Жапырақ жайған Алтын күз (сценарий)

0
1979
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Жапырақ жайған Алтын күз

1(ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК КІРЕДІ)Музыка ойнап әсем безендірілген залға Қызылтелпек келіп кіреді ол өзінің достарынан адасып қалғанын байқайды жан жағына қарап менің кішкентай достарым бар еді бәрі қайда кетті. Көрген жоқсыздар ма?

2(БАҒБАНШЫ КІРЕДІ)Қызылтелпек достарының атын атап шақырады, ешқандай дыбыс шықпайды. Ол жалғыздығынан қорқып тұрғанда Бағбаншы көмектесіп достарын тауып әкеледі.`

3(БАЛАЛАР КІРЕДІ)

Жүргізуші:

Армысыздар  құрметті  ата-аналар мен балалар.!  Ел байлығын арттырған  берекелі күз айы да келіп алтын күз мерекесін атап өткелі отырмыз. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз береке, сән-салтанат мереке айы.  Ендеше күзді құрметтеп қуанышпен қарсы алайық.  «Еркетай» тобының «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

4Ән: «Алтын күз»

Қызыл телпек: балалар жарайсыңдар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жапырақты бояды

Атырапты бояды

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды

(Күз)

Жүргізуші: Өте жақсы балалар, онда күз туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Аиша:     Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

Райана:Айнала сары ала,

Қырманға дән тола

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті

Санжар

Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Лиза:

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

5Ән: «Жаңбыр» СЕЗІМ

Жүргізуші: ал балалар енді мерекеміз қызықты өту үшін күз ханшайымын шақырайық.

Балалар бірге хормен:

Келші, келші алтын күз

Келші, келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып

Ойнап күлші алтын күз!

Жүргізуші: Ән ойналып жел соғып,

Келеді біреу дүр-дүрс қағып.

6 (Әуен ойналып,

Түлкі шығады)

Түлкі: Міне,Алтын Күз келді

Ағаштар сары күйге енді.

Менде кидім әдемі көйлегімді

Қарсы алайық деп мерекені көңілді.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, түлкішек! Біз Алтын Күзді шақырып едік, ал сен оның қайда екенін білмейсің бе?

Түлкі: Мені Алтын Күз жіберіп еді, Алтын күз кешігіп жатыр ол келгенше мені

Сендермен «Ойын ойнасын» деп жіберді.

Жүргізуші:

Жақсы онда түлкішек, Жүріңдер,балалар Түлкімен ойнайық,

7Ойын: «Қолшатыр»

Түлкі: Өте жақсы балалар, жарайсыңдар! Мен барып алтын күзді шақырып келейін.

Жүргізуші: Балалар, қане, өзіміз Алтын Күзді тағыда шақырып көрейікші.Қаттырақ!

Балалар бірге хормен:

Келші, келші алтын күз

Келші, келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып

Ойнап күлші алтын күз!

                                        8     Алтын Күз кіреді.

Жүргізуші:Сәлеметсің бе,Алтын Күз! Сенің келгенің қандай жақсы болды!

Алтын Күз:

Сәлеметсіңдер ме! Мен Алтын Күз боламын,

Сендермен көңіл көтеріп,

Түрлі ойын ойнап,

Би билеп ән саламын.

Жүргізуші: Алтын күз біздің балалар сізге арнап тақпақ, ән, би дайындады. Ал ата-аналарымыз күзге арнап өз қолдарымен әдемі жұмыстар жасады. Алтын күз біздің балалао жұмбақ шешкенді ұнатады. Қане,балалар жұмбақты қалай шешетінімізді көрсетейікші.

ЖҰМБАҚ:

Көктен түседі

Жер ішеді (Жаңбыр)

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар! Сезім қызымыздың орындауында

9ӘН: ЖАУ-ЖАУ ЖАҢБЫР

Жүргізуші: алтын күз біздің балалардың күз туралы тақпақтары да бар.

Алтын Күз: Қане айта қойыңдар.

Балалар тақпақтарын айтады.

Сезім:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауытты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Қара бұлт қабағын түсйеді

Дина: Озған күнде ілгері

Көшкен құстай күздегі

Көкке қанша үңілсең

Көрінбейді іөздері

Ислам:

Айнала жым-жырт

Көк аспан сұр бұлт

Жыр жыртқан тыңда

Трактор қырда

Тәсним:

Жайдары күз, жомарт күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

Жүргізуші: Біздің Райана қызымыздың тамаша «Қуыршақ» әнін қабыл алайық

10Ән: «Қуыршақ»     

Жүргізуші: құрметті ата-аналар комитетінін мүшелері Жусупова Жанар Сүндетбаевна және Балгажинева Әдемау Валерьевна біздің бүгінгі қонағымыз Алтын күз сіздерді әділ-қазылар үстеліне келіп отыруларыңызды сұраймыз. Ата-аналарымыздың күзге арнап жасаған қолөнерлері мен қыздарымыздың күздік сән үлгісіне төрелік жасап әділ бағасын беруге көмектесіңізіздер. Келіңіздер  жайғасыңыздар.

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың Алтын күзге арнап дайындаған биі бар. Тамашалаңыздар.

11Би «Қырманға кел Қалқатай»        

12Ойын ұлдармен

(қыздар киінуге кетті)

Жұмбақтар шешу: табиғат құбылыстары

1.Көзге ілінбейді

Жұтсаң білінбейді(ауа)

2.Қолы жоқ, суретсалады

Тісі жоқ, тістеп алады.(аяз)

3.Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ, жетеді

Аузы жоқ ұлиды(боран)

4.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады(күн)

5.қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады(қар)

13МОДА

Жүргізуші: Ал құрметті қонақтар мен ата-аналар, алтын күз. Біздің сұлу қыздарымыз  ата-аналарымен дайындаған «Күздік 2018 сән үлгісіне» кезек берейік.Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Өте жақсы қыздарым. Әділ-қазы алқасы шешімін шығарғанша Балалар біз сендермен «АЛТЫН КҮЗ» әнін шырқайық

14Ән: «АЛТЫН КҮЗ»

Жүргізуші: Ортаға әділ қазылар алқасымен Алтын күзді шақырамыз. Марпаттау рәсімі.

Алтын Күз: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен сендерге құр қол келмедім. Менің алмаларымды жеп, қыс мезгіліне денсаулықтарыңды нығайтып алыңдар.(Балаларды алма таратып береді) Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Көңіл-күйді көтеріп,

Дос та болдық біз бүгін.

Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Әнді де бірге саламыз

Міне, біздер қандаймыз!

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» — атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ