Құс жемінің түрлері

0
1791
Freepik.com

Құсбегілерден «қайыру» деген сөзді жиі естиміз. Бұл сөз құсты әр кезде әртүрлі бапта ұстау үшін оған берілетін жеміне байланысты айтылады. 

Мәселен, құсбегі қолындағы  бүркітін қайырып, қалаған бір бабына келтіру үшін төмендегі жем түрлерін береді:

Қансоқта — өлген аңның немесе  малдың туралмаған, қан сорғалаған кесек еті.

Қызыл — құстың қылғып қақшуына оңтайланып туралған қызыл ет. Мұның да қансөлі өзінде болуы тиіс.

Тартпа — малдың немесе аңның желкесі, толарсағы, шандыры сияқты құнары аз сіңірлері жері.

Сарбөртпе — туралған соң суға екі-үш рет шайып, сығып, біршама қан-сөлінен арылтқан ет.

Ақжем — майдалап турап, суға салып қойып, әбден сығымдап, бар маңызынан айырған ет.

Тоят — құс өзі алған аңның етін жұлып жеуі.

Үрген өкпе немесе боз өкпе — сойылған малдың яки аңның өкпесіне пышақ тигізбей кеңрдегімен қоса алып үріп қояды. Сонда өкпе маңызынан айырылып, құсты белгілі күйге түсіретін жем болып шығады.

Құсбегілер қолындағы құстың жай-күйін бағып отырады да, қажет болса, бүркітке «ақжем» мен «боз өкпені» жүдету үшін, «тартпаны» шынықтыру үшін, «қансоқта мен қызылды» семірту үшін, «сарбөртпені» құсты бір қалыпта ұстау үшін береді.

Мұны қазақ «ойтамақ» деп те атайды.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

  1. Тоқылдақ пен сауысқан туралы мәлімет

  2. Қазақстанның құстары. Ұлар мен балықшы тұйғын құсы

  3. Кептер (көгершін) мен қараторғай туралы ақпарат

  4. Қарлығаш пен құз көктекесінің айырмашылығы қандай?

  5. Қазақстанның құстары. Үкі мен құр

  6. Қоқиқаз бен аққу құсы

  7. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы

  8. Бекіре мен табан балығының айырмашылығы

  9. Көксерке мен қортпа балығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ