Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің тарихы

0
1497

Негізгі сұрақтар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің бағыттары. Басылым жүйелерін ұйымдастыру. Баспа комитетін қалыптастыру (1963). Басылымдарды нығайтуды қалыптастыру.
Материалды-техникалық басылым базаларын нығайту шаралары, және біріктіру
жұмыстары.

Қазақ кітабының алтын қоймасы Қазақстан Республикасының Сирек кездесетін
кітаптар мен қолжазбалар орталығын құрылу кезеңімен ғасырға жуық қызметінен аз
сыр шертер болсақ:

1931 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Мемлекеттік көпшілік кітапхана
құру туралы қаулысы қабылданады. Сол жылдары жазба ескерткіштерді, әсіресе ғасырлар қойнауынан жеткен қолжазбалар мен көне баспа кітаптарды бір жерге
жинақтап, іріктеп оларды болашақ ұрпаққа жеткізудің амалдары қарастырыла бастайды.

Сондықтан кітапханада алдымен «Казахстаника» бөлімі, содан кейін 1938 жылы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі құрылып, жалпы кітап қорынан іріктелген сирек басылымдар осы бөлімнің қорына өткізіле бастайды.

Бөлім ашылған тұста құнды басылымдар саны 10 мың дана болса, 1971 жылы 22,5 мың данаға, ал 1990 жылдары 25 мың данаға жетеді. Жиналған кітап қоры хронология бойынша XII-XXғғ.

Бірінші жартысын, мазмұны жағынан тарих, этнография, география, медицина, математика, философия, мәдениет, тіл ғылымы, сопылық және жалпы діни әдебиеттерді т.б. қамтиды.

1971 жылы А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана арнайы жобамен
салынған, архитектуралық жетістіктері мол, түрлі техникамен жабдықталған жаңа
ғимаратқа көшеді. Кең, жайлы ғимаратқа орналасқан соң жалпы кітапхананың
құрылымы өзгеріп, кадр саны көбейді.  Оқырман саны да еселеп арта түседі.

Мемлекеттік кітапхананың Жарғысы мен Ережелері жаңадан жасалып бекітілді. Кітап сақтау мәселесі төмендегі бағыттар бойынша дами бастайды:

  1. нормативтік – құқықтық құжаттарды реттеп, дамыту жаңа ғимаратта мұрағаттарды сақтаудың режимдерін бақылап отыру;
  2. кітапханадағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
  3. депозитарлық сақтау жүйесін қалыптастыру және дамыту;
  4. «Мұрағаттық қорды» жинақтап, қалыптастыру;
  5. микрофильм жасау жұмысын жақсарту;
  6. дәстүрлі реставрация және түптеу жұмысын алға қою.

Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің ережелерінде бөлімнің негізгі мақсаты сирек басылымдарды жинақтау, есепке алу, сақтау және ғылыми түрде зерттей отырып сипаттама жазу болып белгіленеді. Осыдан барып бөлімнің негізгі міндеттері айқындалады.

Қорды сақтауды ұйымдастыру, қорды сақтау және пайдалануды қамтамасыз ету, жүйелі түрде шаңнан тазарту, басылымдарды дер кезінде түптеу және реставрациялау, өте көп сұралатын кітаптардың фотокөшірмесі мен микрофильмін жасау.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Салалық баспалардың репертуары
  2. Отандық тележурналистика тарихы
  3. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  4. Қазақстандағы кітап шығару индустриясы. Полиграфиялық кәсіпорындар
  5. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  6. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  7. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  8. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ