Қазақстанның құстары. Дуадақ пен бірқазан туралы

0
1959
Freepik.com

Дуадақ — далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады.

Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді. Еркегінің салмағы — 16 кг,ұрғашысыныкы 6 кг-ға дейін жетеді. Олар жыл құстары сияқты мекен еткен жерлерінен өте алысқа кете қоймайды. Кейде дуадақтарды қыс айларында Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан кездестіруге болады.

Дуадақ денесі салмақты болса да, жақсы ұшады және мықты сирақтарымен тез жүгіре алады. Олар мейлінше сақ. Дуадақтар ұясынжерге салады, олар кішкентай шұңқыр дайындап, астына құрғаз шөптен төсеніш төсеп жасайды да, сол ұяға 1-3 аралығында жұмыртқа басады.

Қазіргі кезде дуадақтар Қазақстан даласында өте аз. Тіпті, олар жойылып кетуге жақын. Сондықтан заң бойынша қорғауға алынған.

Бірқазан. Бұл өте ірі құс. Дене піші салмақты, әсіресе, тұмсығы ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.

Бірқазан — жыл құсы. Біздің жерлерге көктемде ұшып келеді. Содан кейін олар бір жерге қоныстанып, ұя салады. Егер оларды ұя салу кезінде мекенінен жасқап үркітсең, олар басқа жаққа қоныс аударып кетеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ терісінің астында ауа қапшығы болатындықтан, сүңги алмайды.

Бірқазандар балықпен қоректенеді. Суда сүңги алмайтын болғаннан кейін, олар басын суға батырып жіберіп, жемін аулайды. Көпшілік жағдайда қанаттарымен суды қағып, балықтарды жиекке қарай айдап шығарады да, жиналған балықтарды таяз судан ұстап алады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Биология пәні бойынша басқа да ақпараттар: 
  1. Тоқылдақ пен сауысқан туралы мәлімет

  2. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

  3. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  4. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  5. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  6. Қоқиқаз бен аққу құсы

  7. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  8. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  9. Көксерке мен қортпа балығы

  10. Алабұға және сазан балығы

  11. Қазақстанның балықтары. Жайын мен шортан туралы мәлімет

  12. Қазақстанның өсімдіктер дүниесі. Тораңғы, қырыққұлақ, арша туралы
  13. Үштүсті шегіргүл, күймесгүл, атпақияр өсімдігі

  14. Дүңгіршек пен таушешек өсімдігі туралы мәлімет
  15. Қамыс және ақ тұңғиық өсімдігі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ