Салалық баспалардың репертуары

0
961
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақстан баспа саласының құрылу кезеңі 1920 жылдардан басталғаны тарихтан белгілі десек, еліміз тәуелсіздік алған жылдарға дейінгі кезең аралығында, баспалардың түрі көп болған жоқ. 

Баспалардың барлығы мемлекет меншігінде болып, Мәдениет министрліктің тікелей басқаруымен жұмыс істеген баспалардың бір-бірінен айырмашылығы – тақырыптық жүйеленуінде ғана болғаны баспа саласы туралы зерттеулерден белгілі.

Кеңес дәуірі кезеңінде мемлекет тарапынан кітап басылым түрлерін реттеп отыратын баспаның тақырыптық жоспарлары болатын. Ол әрине, баспа саласының шығаратын өнімдерінің ассортиментін, басылым тиражын, оқырман сұранысын қанағаттандыруға бағытталды.

  1. Құжат ұғымы және функциясы. Құжат және ақпарат туралы түсінік
  2. Құжаттардың бірегейленуі мен стандартталуы
  3. Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыру тарихына шолу
  4. Кеңіс дәуіріндегі баспа ісінің даму кезеңдері

Мемлекеттік баспа комитеті (Госкомиздат) саласына қарайтын баспалар өз жоспарларын басқарушы жоғарғы мекеменің ұсынысына орайластырып жасап отырды.Сонымен бірге кеңес кезіндегі кітап репертуарының қалыптасуына әсер еткен шешуші фактор кітап қолжазбаларының цензурадан өтіп отыруы, бірде-бір басылымның «Литоның» рұхсатынсыз шығарылмауы.

Бұл Мәдениет министрлігінде, баспа комитетінде барлық тақырыптық жоспарға енген кітап басылымын қадағалап отыратын бөлім болған. Литода негізгі қаралатын мәселе — автордың кітабы мазмұн мен мағынасы жағынан кеңес үкіметі мен партияның саясатына сәйкес болуға тиіс.

Социалистік қоғам жүйесіне сәйкес баспаларға жоғарғы жақтан алдын ала жоспарлар бекітілді, сонымен бірге баспалар барлық жағынан мемлекет тарапынан қаржыландырылды. Соның арқасында баспалардың жұмысы үнемі жүйелі жүргізілді. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жыл сайын шығарып отыратын «Қазақстан Республикасының баспасөзі: статистикалық жинағына» жүгінсек, кітап басылымының жүйелі түрде дамып отырғанын байқаймыз.

Тағы бір ерекше жағдай, ол кезде баспалардың әрқайсысының тақырып жағынан өзі шығаратын әдебиеттері болды, мемлекет тарапынан тақырыптық жоспарлары бекітілетіндіктен, бір баспа екінші баспаның басылымын қайталауы мүмкін емес болатын. Әркім өз жоспарымен жұмыс жасайтындықтан бәсекелестік те болған жоқ. Баспалардың атауына қарай әр баспаның бағытын білуге болатын.

Мысалы, «Қазақстан» баспасы—қоғамдық-саяси кітаптарды, «Жазушы» баспасы — көркем әдебиет, «Мектеп» баспасы- оқулықтар, «Ғылым» баспасы — ғылыми әдебиетті, «Қайнар» баспасы — ауыл шаруашылығы туралы әдебиетті, «Өнер» баспасы — өнер мен мен мәденит туралы әдебиеттерді, «Жалын» баспасы — балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттерді шығарды. Кітап репертуары осылай қалыптасып, жоспарлы түрде дамып отырды.

Бүгінгі күнде бұл баспалар өз аттарын, тақырыптық бағыттарын жоғалтпағанмен, тақырып таңдауда шектеулер жоқ, кітап нарығында қай басылымға сұраныс басым болса, сол саланы шығара алады. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда 304 баспа және баспа ісімен айналысатын мекеме Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелген екен.

Дереккөз: ҚазҰУ, Ақпараттық кітапхана ісі мамандығының дәрісі

Басқа материалдар: 

  1. Отандық тележурналистика тарихы
  2. Ғұмардың ғұлама ғұмыры
  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  5. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  6. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  7. Ежелгі дәуір әдебиеті
  8. Лиро-эпостық жырлар. Халық ауыз әдебиетінің рухани қазынасы
  9. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ