«Тәуелді» мағынасында қолданылатын фразеологизмдер

0
2477

Фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі) — семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.  Martebe.kz ақпараттық білім порталы назарларыңызға тұрақты сөз тіркестерін ұсынады.

 

ТӘУЕЛДІ – (БІРЕУГЕ ТӘУЕЛДІ БОЛУ, БІРЕУДІ ТӘУЕЛДІ ЕТУ)

Азат басы құл болу

Айтқанын істеп, айдағанына жүру

Айтақтағанына жүру

Айдауына жүру

Айтқанына көніп, айдауына жүру

Алдында құрдай жорғалау (жағымпаздану)

Алып кел, шауып кел (жұмсау)

Басы байлаулы

Басын байлау(тәуелді ету)

Есігінде жүру

Көзі жылтырау

Көзін жылтырату (зорлық)

Көк желкесіне міну

Көн тулақ

Көрінгеннің қобызына билеу* (әркімге бір жалатақтау)

Күні үшін күлін жеу

Қанжығада жүру

Қазанын асып, отынын жағып отыру

Қол астында жүру

Қол шоқпар болу (Сойылын соғу)

Қолына (қолға) қарау

Құлдық ұру

Құлдыққа салу [түсу]

Құрығына түсу [іліну]

Мойнына құрық түсу

Мойнына міну

Мұрнын тескен тайлақтай [өгіздей]

Ноқта салу

Отымен кіріп, күлімен шығу (қиындық көру)

Сүліктей сору

Tұзаққа түсу

Шылауында болу [кeтy], [жүру]

Ыңғайына көну

Ығынан шыға алмау

Ырқында жүру

 

Пайдаланылған әдебиеттер: Смағұлова Г. / Мағыналас фразеологизмдер сөздігі,- Алматы: «Елтаным баспасы», 2010 жыл.

 

Ұсынған: Алима Ғалымова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің магистрі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ