Тәуелсіз Қазақстан- менің елім. Интеллектуалды ойын

0
2539
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан- менің елім. Интеллектуалды ойын

  1. Құрметті мұғалімдер, оқушылар!

2. Және бүгінгі ойынға қатысушы топтар.

1. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Білім және ғылым орталағы ұйымдастырып отырған «Тәуелсіз Қазақстан- менің елім» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

2. – Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады. Азаттық қазақ халқының ежелг іарманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті, ұғым. Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстары мен жігіт жасына жетіп отыр. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз, әліде берері тіпті мол.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз бастаймыз.

1. Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

2.-Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
1. Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
2. Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1
2
3

1. — Бүгінгі интеллектуалды ойын 4 бөлімнен тұрады:
1. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”

2. “Шөлқандырар”

3. “Тақымқысар”

4. “Нартәуекел”

2. Ал ойынның шарттарын кезеңге өту барысында таныстырамыз

Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық баладан! — дей келе сайысымызды бастауға рұрсат етіңіздер

  1. Алдымен бүгінгі сайысқа қатысушылармен танысып алайық
    2. Топтың аты, ұраны, топ басшысы топтың құрамын таныстырып өтсін 10 ұпаймен бағаланады.
І. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”

1. Тарихтың атасы (Герадот)
2. Шежіре айтушылар қалай аталды? (шежірешілер)
3. «Тарих» сөзі қандай мағына береді? (зерттеу)
4. Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? (4)
5. Археология тарихи ғылымға жата ма? (иә)
6.Құжаттар қандай дерекке жатады? (жазбаша дерек)
7. Тиындар, құйма ақшаларды зерттейтін ғылым саласы? (нумизматика)
8. Адамның сүйектерін, дене бітімін, бет пішінін зерттейтін адамдар калай аталады? (антропологтар)
9. Ең алғашқы еңбек құралы неден жасалды? ( тастан)
10. Неолиттің басты жаңалығы? ( қыш ыдыстар жасады)

1.Шығыстағы тарихтың атасы? (Сыма Цянь)
2.Мол тарихи мұраларды дәуір-дәуірге бөліп, бізге жеткізетін адамдар? (тарихшылар)
3. «Өткен оқиғалар жайлы әңгіме» нені білдіреді? (тарих)
4.Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)
5.Этнография тарихи ғылымға жата ма? (иә)
6.Киім-кешек қандай дерекке жатады? (заттай)
7.Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаны арнайы деректеме арқылы зерттейтін ғылым саласы? (геральдика)
8.Әр халықтың тұрмысы, шығу тегін, дүниетанымын, салт-дәстүрін зерттейтін адамдар қалай аталды? (этнографтар)
9.Ең алғашқы ең құралы қалай аталды?. ( жұмыр тас)
10.Мезолиттің басты жаңалағы? (жебе мен садақ)
ІІ. “Шөлқандырар”

Тұлғалар
  1. “Тарихи –и Рашиди” еңбегінің авторы Мұхаммед Хайдар Дулати
  2. Қазақстанда қола дәуірін зерттеген қазақтың біртуар ұлы, академик

Әлікей Хақанұлы Марғұлан

  1. Сақтардың ержүрек, қайсар ерлік көрсеткен малшысы Шырақ
  2. “Алтын киімді адамды” тапқан белгілі археолог Кемал Акышев

Жылдар

  1. Археологтар Шығыс Африкадан қанша жыл бұрын өмір сүрген адам қаңқасын тапты?

осыдан 2,5 млн жыл бұрын

  1. Мезолит б.з.б………………. Мыңжылдықты қамтыды Б.з.б.12-5 мыңжылдық
  2. “Алтын киімді адам” қай жылы табылды? 1969жылы
  3. Ескендір Зұлқарнайын әскері сақ жеріне қай жылы басып кірді? Б.з.б. 330-327жж

Терминдар

  1. Ғұндардың билеушісі қалай аталған? шаньюй
  2. “Энеолит” қандай мағына береді? Мыс-тас ғасыры
  3. Петроглифтер деген не? Тасқа салынған сурет
  4. “Неолит төңкерісі” мағынасы Өндіруші шаруашылықтың пайда болуы мен өнімді еңбектің көбеюі
ІІІ. “Тақымқысар”
  • “Отан” туралы мақал-мәтел айту
  • “Отан” туралы өлең жолын оқу
  • Аң аулағанда пайдаланған жіпке байланған домалақ тас қалай аталады? болос
  • Имек ағаш сияқты аңға лақтыратын қару қалай аталады? бумеранг
  • Мезолит мағынасы қандай Орта тас ғасыры
  • Неолит деген не? Жаңа тас ғасыры
  • Қола дәуірі неше тарихи кезеңге бөлінеді? 3
  • Сақтардың әлеуметтік тобы нешеге бөлінеді? 3
  1. Білген сайын келеді біле бергім,
    Біле беру емес пе тілегі елдің.
    Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
    Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
    Сондықтан да келеді біле бергім
    Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
    IV айналымды бастаймыз
    ІҮ. “Нартәуекел”
  • 1 тапсырма 1890-1892жж қазба жұмыстары кезінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Ява аралынан табылған адам сүйегі қалай аталды? Питекантроп
  • Тас дәуірінің ішінде ең ұзаққа созылған дәуір қалай аталды? Палеолит
  • Ғалымдардың пікірінше осы кезде ауа-райы күрт өзгерді, күн суытып, жер бетін мұз басты. Бұл уақыт мұз дәуірі деп аталғаны белгілі. Қашан болған?
Б.з.б. 100-80 мыңжылдық
  • Андрон мәдениетінің аумағы негізінен бүкіл Қазақстанды қамтыды. Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіші ең көп шоғырланған жері, 150-ден аса қорымдар мен 30-ға жуық қоныс орындары табылған өңір? Орталық Қазақстан
  • Кегін қайтару үшін Томирис: “Сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңшы іш!-” деп кімнің басын кесті? Парсы патшасы Кир
  • Қытай дерегінде “Хунну” деген атпен белгілі. Алтай, Оңтүстік Сібір, Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалық одақ қалай аталды? Ғұндар
  • Философия, математика, география, физика, логика, астрономия, медицина саласына өз үлесін қосқан. Шығыстың ғана емес, Батыстың ғылым мен мәдениетіне зор үлесін қосқан ғұлама ғалым? Әл-Фараби
  • Ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан екі жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған және Сырдария өзенінде орналасқан қала қалай аталды? Отырар
  1. Тауды биік деме сен,
    Талаптансаң, шығарсың.
    Қарсылас мықты деме сен,
    Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ