Тәуелсіз Қазақстаным

0
1129

Қазағымның қайратына жоңғар төтеп бермеген,
Дәл жоңғардай тоқырауды әлі ешкім көрмеген.
Керей менен Жәнібектін біз ұлдары тұрғанда,
Қазағымның жігіттері намыс қолдан бермеген.

Батырлары ерлеген Қазақ жауға атылып,
Қылыштарын сермеді «Абылай» деп тік тұрып.
Жауларында қырып салды ешқайсысын аямай,
Біздің Қазақ тынышталмас жауларын ойрандамай.

Қазағымда басынын ауыр жағдай көп өткен,
Солтүстікте біздің жаққа басын сұғып өрлеген.
КСРО-ның құрамына кіріп кеткен Қазағым,
Барлығына төзе тұра қандай азап көрмеген.

Осыменен басталды да Ұлы Отан соғысы,
Фашисттердің одан баска істейтін жоқ ісі.
Немістің танкілері кірген кезде Ресейге,
Жетіп келді суық хабар кешікпей-ақ тез,лезде.

Қазағымның жігіттері жиналды жолғада,
Қару алды асынып арқаға да,қолға да.
Қазағымның Аналары көз жастарын ағызды,
Алып кетті-ау соғысқа ән салып жүрген сол қызды.

Момышұлы Бауыржан қолбасшымыз табылды,
Сол кісінің ақылымен көп фашисттер атылды.
Алия мен Мәншүктердей сұлу қыздар соғысты,
Майданда еш қорықпай немістермен атысты.

Фашисттердің кеудесінде тұрған қара жүрекке,
Қолдарына қару алып қара оқты қадады,
Аямады немістерді фашизмді құраған,
Ең соңғысы сол фашисттің 45-те қадалды.

Пайдақорлар Қазағымды жан-жағынан басынды,
Мемлекетім тағына Колбин келіп отырды.
Желтоқсаннын сол бір суық, ызғарлы күндерінде,
Жастар шықты ереуілге артта қалмақ немене.

Қайрат ағам бастап еді, Қазақ жастар қолдады,
Патриоттар көп табылды бір алаңды қамдады.
Бірақ жүрек тастан болған бұл сары дәу орыстар,
Қазағымның жастарын еш аямады қамады.

Бұл соғыстың барі болған азаттықтың жолында,
Өз жемісін берді және Отан үшін жан пида.
91-де азат болды Қазағымның аспаны,
29 жыл дамып келеді бар білімді жастары.

Кеше 550 жыл толды Қазак еліне,
Қазақстан еліне қарсы тұрмас ештеңе.
Сұм соғыстың біткеніне міне 75 толды,
Батырларым ерлікпенен тарихымды толтырды.

Біз оларға борыштармыз әлі күнде әрине,
Еш жамандық басқа түспей қолдасын алла халқымды.
Өрлей берсін Қазагым ешқашанда тоқтамай,
Түрлі-түрлі дағдарысқа төтеп берді қиналмай.

Міне 2017 жылы өтті бізде EXPO да,
Жастарымыз туындымен күштерін көп қосуда.
Тауелсіздік елімнің бостандығы,
Тәуелсіздік мұң жаздырган дастан,жыры.

Қайраттардай боздақты еске алайын,
Тәуелсіздік қозғайды жан жарасын.
Елбасы отанымды бастап алға,
Жастарымды қолдады қадамдарға.

Теңдік пен Бірлік бірге ұраным боп,
Жетістікпен өрледік заман алға.
Жастарымыз шетелде білім алды,
Тәуелсіздік қарсаңында озық ілім алды

Отаным тек өрлеп алға қарай,
30 елдің ішінен орын алды.
Елбасы жастарымның тірегі,
Елбасы Қазақстанның жүрегі.

Демократиялық даму жолында,
Қазақстан өсе берсін алға карай.
Қазағымның тарихы толган ертегі-олеңдер,
Ауызша әдебиетпенен келген көпті көлемдер.
Енді осымен олеңімді тоқтатпасам болмайды,
Өйткені Қазақ тарихы өте терең бойлайды!

Дастан Аманқұлов


ПІКІР ҚАЛДЫРУ