — қара тоқылдақ, оның салмағы — 360 грамм, ал кішкенесі — шұбар тоқылдақ (салмағы — 21-25 грамм). Тоқылдақтар Республикамыздың тек ғана Шығыс және Солтүстік аудандарының қылқан жапырақты ормандарында кездеседі.

Тоқылдақтардың алуан түсті қауырсындары оларды басқа құстардан ерекшелендіріп бірден көзге түсіреді. Өткір тырнағы мен ерекше тіреуіш құйрығы арқылы ағаш діңімен өрмелеп, шапшаң жүре алады әрі ұзақ отыра береді. Ол ағаш қабығының астында  жасырынып жатқан зиянды жәндіктерді, оның дернәсілдерін тауып жеп, ағашты зақымдалудан сақтайды. Тоқылдақтардың ағаштағы жәндіктерді тауып жеу үшін жасаған қуыстары басқа ұсақ құстар мен аңдарға дайын ұя болады.

Көктемде тоқылдақтар ағаш діңіне 2,5 метрден биік қуыстарда ұя жасап, балапан шығарады. Тоқылдақтың негізгі жауы — тиін. Тиін тоқылдақ жұмыртқаларын жеп, ұясын бұзып кетеді.

Сауысқан. Республикамыздың барлық аймағында басқа құстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді.

Олар басқа құстардан жекеленіп, өздері ғана топтасып жүреді. Сауысқандардың бір ерекшелігі — елді мекендерге үйір келеді. Әсіресе, қысты күндері ауылдың маңынан кетпейді.Ал кейде олардың тіпті үлкен қалаларда да ұшып жүргенін көруге болады.

Қыстап қалған сауысқандар таңертең оянып, ұсақ топ құрып немесе жекеленіп қала маңындағы қоқыстарға, жуынды-шайынды төгілген жерлергебарып, қорек іздестіреді. Кешке қарай ауыл маңына, қалаға ұшып келіп, түнейді.

Сауысқан қорек талғамайды. Негізгі қорегі — жәндіктер. Кейде ұсақ құстардың жұмыртқасымен, қызылшақа балапандарымен де қоректенеді.

Оның жылтыраған әдемі заттарды ұясына тасып жинайтын әдеті бар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

  2. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  3. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  4. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  5. Қоқиқаз бен аққу құсы

  6. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  7. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  8. Көксерке мен қортпа балығы

  9. Алабұға және сазан балығы

  10. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  11. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  12. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  13. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  14. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ